197
Тасымал талданым:
-
жиын сөзі
жи-ын болып тасымалданып, тасымал жігі екі да-
уыстының арасынан өтіп тұрады ма? Онда
«қазақ сөзінің ішінде екі
дауысты қатар тұрмайды» деген ережені қайда қоямыз? Оның үстіне
«сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?» деп әрі-сәрі боламыз.
-
суық сөзі
су-ық болып тасымалданып, тасымал жігі екі дауыс-
тының арасынан өтіп тұрады ма? Ендеше,
«қазақ сөзінің ішінде екі
дауысты қатар тұрмайды» деген ережені тағы қайталаймыз. Оның
үстіне «сөз соңында тұйық буын неге тұр?» деп әрі-сәрінің үстіне дел-
сал боламыз.
Көріп отырғанымыздай, аттаған сайын сұрақ белгісі алдымыздан
шығып отыр. Бұл – бүгінгі қазақ жазуының күмәнді тұстары көп деген
сөз.
Енді дәлелдемеге көшейін.
Қазақ сөзінің құрамындағы кірме
и, у, я, ю, щ, һ, х таңбаларының
дыбыс мәні жайлы фонетика-фонологиялық тұрғыдан бұған дейін көп
жазылған, сондықтан оған тоқталып жатпаймын. Тек қана дыбыс құра-
мын көрсетіп өтейін:
и
– [ый, ій] у
– [ұу, үу]
я
– [йа, йә] ю
– [йұу, йүу]
щ
Достарыңызбен бөлісу: