95
болады. Ғалым Ж. Манкееваның мына пікірі ойымызды толықтыра түскендей:
«
Ұлттың дүниетанымымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен
тұрмыс күйі де әркімнің жеке басының жағдайына байланысты күй емес. Ол –
халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық
негізін – ұлттық санасын қалыптастыратын құбылыс. Оның негізгі бір
сипаты – оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол
ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіледі» [34, 195 б.]. Демек, көркем шығармадағы ұлттық
танымымызды танытушы қазақтың мақал-мәтелдері, тұрақты сөз тіркестері,
көріктеу амалдарының түрлері, сөз оралымдары туындының мазмұнын ұлттық
деңгейге жеткізеді. Жазушы Д.Исабековтің шығармалары да осындай қазақи
танымның негізінде қалыптасқан көркем туындылар. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: