Бірінші (дауысты) құрақ Ө – тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қатысына қарай сүйір ерін- дік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді да-
уысты дыбыс.
Екінші (буын) құрақ Л ө – тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай сүйір еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Ө – тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қатысына қарай сүйір ерін- дік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді да-
уысты дыбыс.
Үшінші (дауыссыз) құрақ Ң ө – тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай сүйір еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Сөз құрамындағы құрақтардың үйлесім әуезі біркелкі жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді болғандықтан, сөздің өне бойына тән үйлесім
әуез де жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді болып шығады.
Ілгерінді, жоғарылы, сүйір еріндік/ілгерінді, жоғарылы, доғал еріндік үйлесім әуезді сөздердің жасалым желісі Ілгерінді, жоғарылы, сүйір еріндік/ілгерінді, жоғарылы, доғал еріндік [өсүм] сөзінің құрамындағы құрақтардың жасалым сипаты
(7.23-сурет).
Бірінші (дауысты) құрақ Ө – тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қатысына қарай сүйір еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, сүйір еріндік, ілгерінді дауысты дыбыс.