Байланысты: kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom
«Жақып пайғамбар жəне қыз əкесіне жеті жыл қыз- мет ету». Жақып пайғамбар – йудей, христиан жəне мұсыл-
ман діндеріне ортақ кейіпкер. Ғалымдар оны тарихта болған
адам емес, бір тайпалық топтың персонификациясы (яғни,
сол тайпаның басынан өткен тарихи оқиғаларды бір адам-
ның бейнесіне жинақтап беру) деп бағалайды.
Ежелгі Таурат, Інжіл кітаптарының жазуы бойынша, Жа-
қып ана құрсағында өзінің егізінің сыңары Исамен бəсе-
келесе туады. Егіздердің іште жатып тірескенінің мəнісін
Құдайдан сұрағанда, ол: «Сенің құрсағыңнан екі ел тарай-
ды, үлкені кішісіне бағынады», – дейді (Иванов В.В., 1991-
225). Əуелі Иса, одан соң Жақып туады. Ағасымен арадағы
араздықтан соң, нағашы ағасы Лаванды іздеп Месопота-
мияға кетеді. Жолда түс көреді. Түсінде бір басы – жерде, екін-
ші басы көк тіреген саты көреді. Сатының ұшар басынан пе-
ріште көрініп, болашағын айтады. «Құтты біліктегі» Оғдұр-
мыш та түсінде биік сатыны көріп, сатының басынан бір
кісі оған сусын ұсынады. Оны Оғдұрмыш өмірінің ақырына
көрінген деп жориды. Бұл түсте екі мифтің біріккенін
көреміз:
1) Жоғарыда айтқан Жақып мифінде сатының басынан
періштенің көрінуі, Баласағұнидің сусын ұсынған «белгісіз
біреудің» оқиғасы Жақыпқа қатысты мифпен байланысты
екені аңғарылады.
2) Ежелгі мифтерде өлетін адамға Əзірейіл у береді. («Жұм-
жұмада» Əзірейіл ыдыс əкеледі. Ыдыстың ішінде не бары
анық айтылмайды).
Жақыптың нағашы ағасы Лаванның екі қызы бар еді. Жа-
қып кішісі Рахилді қойларын суаруға айдап келген жерінен
көреді де, ұнатып қалады. Лаван Рахилді алу үшін жеті жыл
қызмет ету керек екенін айтады. Ал Құран сюжетінде:
«Осы арада жеті жыл тұрып қойымды бағасың», – дейді
(Құран хикаялары. 1992-48).
Жеті жыл қызмет еткен Жақыпқа Лаван Рахилді емес, Лия
атты үлкен қызын береді. Рахилді алу үшін тағы жеті жыл
қызмет етеді. Осы арада «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы»
Қодардың Баян үшін əкесіне жеті жыл қызмет етуінің төр-
кіні Жақып пайғамбар мифтерінде екенін көреміз.
Сонымен, Жақыптың екі əйелі Зелфа, Валла деген екі кү-
ңінен жиынтығы он бір ұл жəне бір Дина атты қызы бола-
ды. Иудей дінінде Жақыптың он екі баласынан Израилдың
он екі атасы өсіп-өнеді.
Жақып пен Иса жəне Лаван туралы параллельдер б.д.д.
2 мыңыншы жылдықтардағы сына жазуларында бар көрінеді.