Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет7/53
Дата02.02.2022
өлшемі14,92 Mb.
#24736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
«Компьютерлік графика» П нін о ыту- дістемелік кешен

Фрактальдық сығу


Фрактальдық кодтау – бұл математикалық процесс, ол шынайы бейнелері бар растрларды бейненің фрактальды қасиеттерін сипаттайтын математикалық мәліметтер жиынтығына кодтау үшін қолданылады. Фрактальды кодтау жасанды және табиғи объектілердің көбі фрактал деп аталатын бірдей қайталанатын суреттер түріндегі арық ақпарат ұстайтынына негізделген.

Бұл кодтау тәсілі көмегімен өңделетін бейне фракталдық код деп аталатын математикалық теңдеулер жүйелеріне келтіріледі. Бұл математикалық теңдеулер сақталады да, бейнені қалпына келтіруге қолданылады. Осылайша мәліметтерді сығу жүзеге асады.

Фактальды кодтау процесі есептеулердің есептеулер көлемін талап етеді. Бейнендегі фракталдық суреттерді іздеу үшін миллиондаған тіпті миллиардтаған итерация қажет болады. Алғашқы растрдың мазмұнына және мүмкіндігіне байланысты бір бейненні сығу процесі бірнеше сағатқы дейін жетуі мүмкін.

Бейне растрларын декодтау - бұл фракталдық кодтар интерпретацияланып растрлық бейнеге айналатын қарапайым процесс.

Fractal Transform кодтау тәсілі неғұрлым танымал. 1986 жылы Майклом Барнсли ұсынған. Бұл шынайы растрлық бейне үшін қолданылған, математикалық сипаттама үшін бірінші алгоритм болды.

Векторлық және фракталдық графика арасындағы айтарлықтай айырмашылық сонда, фракталдық сипаттау шынайы суреттер немесе бейнелерден шығатын болса, векторлық объектілер - өздігінен суреттері болмайтын таза жасанды құрылымдар.

Шынайы растрлық мәліметтерді фракталды кодтарға түрлендіру процесінде 2 үлкен артықшылықтар бар.


  1. Фракталдық бейнелерді артефактар енгізусіз және детальдарды жоғалтусыз масштабтау мүмкіндігі. Фрактальды панорамизациялау процесі растрлық бейненің рұқсатына тәуелді емес. Масштаб компьютердің тек қана бос жады көлемімен шектеледі.

  2. Фрактальды кодтар жазуға қажетті физикалық мәліметтер өлшемі алғашқы растрлық мәліметтердің өлшемінен анағұрлым аз. Фрактальды кодтау көмегімен шынайы бейнені сығу дәрежесі 200:1 дейін.

Фрактальдық сығу – жоғалтулар арқылы сығу, себебі фракталдарды салыстыру процесі олардың дәл сәйкестігін қарастырмайды. Сығу параметрлері негізінде ең жақсы сәйкестік ізделеді. Сығу параметрлері болып кодтау уақыты, бейне сапасы және шығатын файлдың өлшемі табылады (jpeg – тегі сияқты). Кодтау процесін бейне визуальды жоғалтусыз болатындай жағдайға дейін жеткізіп басқаруға болады.

Сығудың жоғары дәрежесі түрлендірулер мен есептеулердің көп мөлщерін орындау арқылы жеткізіледі. Бұл бейненің сапасын төмендетуі мүмкін, бірақ фракталдардың өздерінің табиғатына қарай мұндай бүлінулер адам көзіне онша байқалмайды.

Фрактальдық сығу – ассимметриялық процесс. Сығу ашуға қарағанда 1000 және 10000 есе ұзкқ жүреді. Фрактальдық сығу бейнелердің мәліметтер қорларында пайдаланылады.

Фрактальды сығу процесі әзірге жалпы пайдалануға арналмаған, себебі алгоритмнің өзі де, программалар да өте қымбат тұрады.}




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет