Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


- дыбыстың естілімі (перцепциясы), дыбыстың естілім түйсінімін  анықтайды. Үндесім (сингармонизм) талдау



Pdf көрінісі
бет23/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   221
- дыбыстың естілімі (перцепциясы), дыбыстың естілім түйсінімін 
анықтайды.
Үндесім (сингармонизм) талдау:
- дыбыстардың үндесім жасалымын анықтайды;
- дыбыстардың үндесім айтылымын анықтайды;
- дыбыстардың үндесім естілімін анықтайды.
Үйлесім (ассимилятив) талдау:
- дыбыстардың үйлесім жасалымын анықтайды;
- дыбыстардың үйлесім айтылымын анықтайды;
- дыбыстардың үйлесім естілімін анықтайды.
Тіл дыбыстары 
дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге 
бөлінеді. 
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірінен алшақ 
жатуы арқылы жасалады. Дауысты дыбыстардың басты ерекшеліктері 
мыналар:
- дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының толық тербелімі 
арқылы жасалады (тербелмелі);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге 
ұшырамай шығады;
- дауысты дыбыстар буын құрайды.


35
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысуы не-
месе тоғысуы арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың басты ерек-
шеліктері мыналар:
- дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының толымсыз 
тербелімі (дауыс шымылдығының тербеліссіз, жартылай тербелімі 
және мол тербелімі) арқылы жасалады (тербеліссіз немесе қатаң
тербеліңкі немесе ұяң, тербелімді немесе үнді);
- дауысты дыбыстарды айтқанда ауа ауыз қуысында кедергіге 
ұшырап шығады;
- дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
5.1-сурет. Қазақ тілі дыбыстарының дауыс желбезегінің
қатысына қарай жіктелімі: тербеліссіз (қатаң), тербеліңкі (ұяң), тербелімді
(үнді), тербелмелі (дауысты)
4.1-сурет. Қазақ тілі дыбыстарының дауыс желбезегінің қатысына қарай жіктелімі: 
тербеліссіз (қатаң), тербеліңкі (ұяң), тербелімді (үнді), тербелмелі (дауысты)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет