АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Жасболат: Айтайыншы, мен айтайыншы. Директор



бет9/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Жасболат: Айтайыншы, мен айтайыншы.
Директор: Айтсын, айтсын. Мен бұл Ұлановты нашар оқиды деп жүрсем. Мұның өзі сабаққа ынтасы жақсы екен ғой. Айта берсін, тыңдайықшы.
Жасболат: «Арқаның бетбақ деген даласы бар,
Бетбақ шөл ойлы‑қырлы панасы бар...» (сынған орындыққа Гүлзат отырмақ болады) Гүлзат апай, орыныңызға отырмай‑ақ қойыңызшы.
Гүлзат: Неге?
Жасболат: Қасымда тұрмасаңыз сабақ айта алмай қаламын. Кетпеңізші..
«Киікті қазақ және дейді бөкен...» Апай, отырмаңызшы айталалмай қаламын.
Директор: Жарайсың, Жасболат! Сенің мұндай қабілетті екеніңді бұрын қалай білмегенбіз? Әу баста неге осылай оқымадың? Қане, басқа сабақтардан қалай оқып жүр екенсің, журналды көрейінші. (Мұғалімнің столына келеді)
Жасболат: Апай, отырмаңызшы.
Директор: Саған не болды? Мен журналды тексерейін деп жатырмын.
Жасболат: Ертең келіп асықпай отырып тексеріңізші.
Директор: Түсінбедім. Бұл қандай бассыздық, а!? Мынау немене клоун болып кеткен бе? Тұр дедім ғой былай! Ұланов! Мына жерден кетесің бе, жоқ па?
Жасболат: Ойбай‑ай, ойбай. Аяғым, аяғым тартылып қалды. Ауырып барады, ой‑ой!
Гүлзат: Енді қайттік? Қатты ауыра ма?
Жасболат: Иә, жақындамаңыздаршы! Ой‑ой, ауырып барады. Арырақ тұрыңыздаршы.
Директор: Сабыр ет, шыда. Мына орындыққа отыршы.
Жасболат: Жоқ! Отырмаймын. Мұғалімнің орындығына оқушылар отыруға болмайды.
Гүлзат: Ештеңе етпейді отыра бер.
Жасболат: Құдай сақтасын. Сіздер одан да екеуіңіз бірге барып дәрігер шақырып келіңіздерші. Көрмей тұрсыздар ма, қиналып барамын.
Директор: Не болды сонша бажылдап. Жанының тәттісін қарашы. Қазір уқалап беремін.
Жасболат: Не дейсіз? Жо‑жоқ, рахмет. Сіз емес, сіз емес балаңыз уқаласын. Еділ, не қарап отырсың көмектессеңші.
Директор: Балам, то есть Назаров, кел көмектес.
Еділ: Осылай уқалайын ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет