Сабақтың көрнекілігі: Тірек сигналдары, сөзжұмбақ, суреттер, кадаскоп, санамақ таяқшалар.
Сабақтың жүру барысы: Өткен сабақты қортындылап, соған байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Үш топқа тапсырмалар берілді.
А) жақшалы өрнек тақырбына байланысты.
І топ: Теңдік дұрыс болатындай етіп жақша қой: 10-2+6=2 ә) Амал таңбаларын қойып, мәнін тап.
ІІ топ: 8(5 3) = 0
Б) мына сандарды және амал таңбаларын пайдаланып, өрнек құр: мәні 1-ге тең.
ІІІ топ 5 1 3
Жекелей берілген тапсырма түрі мынадай болады: әр
оқушыға сөзжұмбақ тартылады.
Көлденеңінен: 1. 100 жыл
Тігінен: 1. 60 минут. 2. 12 ай.
Осы тапсырмаларды аса зор ықыласпен орындай отыра үй тапсырмасы бекітіледі.
2. Жаңа сабақты өтуге даярлау кезеңі. Үнтаспадан санамақ оқылады.
Бақша Бір балық Бақшаға
Жақсы аға Екі есек Жақсы аға
Көп-көп Үш үйрек Ойыншық әкелді
Ойыншық Төрт түлік Қаншама?
Келді алып Бес бүркіт
Алты арғымақ
Жеті жарқанат
Болма есепке сен шорқақ!
Оқушылар тыңдай отыра, жауабын айтты. Берілген санамақтың жауабы туралы, оқушыны ойлату.
Разрядтық бірліктерге жіктеу керектігін айтып, бірнеше мысалдар келтіріледі:
29; 20 және 9; 30 және 3 ондық.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдындағы талдау жұмыстарының нәтижесі жаңа сабақты меңгеруде өз жемісін береді.
Жазу үлгісі: 23 + 2 = 25 25 – 2 = 23
20+(3 + 2) = 25 20 + (5-2)=23
Мынадай сұрақ қойылады. Басты көңіл аударатын жағдай қандай?
Оқушы жауабы: Бірліктерге бірліктерді қосады.
Бірліктерден бірліктерді азайтады.
Кітаппен жұмыс. 44-бет. №1 түсіндірме мәтінге назар аудару. Оқушы жауабы: Жолақша – ондықтар және шаршы – бірліктің баламасы ретінде беріліп отыр.
№2 Тақтаға орындалады. Кадаспоптан математикалық диктант жазды.
№3. Есеп шарты оқылып, тақыланады. Сұрақ қойып шығару, кері есеп құрады.
Сергіту сәті: Бейне таспадан көк аспан, жылы жаққа бет алған құстар тізбегі, әсем табиғатты бейнеленетін көрініс көрсетіледі.
Негізгі мақсатымыз дара тұлғаны жан-жақты етіп тәрбиелеу болғандықтан, шығармашылық еңбегін де бағалау қажет. Сол кезде бірнеше өлең жолдары туындады. Соның ішінде Ерқасымов Азаматтың шумақтары ерекше ұнады.