Қалымбек Аян Советұлы


Сағынышымды өлеңменен жеткіздім



бет38/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Сағынышымды өлеңменен жеткіздім...
Жасасаң да талай-талай секіріс,

Көңіліңе орнықтырып бекініс.

Өмірдегі ең қиын сәт Қоштасу

Өртесе де өзегіңді өкініш!

Періште боп! Мүмкін көкте шығарсың?!

Тылсым түрде мендік ойды ұғарсың!

Мүмкін бізді сонау дүние ішінен.

Ылғи келіп бәлкім көріп тұрарсың!


Өмір – теңіз, жүзе келе кемесі.

Туған күнің келіп қапты-ау келесі.

Неге сені қалдырмады бұл өмір?!

Бұйырмапты-ау 17-нің белесі.


Бүгін сені көрсем деймін түсімде,

Сені іздеймін! Сағынғаным үшін бе?!

Сегіз айда бүгілмеген сырларым,

Тау мая боп жатыр менің ішімде!


Осылайша біраз уақыт өткіздім,

Көңіліме біраз мұңды шеккіздім.

Көздеріңе тура қарап тұрғандай,

Сағынышымды өлеңменен жеткіздім!




Жаңабаева Замира -

2001 жылы 25 - наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған.

Ақпараттық жүйелер мамандығының 1-курс студенті.

Қазақ қызы
Намысын таптатпайтын жанға бөтен,

Мен қазақтың қыздарын мақтан етем,

Сол жандарым бірақ та бүгіндері

Қытайға ұзатылып жатқан екен.


Қиын-қыстау заманда бөлінбедің,

Бөлінгенім арыма өлім дедің.

Талай сынақ ескердің, енді келіп,

Түсінбедім нендей жын көрінгенін.


Қазақтың айырбастап нар тұлғасын,

Қу қытайға жем болды-ау алтын басың.

Бөгде жанмен отасып, дегенің бе:

"Ата-анаммен арамыз салқындасын"?


Білем бізде құқық жоқ таласуға,

Қандай қытай қазақпен жарасуда?

Қазағымның жалығып қазысынан,

Қытайдың құртын жеуге барасың ба?

Қазақы қасиетіңмен тұлғаң асыл,

Құдай берген бағыңнан құр қаласың.

Қазақтың аруы деп керегі не?

Қазаққа аяулы жар болмағасын.


Бұл бақытың тұрақсыз қара да тұр,

Күңіреніп қайғыңа дала жатыр.

Қазақы еркіндіктен құтыла алмай,

Қытайға құл болуға бара жатыр.


Бір Құдайым жар болсын тілеуіңе,

Нендей себеп намыстың жүдейуіне?

Қытайға ұзатылған арулардың,

Тым құрыса ой берсін біреуіңе.


Жырға қосып, ойымды жазғам бүгін,

Ақылыңмен іс жасап, қозғал күнім.

Мен де ұялмай бәріне айта аламын,

Қазақ қызы арыңның азғандығын.


Ердім дейсің сезімнің жетегіне,

Айдаһардың жармасып етегіне.

Сонша неге сенімді болдың екен,

Қытаймен бақытты боп кетеріңе?


Жана алмасаң қазақ боп, сөнген артық,

Өз елімде сан қайғы көрген артық.

Онсыз да көп қытайды көбейткенше,

Өз қолыммен асылып өлген артық.


Бөгде жанды бақ санап алқынбағың,

Қазақ десе неліктен салқын жаның?

Құсы қылып қондырған алақаны,

Астыңдағы бағалы алтын тағың.


Сенген сезім біртіндеп суынғасын,

Барған жерден көрерсің қуылғасын.

Таптамауға тырысып бағу керек,

Ата-ананың ары боп туылғасын.


Қазақ қызы ар ғана сақтайтының,

Білші содан артық жүк тақпайтынын.

Ойланбағың, онсыз да белгілі ғой,

Қазақтан артық жігіт таппайтының!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет