Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет443/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   596
Dancing on Our Turtle’s Back («Тасбақамыздың үстіндегі би») атты еңбегін-
де Лианн Симпсон (2011) байырғы халықтар білімі, оның ішінде Нишнаабег 
халықтарының
20
әң гімелері, саясаты мен тәжірибелері бірегей әлеуметтік 
теорияның нақты түрін көрсетеді. Бұл – табиғи әлемнің және басқа адам-
дардың «жасырын тәртіппен»
21 
қалыптасқан «жақсы қарым-қатынасына» ба-
сымдық беретін теория. Уақыт пен орыннан асып түсетін дерексіз идеяларға 
ұмтылудың орнына, Нишнаабег теориясында құбылмалылық пен өзгерістер-
ге баса назар аударылады. Жергілікті жалпылай бағаланады, теорияның қа-
лай қалыптасатыны мазмұнына қарағанда маңызды.
Біздің пікірімізше, Симпсон осы көзқарасты талқылап, Dancing on Our 
Turtle’s Back кітабында мысал келтіреді (L. Simpson, 2011). Ол өзін ғалым бо-
лудан бөлек, тіл үйренуші ретінде таниды. Байырғы халықтың тілін білу жаң-
ғыру үшін маңызды, себебі онда отарлаушы тілдерде табылмайтын өмір сүру 
және қарым-қатынас теориясы бар (мысалы, ағылшын тілі). Бірақ Симпсон 
осы жерде тілдің мазмұнын ғана емес, теорияға қатынасын суреттейтін жаңа 
сөздерді танып-біледі. Мұндай жаңа сөздер кездескенде мұғалімнен неме-
се ақсақалдардан мағынасын сұрайды. Олар сөздің көптеген мағыналарын 
талқылайды.
22
Мұны «сөзді дұрыс қолдану үшін керек» дейді. Анишинаабе 
халқының ғалымы Венди Макунс Джениузден (2009) жаңа сөз үйрену бары-
сын былай сипаттайды: «Бұл тұжырым маған әсер етті; бірақ бұл кісі біздің 
еліміздің солтүстік-батыс бөлігінен келгендіктен, онымен таныс емес едім, 
сондықтан тұжырымдаманы алдымен тіл мұғаліміне, сосын ақсақалға жет-
кіздім. Егер тұжырымдамалардың жергілікті жерде маңызы болмаса, оның 
мән-мағыналы болуы қиындау болатынын түсінгендіктен, осылай істедім. 
Сондай-ақ Мичи Саагиг Нишнаабег адамы ретінде, мен бұл тұжырымда-
маны күнделікті қарым-қатынастар желісінен ғана түсініп, үйрене аламын 
деп ойладым» (L. Simpson, 2011:51–52). Сөздерге нақты анықтамалар жоқ. 
Сол сияқты, біз есте сақтайтын қатаң/қатып қалған теориялар жоқ деп айта 
аламыз. Оның орнына, сөздердің және идеялардың мағынасы оқушылардың 
нақты қауымдастықтарында пайда болады. Осылайша, Симпсон – Ниш-
наабег (Nishnaabeg) философиясына сүйене отырып, білім әрдайым жағдай-
ға тәуелді екеніне баса назар аударады. Оны үнемі мұқият өңдеп, талқылап, 
қолданып отыру керек.
Симпсонның тәсіліне қатысты бірқатар маңызды қосымша түсінік бар. 
Олар дың кейбіреулеріне назар аударамыз. Біріншіден, теориялар хикаяға 
негіз делген. Тарихи хикаялар «біздің қоғамдастықтарда адам өміріне байла-
нысты туып, ауыздан-ауызға көшеді» (L. Simpson, 2011:32). Дайан Миллион 
(2014:35) «хикая – байырғы халықтың теориясы» дей отырып, оқиғалардың 
маңыздылығына баса назар аударады. Әлеуметтану сабақтарында ғана оқы-
тылатын Батыс теориясынан айырмашылығы, Симпсон мен Миллионның 


644
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
теориялары күнделікті өмірге негізделген. Теория осы мағынада «әрқашан 
қолданбалы» (Million, 2014:33). Атап айтқанда, дәстүрлі дүниенің жаралуы 
туралы әңгімелер әлеуметтік өмірге арналған «онтологиялық контексті» қам-
тамасыз етеді (L. Simpson, 2011:51). Олар адамдарды отаршылдыққа дейінгі 
байырғы өмірде басшылық еткен білім нысандарымен байланыстырады. Бұл 
мәлімет бағзыдан бері келе жатқанына қарамастан, олар өткен шақта қалып 
қоймайды, сонымен қатар қазіргі күннің нақты мәселелеріне қызмет етеді. 
Олар «қазіргі заманғы азаматтарымыздың әл-ауқатына қолдау көрсету үшін 
өткеннің мәдени және саяси жетістігін қайта пайдаланады» (51). Әңгімелер-
дің ішіндегі «кодталған» түсінігі – «қарым-қатынас, этика және жауапкерші-
лік өз жаратылысымыздың тарихы» (2011:33) туралы идеялар. Шынында да, 
Симпсон бұл онтология қауымдастыққа негізделгеніне қарамастан, адамдар-
дың тәуелсіздігі мен өзін-өзі тануы Нишнаабег ойының маңызды құрамдас 
бөлігі екеніне назар аударады. Әңгімелер жеке сана мен ойларды көтермелей-
ді: «Менің шындығым басқа біреудің шындығынан ерекшеленеді» және «әр-
түрлілік пен айырмашылық үлкен біртұтастықтың қажетті бөліктері ретінде 
қарастырылады» (59).
Сондай-ақ Симпсон жердің әлеуметтік теориядағы маңызын атап өтеді. 
Бұрын Колтардтың Дене теориясы туралы зерттеуінде жердің өзекті мәселе 
екенін көрдік. Рэйвин Коннелл де (2007) Оңтүстік теорияларда жер ортақ 
тақырып екенін айтады. Симпсон былай дейді: «Нишнаабег ойлары жер-
ден бастау алады, яғни жаратылыстың пайда болуын білдіреді. Нишнаабег 
өздерін табиғатпен үндестікте көруді үйренді» (Simpson, 2011:91), сондық-
тан қоршаған ортаның өзгерісіне назар аударуды талап етеді. Симпсонның 
сөзінше, білім мен шығармашылық – белсенділіктің «[жоғары] дәрежесі» 
(Simpson, 2011:92) немесе «жасырын тәртіп пен қарым-қатынас жасау» қа-
білеті (Simpson, 2011:92) керек. Бұл көптеген әлеуметтану теорияларына 
(кейбір феминистік теориялардың «ешбір жерден шықпаған көзқарас» деп 
аталатын) ғана емес, сондай-ақ тұтынушылық мәдениетті ұйымдастыруға да 
қарсы шығады:
«Заманауи империядағы қоғам – жоқшылық мәдениеті, өйткені тұты-
нушылық мәдениеті өзін сақтап қалу үшін жоқтықты және сонымен 
бірге әлденені қалауды талап етеді. Адам қалауынсыз тұтыну мәдениеті 
бол майды. Мойындау тұрғысынан алғанда, заманауи қоғам бірінші ке-
зек те (кітаптардан, компьютерлерден, өнерден) мән-мағынаны іздейді
сөйтіп, байырғы мәдени процестерге үңіледі».
(Simpson, 2011:93)
Бұл байырғы халықтардың жаңғыруын қолдауға бағытталған балама жол 
әлеуметтік теория ретінде қарастырылғанымен, қазіргі адамдар үшін де ма-
ңызды. Мысалы, тырнақшаға алынған үзіндідегі Симпсонның Нишнаабег 
теориясы тұтынушылық, қоршаған орта философиясы, абстрактілік және қа-
шықтан білім беру жүйелеріне сыни көзқараспен қарауды ұсынады.


645
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
Тарихи тұрғыдан алғанда, нәсіл және отаршылдық теориялары әлеуметтану теориясының 
басты бағыты болмаса да, У.Э.Б. Дюбуа осы тақырыпты алғаш рет көтерді. Нәсілдің және 
отаршылдықтың барлық заманауи теорияшылары нәсілді әлеуметтік құрылым ретінде қа-
растырады және заманауи нәсілдік тәртіп отаршылдықтан туындағанын дәлелдейді.
Отаршылдық пен нәсілшілдік қарым-қатынасын сипаттаған алғашқы теорияшылар-
дың бірі – Франц Фанон. Ол Black Skin, White Masks («Қара нәсіл, ақ бетперде») еңбегінде 
отаршылдықтың субъектілерге психопатологиялық әсерін суреттеді. Ал The Wretched of the 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет