Аккузова айнур абдыжалиловна


кісінескенше,  адам  мен  адам  сөйлескенше»,  «Ашу  алдында,  ақыл  соңында



Pdf көрінісі
бет69/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

кісінескенше,  адам  мен  адам  сөйлескенше»,  «Ашу  алдында,  ақыл  соңында» 
деген  қазақтың  мақал-мәтелдерін  түсіну  оңай  болмайды.  Ұлттық  салт-
дәстүрімізден  хабары  бар  адам  қазақтың  құда,  жегжат,  құдағи,  келін, 
күйеубала,  балдыз,  қайны,  қайынсіңлі,  қайнаға,  қайынапа  сынды  туыс 
атауларын  еш  қиындықсыз  түсінеді.  Себебі  олар  –  санамызға  сіңіп  кеткен 
этномәдени атаулар.  
Көркем шығарма түзуде ұлт мәселесінің негізінде қалыптасатын  ұлттық 
сана, ұлттық таным, ұлттық мәдениет ұғымдарымен қатар қоғам, қоршаған 
орта  туралы  түсініктер  де  негізге  алынуы  –  шарттылық.  Себебі  адам  ең 
алдымен  қоғамның  негізгі  нысаны,  ол  қоршаған  ортамен  байланыс  негізінде 
қоғамда өмір сүреді. Сол себепті адамды қоғамнан тыс қарастыру мүмкін емес. 
Соған  сәйкес  ғылымда  аялық  білім  деген  ұғым  қалыптасқан.  Адамның 
қоршаған  ортасына,  қоғамның  түрлі  жағдайларына  қатысты  білімін  «аялық 
білім» деп атайды. «Тілдік ұжым  мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім 
жүйесі  құрылымдық  тұрғыдан  қоршаған  орта  туралы  білім,  тілдік  білім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет