Графика – дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі. Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика. Компьютерлік графикада бейнені жасау және визуальдау ұғымдарын ажыратады. Компьютерлік графикада жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік берілуінен жекеленген болуы мүмкін. Компьютерлік-графиктік процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару болып табылады, яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға шығарылған мәліметтер соңынан қалпына келтіріліп, мәліметтерді графиктік беруге қолданылуы мүмкін. Бейне деп шынайы объектінің адам қандай да бір механикалық, электрондық, фотографиялық процесс көмегімен белгілеген визуальды берілуі аталады. Компьютерлік графикада бейне деп шығару құрылғысы қабылдай алатын объект айтылады.
Интерактивті компьютерлік графика – бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады.
АЖЖ (САПР) машина жасау, электроника сияқты барлық өмірлік салаларда қолданылады. Геоақпараттық жүйелер (ГИС) – компьютерлік графика жүйесінің бір түрі. Олар объектілердің жер бетінде орналасуын есепке ала отырып, енгізу мен редактрлеуді орындайды.
Графиктік формат – бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі. Олар графиктік мәліметтердің тиімді және логикалық ұйымдасуы және файлда сақталуы үшін жасалған. Әрбір қолданбалы программа графиктік мәліметтердің қандай да бір түрлерін жасайды және сақтайды. Қазіргі кезде көптеген программалар аралас форматты қолдайды, ол растрлық, векторлық және текстік мәліметтерді бір-біріне енгізуге мүмкіндік береді.
Графиктік файлдар – бұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар. Бұл файлдарды ұйымдастыру тәсілдері графиктік формат деп аталады. Файл болып жазылғаннан кейін, сурет сурет болмайды, ол мәліметке айналады, сонымен қатар оның форматы да ауысуы мүмкін. Электрондық кестелер және текстік формат графиктік мәләметтер сақтау үшін қолданыла алады, бірақ олар графиктік болып саналмайды.
Графиктік мәліметтерді екі топқа бөледі: 1. Векторлық
2. Растрлық
Достарыңызбен бөлісу: |