Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


тіл мамандары (фонетистер)



Pdf көрінісі
бет127/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   221
тіл мамандары (фонетистер) мен қазақ тілінің 
мұғалім-оқытушыларының өзі осыған ұйып қалған. Сондықтан да 
мен бүгінгі қазақ әліпбиін «қазақ-орыс», тіптен, керісінше, «орыс-қа-
зақ» әліпбиі деп атауға мәжбүрмін. Өйткені бүгінгі әліпби мен емле ере-
же – түгелімен жүйесі (туыстығы) бөлек орыс тілінен келген көшірінді. 
Дәлел керек пе? Онда кез келген оқулықтың бетін ашыңыз немесе кез 
келген қазақ тілі кабинетінің босағасын аттаңыз, «қазақ тілінің өзіне 
тән дыбыстары» деп 7-8 таңбаны ең көрнекі тұсқа бадырайтып бөліп 
қояды. Сонда осы бір санаулы дыбыстан басқа қазақ тілінің өзіне тән 
дыбыстары болмағаны ғой... Басқаша қалай ұғуға болады?
Осыған орай еске түседі. Осыдан бірер жыл бұрын белгілі бір ақы-
нымыз (аты-жөнін атамай-ақ қояйын) орталық орыс гәзетінде бір бетті 
толық алып, ауыл деген бір сөздің төңірегінде қазақ тілтанымы мен 
оның мамандарын қазақ тілінің өзімен қоса, өзінің дағдылы әдетінше 
сөйлеп, орыс аудиториясының алдына жығып сап беріпті. Сондағы 
уәжі үш дауысты дыбысты қатар жазған деген «не сұмдыққа» сая-
ды. Ұмытпасам, қырғыздың айыл, өзбектің ағыл сөздерінің жазылы-
мын мақтап өтеді. Қазақ сөзінің төл дыбыс құрылымын білмеу мен 
маңдайға жазған орыстақы емле ережеден бейхабарлықтың салдары 
ғой. Болмаса, қырғыздың аЙыл сөзі й дауыссызымен, өзбектің аҒыл 
сөзі ғ дауыссызымен, қазақтың аУыл (дұрысы – 
ауұл) сөзі у[w] дауыс-
сызымен (оның жасалым анықтамасы төменде беріледі) бір текті ғой. 
Әттең, орыстың у дауысты таңбасы бәрімізді естен тандырып, дауыс-
сызымызды дауысты етіп елестетіп тұр ғой. Біз бастан кешіп отырған
орыстақы орфографияның «көз елес» азабы бір бұл емес. Кірме таңба-
ны (әріпті) қазақтың дыбысы деп өзеурегендерді, олардың ішінде фо-
нетист-мамандар да бар, әлі көп кездестіретін боламыз. Өз ағайында-


194
рымыздың өзінен қазақтың бар дыбысын жоқ деп, жоқ дыбысын бар 
дейтін уәжді де әлі көп еститін боламыз. Құлаққа сіңген орыс тілінің 
дыбыстарынан, көз үйренген орыс тілінің әліпбиінен, қол жаттыққан 
орыс тілінің әріптерінен арылтып алу оңай болмайды. 
«Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» деп, өзімізді алдаусы-
ратып, жұбатып қоямыз. Сөйтіп шыдам танытып, шыдас беріп келеміз.
Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегей-
лі реформа керек деп жүргенім сондықтан. Реформа бір ғана әліпби 
ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және 
айтылым емле ереже (орфоэпия) – бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тіл-
дерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби (таңба) сол 
дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле
ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөзді қазақы етіп құрап тұра-
тын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар 
шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуы-
на реформа жасаудың алғы шарты және ең төте жолы болып табылады. 
Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тіл бұ-
зар әріптер мен емле ережелер өзінен-өзі түсіп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет