Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет8/53
Дата02.02.2022
өлшемі14,92 Mb.
#24736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
«Компьютерлік графика» П нін о ыту- дістемелік кешен

Бекіту сұрақтары:

          1. Фрактальды және үш өлшемді графика түсініктеріне тоқталыңыз.

          2. Графикалық файлдар форматтары қандай?

          3. Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық жабдықтарын атаңыз.


Дәріс №3. Компьютерлік графикадағы түстер

Жоспар:

  • Түстер түсінігі.

  • Компьютерлік графикадағы аддитивті және субтрактивті түстер.

  • HSB, HSL, RGB, CMYK түстер жүйелері.

  • Индекстелген түстер.

Палитра көмегімен түсті анықтау


Бір пиксельге 1 бит келетін пиксельдік мәліметтер:

  1. Түстер палитрасы индекстер жиыны ретінде

  2. Түстерді анықтау схемасына сәйкес анықталады.

Палитра сол сияқты индекстер картасы, түстер кестесі немесе қайта кодтау кестесі деп те аталады және түстік шамалардың бірөлшемді массивын құрайды. Түстер палитрасы көмегімен олардың массивтегі позициясын көрсету арқылы беріледі. Бұл әдісті пайдаланғанда мәліметтер файлға индекстер тізбегі түрінде жазылады. Палитра қолданылатын растрлық мәліметтер псевдотүсті жазулы растрлық мәліметтер деп аталады. Палитра әдетте бейненің өзі сақталатын файлға енгізіледі. Осылайша, пиксельді шығару құрылғысында бояуға қажетті түстің мәні шығады. Әдетте палитраның әрбір элементі 24 бит орын алады. Әрбір пиксельдік мән палитра индексін қамтиды. Визуальдау программасы файлдан пиксельдік мәнді оқиды да, палитрадан түстің мәнін біледі.

Ғасырдың басынан бері бар болып келе жатқан түстік модельдер 3 түске базаланатын болғандықтан, пиксельдік мәліметтерді сақтау үшін 3 байтты қолдану өте қолайлы.







R

G

B




1

255

255

255

Ақ

2

255

0

0

Қызыл

3

0

255

0

Жасыл

4

0

0

255

Көк

5

255

255

0

Сары

6

0

255

255

Көгілдір

7

255

0

255

Күлгін

8

128

0

0

Күрең қызыл

9

0

128

0

Қою жасыл

10

0

0

128

Қою көк

11

128

128

0

Қыша түсті

12

0

128

128

Қою көгілдір

13

128

0

128

Қою күлгін

14

128

128

128

Сұр

15

255

128

128

Кірпіш түсті


Түстік кеңістіктер


Түсті беру үшін түстік каналдардың интенсивтілігін анықтайтын, бірнеше мәндерді беру керек. Құрамдас түс түстік каналдардың әртүрлі интенсивтігі мәндерінің реттелген жиынымен беріледі. Түс түстік триплет арқылы беріледі. Түстік құраушыларды жалғастыру реті кез-келген, ал түстік құраушыларды пиксельдік мәнде өңдеу және реті жекелеген форматтарда әртүрлі. Бұл еру реті неғұрлым қолайлы, себебі ол спектрдегі электромагниттік жиілікке сәйкес келеді.

Неғұрлым түсті берудің кең тараған түрі модель RGB. RGB моделінде–(0,0,0)-қара, (255,255,255)-ақ.


Палитра типтері


Бірканалды және көпканалды палитраларды ажыратады.

Бірканалды палитра бейненің әрбір элементі үшін бір ғана түстік шаманы қарастырады, және де бұл түстік модель пиксель түсіне көрсетеді (G)-220

Көпканалды палитра 2 немесе одан да көп түстік шамаларды әрбір түстік элемент үшін қарастырады. (RGB)-(215,3,108)

Палитралар пиксельдік, сондай-ақ жазық бағытталған болуы мүмкін.



Пиксельдік – бағытталған палитралар пиксельдердің түстері туралы барлық мәліметтерді массивтың әрбір элементінде биттер тізбегі түрінде сақтайды.

Жазық бағытталған палитрада пиксельдердің түстік құраушылары жазықтықтық бөлінген. Белгілі бір түстік каналға сәйкес келетін шамалар бірге сақталады да, палитра 3 бір каналды палитрадан тұрады, әрбір түстік канал үшін бір-бірден.



Бір каналды пиксельдік – бағытталған палитра бір элементке бір ғана пиксельді ұстайды. Көпканалды пиксельдік – бағытталған палитра да бір элементке бір ғана пиксельді ұстайды, бірақ әрбір пиксель 2 немесе одан да көп түстік каналды ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет