АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Қанат: Айбол? Ана, әлі үйленбей жүрген «көтерем әтеш» пе? Оған не жоқ. Қайыржан



бет18/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Қанат: Айбол? Ана, әлі үйленбей жүрген «көтерем әтеш» пе? Оған не жоқ.
Қайыржан: Сол, сол «көтерем әтеш» тауық іздейтін болыпты.
Қанат: Дәмесінің зорын қара. Катяның Қанат деген жігіті бар деп айтпадың ба?
Қайыржан: Өзің айт. Қарада тұр, ол дәл қазір ауланың сыртынан торауылдап жүрген болар. Келетін уақыты болды.
Қанат: Ей, мұны бұлай қалдыруға болмайды. Егер қазір келсе, бұл жаққа екінші аяқ баспайтындай қылып жіберейік. Оны ақымақ қылу түк емес, әйгілі кеңкелес қой.
Қайыржан: Сонда не істейміз?
Қанат: Былай жасайық. Гүлзат пен кездестіреміз деп аулаға кіргізейік те, итті босатып жіберейік.
Қайыржан: Содан кейін?
Қанат: Мен қақпаның тасасында тұрмын да қасыма келгенде таяқпен ұрып-ұрып аламын. Сен Мойнақты өршелендіріп қой.
Қайыржан: Мойнақ оны талап тастаса қайтеміз.
Қанат: Өлмейді. Ит қапқаннан өлген адамды көрген жоқпын.
Қайыржан: Келістік.
(Қақпа сыртынан Айбол көрінеді. Екеуі алдынан шығады.)
Қанат: Ассалаумағалайкум.
Айбол: Уа‑ға‑лайку‑у‑м.
Қанат: Бөтен қой іздеп жүрсіз бе?
Айбол: Қой іздейтін мені қойшы деп пе едің?
Қайыржан: Тауық іздеп жүрген жоқсыз ба?
Айбол: Бала! Қыз іздеп жүрмін.
Қанат: Ағасы, сіз қыз іздегелі біраз жыл болған-ау шамасы?
Айбол: Сен не білесің. Таңдау керек, таңдау. Маған мына үйдегі жас мұғалім Гүлзат сияқты қыз кезікпей жүр еді. Сыртынан сегіз рет көргеннен кейін ғашық болып қалдым. Үйленер болсаң осындай қызға үйлену керек. Көктен іздегенім ауылдан табылып, күзде үйленетін болдым.
Қанат: Үйленеміз? Уәделесіп қойып па едіңдер?
Айбол: Уәде қайда барады. Бірінші танысып алайын.
Қайыржан: Әлі танысқан жоқсыз ба?
Айбол: Танысайын деп бірнеше рет келдім. Бірақ ағасы қатал, көріп қалса тірі жібермейді. Реті келмей жүр.
Қайыржан: Олай болса мен таныстырайын, құдай қосқан көршісімін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет