77
76
рақ жасағаны тарихтан мəлім. Қалай болғанда да, бөрі –
түріктердің төтемдік иесі екені анық.
Сондай-ақ, Түрік қағанаты заманына ілесе туған, бəлкім,
одан да бұрын туып, ХІ ғасырда хатқа түскен «Қорқыт ата
кітабындағы» Төбекөзді өлтіретін Бисат батырды арыстан
емізіп өсірген.
«Оғыз қаған жырындағы» Оғыз өлтірген Қият (Қат) деген
тажал аң – оғыздармен соғысқан ру-тайпалары болуы мүм-
кін деп ойлаймыз. Өмірде баланың аңдар арасында өсуі мүм-
кін болғанымен, одан кейін адамдар ортасына сіңуі мүмкін
емес көрінеді. Жасында аң ортасында өскен бала, қайтып
адам бола алмайды. Ал, көне аңыздардың тамыры тереңде
жатқандықтан, одан адамды табиғатпен бір деп есептейтін
төтемдік түсінікті аңғарамыз.
Қисса-дастандағы аң асыраған бала желісі төтемдік тү-
сінікке өте жақын. Түп төркіні төтемдік аңыздардан алын-
ған болса керек. «Гүлшат-Шеризатта» Шеризатты жолбарыс
(шері), «Мұңлық-Зарлық» дастанындағы кейіпкерлерді киік
асырап өсіреді:
Екеуіне бір киік,
Ана қылып береді.
Ол киікке баланы,
Бала қылып береді,
Құдіреті күшті Құдайым,
Таудан алма жегізіп,
Киікті ана дегізіп,
Киік жүрді үш мезгіл,
Баласындай емізіп
(Ғашық... 1976-206).
Б.д.д. VІ ғасырда билік құрған парсы патшасы Кир жа-
йындағы аңыздарда ол, Геродоттың айтуынша, тастанды ба-
ла екен. Оны ит асырап өсірген. Сондай-ақ, Римнің негізін
салған ағайындылар Ромул мен Ремді де қасқыр емізген.
Ағылшын этнологы Э.Б.Тайлордың айтуынша, бұлар – «Тас-
танды бала» атты мифтер тобының жеке-жеке бөлшектері
(Тайлор Э.Б., 1989-127). Бір ескертетін нəрсе, бұрын «киік»
деп, жалпы аңдарды айтқан (Дүйсенов М., 1986-56).
Достарыңызбен бөлісу: