Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет26/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   221
Ү дыбысы


38
Ү дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы 
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып 
табылады. 
Ү дыбысын айтқанда ерін доғалданып тұрады. Еріннің 
қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. 
Ү дыбысын 
айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең 
қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты 
тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – ерін, жасалу 
орнына қарай – тіл ортасы дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс.
3.4-сурет. Ұ және Ү дауысты дыбыстарының жасалым моделі
4.4-сурет. Ұ және Ү дауысты дыбыстарының жасалым моделі
Құранды (дифтонг) дауысты дыбыстар
О дыбысы (4.5-сурет)
О дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары кө-
терілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты ды-
быс болып табылады. 
О дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп басталып, 
дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс 
болып табылады. 
О дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына 
орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс 
болып табылады. Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына қа-
рай – қысаң, ерін қатысына қарай – ерін, жасалу орнына қарай – тіл 
арты дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл арты дауысты дыбыс.
Ө дыбысы
Ө дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары кө-
терілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты ды-
быс болып табылады. 
Ө дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп басталып, 
дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс 


39
болып табылады. 
Ө дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсы-
на орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты ды-
быс болып табылады. Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына 
қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – ерін, жасалу орнына қарай – тіл 
ортасы дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет