Аддитивтік – жаңа түстер негізгі түсті қара түспен қосқанда алынатын түстер. Қосылатын түстің интенсивтігі неғұрлым жоғары болса, нәтижелік соғұрлым аққа жақын болады. Барлық негізгі түстерді араластыру таза ақ түс береді, егер олардың интенсивтік мәні максимальды болса, және қара түс береді, егер олардың интенсивтік мәні минимальды (нольге тең) болса. Аддитивтік түстік орталар өзідігінен жарқырайтын болып табылады. Мысалы, монитордағы түс– аддитивті.
Субтрактивті – барлық түстерді алу үшін негізгі түстер ақтан алынып тасталады. Алынатын түстің интенсивтігі неғұрлым көп болса, нәтижелік түстің қараға соғұрлым жақындығы жоғары. Барлық негізгі түстердің араласуы қара түс береді, егер олардың интенсивтік мәні максимальды болса, және ақ түс береді, егер олардың интенсивтік мәні минимальды (нольге тең) болса. Табиғатта субтрактивті орталар шағылыстыратын болып табылады. Қағазда визуальданған барлық бейнелер субтрактивті түстік модельге мысал бола алады.