Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет436/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   596
Нәсілдік жобалар
Осы уақытқа дейін нәсілдің қалыптасу процесі – біртекті процесс ретінде
кеңінен талқыланды. Нәсілдік жобаның тұжырымдамасы нәсілдің қалыпта-
суын нақты әлемге негіз деп түзетеді. Нәсілге бөлінушілік, Оми мен Уинант-
тың па йымы бойынша, нақты «жобалар» ретінде қабылданады. Нәсілдік жо-
балар құрылымдық және мәдени сипатта болады. Олар сондай-ақ әлеуметтік 
ресурс тарды (құрылымды) бөліске салып, нәсілдің мағынасын (мәдениетін) 
анық тайды: «Нәсілдік жоба – бір мезгілде нәсілдік бірегейліктер мен мағына-
ларды түсіндіру, түсінік немесе интерпретация және нақты нәсілдік шеңбер 
айнала сында ресурстарды (экономикалық, саяси, мәдени) ұйымдастыру және 
тарату талпынысы» (2015:125).
Алдыңғы бөлімдерде нәсілдік жобаларға мысал келтірген болатын быз. 
Мысалы, Оми мен Уинант «отаршылдық қазіргі заманғы нәсілдік жобаның 
алғашқы түрі болды» деп атап өткен. Отаршылдық африкалық жұмыс күшін 
пай даланды және байырғы тұрғындардың жерін тартып алды (осылайша, 
отаршыл дықтың нәсілдік жобасы ресурстарды құрылымдық бөлуде маңызды 
рөл атқарды). Ол сондай-ақ бұл әрекеттерді нәсілдік айырмашылықтардың 
иерар хиясына шағымдану арқылы заңдастырды (осылайша, отаршылдық-
тың нәсіл дік жобасы білім жүйесінің құрылуына немесе түсініктер жүйесіне 
тәуелді болды). Сонымен қатар нәсілдік ғылыми теориялар Саид талқылаған 
ориентализмнің бір тармағы ретінде нәсілдік жоба болып дамиды (1978). Нә-
сілдік жобалар үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Олар макроэкономикалық 
деңгейде «нәсілдік саясатты қалыптастыру» арқылы жұмыс істей алады (Omi 
and Winant, 2015:125). Микроәлеуметтік деңгейде «жас [нәсілді] жаяу жүр-
гіншіні «тоқтататын және қалталарын тінтетін» полиция қызметкері (Cop)» 
арқылы жұмыс істей алады (2015:125). Америка тарихындағы ақ супрематист 
(ақ нәсілдің басқа нәсілдерге қарағанда үстем болуына сенетін идеология) 
жобалары сияқты, кейде осы жобалар бір-бірін қолдайды. Кейде бір-бірімен 
шиеленіске түсіп отырады. Мысалы, Black Lives Matter қозғалысы сияқты нә-
сілшілдікке қарсы жобалар нәсілдік жобаларға қарсы тұрады. Жалпы алған-
да, Оми мен Уинант қазіргі қоғамның бейнесіне әртүрлі өлшем, көлем және 


633
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
ниет тұрғысынан кең ауқымды нәсілдік жобалардан тұратын әлем ретінде си-
паттама береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет