АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Еділ: Қорылдағанды қойшы ұйқы сұрайтының бар екен. Мұғалім сезіп қоймасын. Ержан



бет6/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Еділ: Қорылдағанды қойшы ұйқы сұрайтының бар екен. Мұғалім сезіп қоймасын.
Ержан: Мен сендерге не айтып тұрмын! Осыдан мұғалім біліп қойса, мұрындарыңды бет қыламын. Көп сөзді қойып мұғалімдеріңе ие болыңдар. Шкафқа ешкім жоламайтын болсын. Мен кеттім.
Еділ: Жайлы жатып жақсы тұр. (Сыныпқа біртіндеп балалар келе бастайды.)
Қанат: Мен өлетін шығармын.
Қайыржан: Оны қайдан білдің?
Қанат: Өзің ойлашы, қанша уақыт өтті. Гүлзат апайға бір ауыз сөз айта алған жоқпын. Мұғаліміне ғашық болу деген, тарихта болмаған жағдай.
Қайыржан: Жақсы емес пе, тарихта қаласың.
Қанат: Сен ол кісіге Қанат сізге қатты ғашық, ақындарды қинауға болмайды. Әйтпесе арақ ішіп кетеді, обалына қаласыз, бірақ ешкімге айтпаңыз деп айтшы.
Қайыржан: Жарайды, айтайын.
Қанат: Рас айтасың ба?
Қайыржан: Атестат алып алайық, содан кейін айтамын.
Қанат: Одан кейін өзімде айта аламын. Басында жай қызығушылықпа десем, бұл нағыз махаббат болып шықты. Өмірімде бірінші рет. Өйткені оны көрсем дірілдеп ештеңе айта алмаймын. Түсімде де көремін. Қайыржан, мен оған лақап ат қойып алдым.
Қайыржан: Лақап ат? Қалай деп қойдың?
Қанат: «Катя».
Қайыржан: Катя?
Қанат: Солай лақап атпен «Катя» деп атамасам біреу сезіп қояды. Ешкімге айтпа. Айтгүл естісе құримын.
О, Катя, Катя,
Қашан үйлен дейді батя.
Қайыржан: Ақырын апай келе жатыр.
Гүлзат: (келген бойда) Мерқұрманов! Білесіңдер ме балалар, Қанат жалғыз өзі жүз килограмм қағаз өткізді.
Қанат: Керек болса тағы да өткіземін.
Гүлзат: Рахмет. Бірақ сен әкелген жүз килограмм қағазды өзіңе қайтарамын.
Қайыржан: Неге, апай не үшін?
Гүлзат: Себебі, ол әкесінің бүкіл кітапханасын қағаз жинайтын жерге өткізіп жіберіпті.
Қайыржан: Қатырған екен.
Айтгүл: Ақымақ.
Гүлзат: Өткен аптада сынып болып темір жинадық. Біздің сынып бәрінен озып шықты. Бұл Мерқұрмановтың арқасы! Ол, жалғыз өзі бір жарым тоннадан астам темір өткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет