ҒҰндар (б з. б. Іііғ. б з.ІV ғ.) Ғұндар-алғашында Орталық Азия



бет1/12
Дата15.12.2023
өлшемі6,44 Mb.
#139789
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ғұндар


ҒҰНДАР
(б.з.б. ІІІғ. -б.з.ІV ғ.)
  • Ғұндар-алғашында Орталық Азия аймағын мекендеп, кейіннен батысқа жылжып, Еуропа аймағына кеңінен танылған түркі тілдес көшпелі халық.
  • Б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған.
  • Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.
  • Б.з.б.ІІІғ.аяғында Ғұн мемлекеті құрылды.
  • Б.з.б. ІІ- б.з.І ғасырлар аралығы Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі.

  •  

Ғұндардың көрші мемлекетермен қатынасы
  • Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды.
  • Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Бұл- адамзат тарихындағы ең керемет, күрделі құрылыстардың бірі.

ДЕРЕКТЕР
  • Қытай деректерінде б.з.б. ІІІ ғ. аяғында ғұн –сюнну , хунну атауы пайда болған.Ғұндардың оңтүстіктегі ең жақын көршісі болған қытайлар оларды ғулар немесе хулар деп те атаған.
  • Ортағасырлық деректерде «ғұндар» деп Еуразияның басқа бөлігіндегі эфталит (ақ ғұндар), қидарат (қара ғұндар), Орта Азия мен Үндістандағы хионит және т.б. мал өсіруші бірлестіктерді атаған.
  • Византиялық және латын деректерінде «ғұн» этнонимі көшпелілердің жалпы атауына айналды және Қаратеңіз жағалауындағы халықтарға қатысты айтылды.Мысалы, аварлар, венгрлер т.б.
  • Еуропалық ғұндарды азиялық хуннулардан айыру үшін 1926 жылы тарихшы К.А.Иностранцев «ғұн» атауын ғылыми айналымға енгізді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет