192
8. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ЖОБАСЫ
Бүгінгі күні латын әліпбиі жайлы әңгіменің бір толастамай тұрға-
ны кездейсоқ емес. Өйткені біреу ұнатып айтса да, біреу ұнатпай айтса
да латын жазуының (графикасының) жайы өзін толғандырып отырған-
дықтан айтады. Сондықтан ешкімге «мұның қалай» деуден аулақпын.
Қазақ жазуына (баса айтуға тура келеді,
бір әліпби ауыстыру
ғана емес) қажет реформа жайлы өз басым аз жазып, аз айтып жүр-
ген жоқпын. Дегенмен, осы мәселенің басы-қасында жүрген маман
болғандықтан, жазу реформасына тағы да бір оралуға тура келіп отыр.
Бірінші
айтатыным, ерте ме, кеш пе латын жазуына әйтеуір кө-
шетініміз күмәнсыз. Өйткені ол – заман талабы,
әлеми ақпараттық
кеңістікке көштен қалмай енеміз десек, сондай-ақ күнделікті қолға-
нат қондырғыларды (оргтехниканы) еркін пайдаланамыз десек, оның
басқа жолы жоқ. Бүгін біз көшпегенмен, ертең бізден кейінгі ұрпақ қа-
лай да
қалай көшеді, бірақ ол кешеуіл тірлік болады.
Мен саясаткер емеспін, сондықтан мәселенің саяси астарына
соқпаймын, ол жағы, мен айтпай-ақ, әрбір ұлтжанды қазақтың ойында
жүргені анық. Бұл жерде Ресейдің төл жазуынан айырылмай отырға-
нын
алға тартпай-ақ қояйық, оның да бізге белгілі өз сыры бар...
Екінші айтатыным, қадірлі ағайын, қазақ жазуының тағдырын шын
сөз еткіміз келсе, ең алдымен қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыс құра-
мының басын ашып алайықшы... Өйткені көбіміз (тіптен – бәріміз) дәл
осы мәселеге келгенде шорқақпыз. Оған себеп жылдар бойғы «орыстан-
дыру» саясаты болды. Аға ұрпақтың есінде болар, кезінде «бәріміз түгел
орыс тіліне көшсек, коммунизмге тез жетеміз» деп, Кеңес өкіметінің ұр
да жық басшыларының бірі тастаған ұранымыз да болған. Бұл ұранның
астарында «ана тіліңді ұмыт» деген саясат жатқан еді. Ол саясат нәтиже-
сіз де болған жоқ: қазіргі ірілі-ұсақты сібір түркілерінің жайына қарасақ,
көпшілігінің тілі ұмытылып кетуге жақын. Қазақ тілінің де кешегі жайы
бәрімізге белгілі. Мемлекет саясаты мен ғылым-білім саласындағы жап-
пай әрекеттің арқасында ғана тіл тағдыры оң шешімін тауып келеді.
Ең жанға бататыны, орыс тілінің «игі ықпалы» деген сылтаумен,
өткен ғасырдың 50-ші жылдары төл сөздеріміздің жазылу емлесіне
қосылған
и, у тәрізді таңбалар (дыбыс емес) болды. Осы
и/у таңба-
сымен ауызданған қазіргі ұрпақ
«и/у»-лап сөйлеуге көшті. Ал оқулық
пен оқу-құралы біткен осы күнге дейін түгел сол жапсырмадан арыла
193
алмай келеді. Әрине қазіргі кезең бұдан жарты ғасыр бұрынғы әмір-
шіл кезең емес, бүгінгі күн – егемен заманның тұсы. Ендеше, әміршіл
заманға сілтеме жасай беру орынсыз болады.
Егер оқулықтарымыз,
оқу-құралдарымыз, оқу бағдарламаларымыз жөнге түспей жатса, оған
кінәліні алыстан іздемеу керек. Бірінші жағынан, қазақ тілтанымын-
дағы ғылыми зерттелім нәтижелері пайдаға аспай, сол зерттелім қал-
пында қалып жатса, екінші жағынан, оқулық-әдістеме авторлары мен
ұйымдастырушылары тың ғылыми нәтижелерді игеруге ынта білдірмей
жатса, оған келмеске кеткен әміршіл (тоталитарлық) саясат кінәлі емес.
Мектептен (тіптен – балабақшадан) бастап «қазақ тілінде 42 ды-
быс (???) бар» деген тоқпақпен өскен ұрпақтан не сұрайсыз.
Өзгені
былай қойғанда,
Достарыңызбен бөлісу: