Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет25/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   221
Ы дыбысы (4.3-сурет)
Ы дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі 
арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс 
болып табылады. 
Ы дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің 
қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. 
Ы дыбысын 


37
айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең 
қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты 
тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – езу, жасалу 
орнына қарай – тіл арты дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл арты дауысты дыбыс.
І дыбысы
І дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі 
арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс 
болып табылады. 
І дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің 
қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. 
І дыбысын 
айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең 
қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты 
тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – езу, жасалу 
орнына қарай – тіл ортасы дыбыс. 
Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс.
5.3-сурет. Ы және І дауысты дыбыстарының жасалым моделі
4.3-сурет. Ы және І дауысты дыбыстарының жасалым моделі
Ұ дыбысы 4.4-сурет)
Ұ дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы 
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып 
табылады. 
Ұ дыбысын айтқанда ерін доғалданып тұрады. Еріннің 
қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. 
Ұ дыбысын 
айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең 
қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты 
тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – ерін, жасалу 
орнына қарай – тіл арты дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл арты дауысты дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет