68
Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-біріне жуық жатады.
Форманттарының бір-бірінен жуық орналасуына қарай жинақы дауысты
болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустикалық белгісі –
жинақы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный)
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты
ы/ұ дыбыстарының салыстырма
көрнекілігі олардың
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді (4.23-сурет).
5.23-сурет. Дауысты
ы/ұ дыбыстарының форманттарының салыстырма
орналасымы
4.23-сурет. Дауысты
ы/ұ дыбыстарының форманттарының
салыстырма орналасымы
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өр-
нектелген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңішке
жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде нашар
аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудиторлар-
дың 35 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі езулік/еріндік қысаң дауысты дыбыстар үшін акусти-
калық көрсеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықсыз екенін көр-
сетеді.
Төртінші кезекте
і/ү жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы
І
Ұ
Ү
Өрнектен
көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты
рет қайталанады.
69
І/Ү дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық
белгілерінің жаңғыртқылар
(резонаторлар) моделі жасалды (4.24-сурет).
5.24-сурет. Дауысты
і/ү дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
4.24-сурет. Дауысты
і/ү дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: