АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Қайыржан: Жүріңіз, ақырын, ағасы оянып кетпесін. (Қайыржан Айболды терезенің астына апарып, төрт аяқтап тұрғызып қояды.) Қайыржан



бет20/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қайыржан: Жүріңіз, ақырын, ағасы оянып кетпесін.
(Қайыржан Айболды терезенің астына апарып, төрт аяқтап тұрғызып қояды.)
Қайыржан: Бастаңыз.
Айбол: Мияу, мияу......мияу-мияу... Әй, қашан шығады?
Қайыржан: Дұрыстап, қаттырақ мияулаңыз. Естімей жатыр.
Айбол: Мияу, мияу......мияу-мияу.. Бала, маңайға мысықтар қаптап кетті.
Қайыржан. Сіз ұрғашы мысықтың емес, еркек мысықтың дауысын салыңыз.
Айбол: Еркек мысық болайын ба? (дауысын жуандатып) Мояу-мояу..Мояу‑мояу..
(Осы кеде Гүлзат терезені ашады)
Гүлзат: Брис!
Айбол: (атып тұрып) Сәләматсыз ба қарындас?
Гүлзат: Мама! (Терезені жаба қояды. Қайыржан итті айтақтайды (иттің дауысы). Айбол қашып қақпаға барғанда, бұрыштан Қанат шығады.)
Қанат: (дауысын өзгертіп) Бұл кім ей?! Иттің баласы! Ой, әкеңнің. Мойнақ айт-айт!
(Бетін бүркеп алған Қанат Айболды шыбықпен шықпырта жөнеледі. Кері қарай қашқанда ит арсылдайды. Айбол қашқан бойда қақпадан бірақ секіреді. Қанат пен Қайыржан алысырақ кетіп қалады)
Қайыржан: Айбол байқұс оңбай алданды. Қашан көрсең осылай мазақ болып жүреді. Қатырдық, біреуге айтсаң сене қоймас. Қанат, бірақ мұндайлардың ашуы жаман болады дейді. Сезіп қойып әкемізді танытып жүрмесін.
Қанат: Е, Мойнақ тістеген жері жазылғанша келе қоймас. Келсе келе берсін. Ертең кешке қаладан нағашы ағам келеді. Көптен бері хабарласпаған еді. Әскерде болыпты, десант дейді. Аты Батыр. Десант болса жақсы төбелесетін шығар. Сол келсін, қажет болса соған айтамыз.
Қайыржан: Айболға күлемін деп түнімен ұйқтамайтын шығармын.
Қанат: Не болса, ол болсын. Менің көңілім орнығып қалды. Қой кетейік, таң атып кетер. Қайыржан, Батыр келгенше Айболға көрінбей-ақ қояйық. Кім біледі? Сақтықта қорлық жоқ.
Келесі көрініс. Қайыржанның ауласы.


Қанат: Қайыржан! Қайыржан! Құрыдым, құрыдым!
Қайыржан: Не болды? Айболға ұсталып қалдың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет