479
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
алын ған білімдерімен салыстыруға мүмкіндік берді, сөйтіп, әлеуметтік шын-
дықты талдау мүмкіндігімізді айтарлықтай кеңейтті. Маркс қайтыс болғаннан
кейін, бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, біз осы түсініктің салдарынан әлі де
ассимиляцияға түсудеміз.
Феминизмнің басты теориялық мәселелері біздің әлемді қабылдау түсіні-
гімізге революциялық өзгерістер алып келді: біздің әлемді абсолютті және әм-
бебап білім ретінде қабылдауымыз, шындығында, адамдар «шебер» ретінде қо-
ғамның күшті бөлігінің тәжірибесінен алған білімде болып отыр. Егер біз әлемді
бұрын-соңды көрінбеген, «төменнен» еленбеген көзқарас арқылы қайта ашсақ,
бұл білім релятивтеледі: бағынышты, бірақ міндетті түрде «қызмет көрсететін»
рөлдердегі әйелдер – біз өмір сүріп жатқан қоғамды қалпына келтіру және қай-
та құру үшін жұмыс істеді. Бұл жаңалық біз білген қоғам туралы ойымыздың
барлық мәселелерін қамтиды және оның салдары әлеуметтану теориясы үшін
заманауи феминистік теорияның маңыздылығын айқындайды.
Феминистік теория олардың маскулативті ағат пікірі мен гендерлік сая-
сатын көрсетіп, оларды ақпараттандыра отырып, қалыптасқан білім жүйе ле-
рін қайта құрастырады. Білім «деконструкцияланған» деп айту – біздің осы
уақытқа дейін қойылымдық, сингулярлық және табиғи ретіндегі біліміміздің
көрінісі жасырын болғанын дәйектейді, яғни бұл көрініс әлеуметтік, реля-
циялық және күш-қуаттық қойылымдарға негізделген құрылым болып сана-
латынын байқағанымызды айтқанмен бірдей болады. Бірақ феминизм өзінің
теориялық шегінде релятивистік және деконструктивті қысымның пәніне ай-
налды. Бұл қысымның ал ғашқы әрі күштірегі әйелдердің мәртебесін төмен-
детуге қарсы шыққан жетекші феминистерден, постколониялық қоғамдағы
әйелдерден, жұмысшы тап әйелдерінен және лесбияндардан туындайды. Бұл
әйелдер «шеттен ортаға» (Hooks, 1984) шығып сөйлеп, әртүрлі әйелдер бар
екенін және еркектерге берілер білімге қойылған талаптар сияқты унитар-
лы әйелдер туралы феминистердің кез келген гегемондық талаптарына қар-
сы шығатын әйелдердің мүдделеріне бағытталған көптеген білім жүйесі бар
екенін көрсетті. Феминизм ішіндегі екінші деконструктивті қысым постмо-
дернистік әдебиеттердің дамуынан пайда болды, ол гендер мен әлем бастан
кешіретін сана мен тұлғаның тұрақты локусы ретінде жеке «мен» туралы, әр-
тараптанбаған тұжырымдар сипатындағы гендерлік мәселелерді көтереді. Бұл
мәселелердің потенциалды әсері, ең алдымен, феминистік эпистемологиямен
байланысты, оның ақиқат талаптарына сай келетін жүйесі кейін толығырақ
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: