Қаңлылардың тарихи және мәдени мұрасы



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі40,95 Kb.
#41293
1   2   3   4
Шаруашылығы
Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындагы құнарлы тау беткейлері, өзендердің анғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. ХорезмдеАрал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын. Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды. Жетіасар алқабында тұракты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын көрсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофото суреттерін ажыратқыш қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Қаңлылардың қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдыктары, бақша дақылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән- сүйектері табылды.
Сауда
Біздің заманымыздағы II — V ғасырлардағы қаңлылар шаруашылығьшың сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, колөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді. Қазіргі уақытга мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі — билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардьщ өзі де әр түрлі сериялы, бірак оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ — Ташкент алқабы. Қаңлы кейіннен енген қаңлылар Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда қаңлылардың бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III - IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда қаңлылардың теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В.М. МассонГрек-Бактрия билеушісі Эвкра- тидтің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасыр деп белгіленеді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің қаңлы тобына жатқызылады. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезм теңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шашбилеушілерінің қаңлы қалыптасып, ол гүлденген кезенде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр39. Сонымен бір мезгілде дерлік қаңлы аумағында қытай теңгелері — У- шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағы Мардан қорымынын қабірлерінен табылды және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферганадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды41. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді. Соңғы кезенде қаңлыларға қушандар мен сасанилердің күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа-1 қорымынан осындай екі теңге табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет