Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет435/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   596
Нәсілге бөлушілік
Адамдар (жеке немесе топтар) табиғатынан нәсілдерге бөлінбейді. Оларды 
қоғам нәсілге бөледі. Оми мен Уинант (2015:111) нәсілге бөлушілікті «қа-
былданған фенотиптік айырмашылықтарға әлеуметтік және символикалық 


631
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
мән беру... процесі» деп анықтап, «осыдан бұрын жіктелмеген қарым-қаты-
нас, әлеуметтік тәжірибе немесе топқа» деген осы терминдерді «таратады». 
Бұл анықтамадан нәсілге бөлушіліктің екі компоненттен тұратынын көреміз. 
Біріншіден, бұл адамның дене бітіміне мән-мағына берілетін процесс.
12
Дина-
микалық процесс ретінде бұл мағына уақыт өте келе өзгереді. Мысалы, XIX 
ғасырда британдықтар ирландтарды ақ нәсілділерге жатпайды деп санады. 
Алайда Ирландияның қоныс аударушылары Америка Құрама Штаттарына 
көшкен кезде, қара құлдар мен байырғы солтүстік америкалықтармен қарым-
қатынаста жаңа әлеуметтік позицияға ие болды. Екіншіден, уақыт өте келе 
нәсілдік категориялар бұрын нәсілге бөлушілікке ұшырамаған субъектілерге 
мағына беру үшін кеңейтіліп отырады. Айырмашылықты анық таудың әдісі 
ретінде нәсіл көптеген әлеуметтік құбылыстарды сипаттау және түсіндіру 
үшін қолданылады. Мысалы, уақыт өте келе сексуалдық нәсіл тұрғысынан 
кодталды.
Осылайша, нәсіл, басқа нәрселерден бұрын, айырмашылықты көрсетудің 
тарихқа тәуелді «үлгісі» (Omi and Winant, 2015:106). Оми мен Уинант осы 
үлгінің дін, ғылым және саяси институттары арқылы дамуын қарастырады. 
Америка Құрама Штаттарында бұл үлгі – еуропалықтар, Солтүстік Америка-
ның байырғы халықтары және африкалық құлдар арасындағы отаршылдық 
процесі барысында пайда болды. Еуропалықтар отаршылдық зорлық-зомбы-
лықты «еуропалықтарды «басқаларға» қарағанда толық құқықты адамдар» 
деп түсіндіретін христиандық нарратив арқылы ақтады (2015:113). Кейінірек 
нәсілдік үстемдік «түрлер мәселесі» деп қарастырылған ғылыми сызбалар 
арқылы расталды (2015:115). Краниометрия (бас сүйегінің өлшемін өлшеу, 
Gould, [1981], 1996) сияқты техникалар қолданған, әлеуметтік дарвинистік 
теориялар нәсілдік айырмашылыққа байланысты топтарды анықтап, сарала-
ды. Бұл нәсілдік жүйелер адамның физикалық қасиеттерін біріктіріп, оларды 
адамның маңызды және түпкілікті ерекшеліктері ретінде қарастырып, «адам-
дарды жинады»
13 
(Omi and Winant, 2015:12).
Нәсілге бөлінушіліктің ғылыми процесі өткеннен қалған сарқыншақ емес. 
Оми мен Уинант нәсіл «айқындаушы биологиялық категория» деген идея-
дан «арылу» қиын деп санайды (2015:117). Ғылыми білім әлеуметтік әсерге 
ұшырамайды дегенмен, нәсілдік идея ғылыми білімді қалыптастыруды жал-
ғастыруда. Мысалы, фармакогеномика саласы жекелеген адамдарға бағыттал-
ған, нақтырақ айтқанда, нақты нәсілдік топтардың мүшелеріне арналған дәрі-
лік препараттарды дамытады (117; see also Fujimura, Duster, and Rajagopalan, 
2008). Мәселе бұл препараттардың дамуы әлі де табысқа жете алмауында ғана 
емес, аталған ғылымның нәсілдің әлеуметтік сипатын дұрыс түсінбеуінде. 
Оми мен Уинанттың айтуынша, нәсіл өзінің ашылу кезеңін күтетін генетика-
лық код ішіндегі эссенция емес, керісінше, бұл – қабылданған саналы айыр-
машылықтарды символикалық санаттарға жүйелейтін әлеуметтік құрылым. 
Нәсіл адамның биологиясында, сонда болуға міндеттелген кезде ғана бола 
алады. Шынында да, бұл нәсілге бөлінушілікті анықтаудың бір компоненті: 
нәсілдік санаттардың жаңа салаларға тарауы. Бұл жағдайда нәсіл генетика 
саласына таралады.
14
Соңында, нәсіл саяси институттар арқылы қалыптасады. Америка Құра-
ма Штаттарына сілтеме жасай отырып, Оми мен Уинант: «Мемлекет нәсілдік 


632
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
классификациялау арқылы адамның әлеуметтік мәртебесін, экономикалық 
мүмкіндіктерін, саяси құқықтарын және шын мәнінде оның жеке бірегейлігін 
анықтайды» (2015:121). АҚШ-тың халық санағы нәсілдердің қалыптасуын-
да маңызды рөл атқарады. Ол 1970 жылдардан бастап нәсілдік санаттардың 
аса ықпалды жиынтығын анықтады: америкалық үндістер, байырғы аляска-
лық, азиялықтар немесе Тынық мұхит аралдары тұрғындары, қара және ақ 
нәсілділер мен испан тілділер (2015:122). Бұл санаттардың дәлдігі мен логи-
калық тұрақтылығы үнемі талас тудырады. Сонымен қатар, Эмирбайер мен 
Десмонд (2009) атап өткендей, бұл санаттар уақыт пен орынға байланысты 
өзгеріп отырады. Санаттардың бұл түрлері және олар көрсететін айырмашы-
лықтардың негізі табиғи немесе тұрақты емес. Дегенмен олар үкіметтің және 
үкіметтік емес саясаткерлердің, сондай-ақ жалпы америкалықтардың нәсіл-
ді қалай түсінетініне ықпал етеді. Ең маңыздысы, олар «нәсіл – әлеуметтік 
айырмашылықтың маңызды өлшемі» деген идеяны қолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет