Ы дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі
арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс
болып табылады
//Ү дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары
көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты
дыбыс болып табылады.
Ауыз және көмей жаңғыртқылары өзара қысаң өткел арқылы
байланысады. Ендеше, қысаң өткелді дауыстылар болып табылады.
73
Ы дыбысын айтқанда ерін қысаң қалады. Еріннің қатысына қарай
қысаң ерін дауысты дыбыс болып табылады
//Ү дыбысын айтқанда ерін
доғал дөңгеленеді. Еріннің қатысына қарай доғал еріндік дауысты болып
табылады. Ауыз (қуысы) жаңғыртқы доғал шығысты болып аяқталады.
Жаңғыртқының бітер тұсына қарай ы қысаң ерін және ү доғал ерін
шығысты дауыстылар болып табылады.
Ы дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады.
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып
табылады. Көмей жаңғыртқы ауыз жаңғыртқыдан кіші болады
//Ү
дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің
көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады.
Ауыз жаңғыртқы көмей жаңғыртқыдан кіші болады.
Дауысты
Ы: көмей жаңғыртқы – кіші, ауыз жаңғыртқы – үлкен, //
Дауысты
Ү: ауыз жаңғыртқы – кіші, көмей жаңғыртқы – үлкен.
Жаңғыртқы белгілері:
Ы – қысаң өткелді, қысаң ерін шығысты,
кішілі-үлкенді
// Ү – қысаң өткелді, доғал ерін шығысты, үлкенді-кішілі.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң дауысты дыбыстарының акустикалық көрінісі
олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орналасым
ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң белгісі форманттарының
әртүрлі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім үшін
форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық (әуен,
созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты
Ы дыбысының ҒІ (400-500 Гц) және ҒІІ (1000-1200 Гц)
форманттары (і дауысты дыбысына қарағанда) бір-біріне жақын және
орта жиілікте орналасады. Форманттарының бір-бірімен ұласып,
бірігіп кететін кезі болмайды. Форманттарының бір-біріне жақын
орналасуына қарай жинақы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға
қатысты акустикалық белгісі – жинақы.
Дауысты
Ү дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц)
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады.
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен алшақ
жатады. Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қарай
шашыраңқы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты
акустикалық белгісі – шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный)
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
74
Дауысты ы/ү дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді.
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі
өрнектелген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/
жіңішке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде жоға-
ры аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудитор-
лардың 75 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі езулік/еріндік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустика-
лық көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің жоғары екенін көрсетеді.
Алтыншы кезекте ұ/і жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою
сызықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы
І
Ұ
Ү
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты
рет қайталанады.
Ұ/І дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар
(резонаторлар) моделі жасалды (4.30-сурет).
5.30-сурет. Дауысты ұ және і дыбыстарының жаңғыртқылар жүйесі
4.30-сурет. Дауысты ұ және і дыбыстарының жаңғыртқылар жүйесі
|