Ғашықтық желісі мен мінсіз əйел бейнесі. Бірінші та-
рауда ежелгі мифтер бойынша Жүсіпті жолдан тайдырмақ-
шы болған Потифар деген Египет уəзірінің жұбайы болғанын
айтқан едік. Ол кейін Жүсіп пен Асенеф желісіне ұласқан
болатын. Осы желілерді дамыта отырып, Потифардың жұба-
йын Зылихаға айналдырып, ғашықтық оқиғасын қоюлан-
дыра түскен Фирдоуси еді. Ол кісінің тектен-текке дастанның
атын «Жүсіп-Зылиха» қоймағаны анық.
Осы ғашықтық желіні дамыта түсуде парсы ақындары-
ның біраз еңбек сіңіргендігін Е.Э.Бертельс айтқан (1935-59).
Жəми, Ансари дастандарында Зылиханың Жүсіпке деген ын-
тықтығын ақтап, дəлелдей көрсету жолында ақындық ізде-
ністер жасалған. Өйткені, өз күйеуі бола тұрып, қол баласына
ғашық болған əйел бейнесі шығыс салтына келіспейтін еді.
Сондықтан, «түс көру арқылы сырттай ғашық болу желісі»
кіргізілді. Таймұс шаһтың қызы Зылиха Жүсіпті түсінде үш
рет көреді. Бірінші көргеннен-ақ ғашық болған Зылиханың
тынышы кетеді:
Зылиха айтты: «Ұйқыда бір түс көрдім,
Түсімде тамашалы бір іс көрдім.
Жаһаннан сипаты асқан сурет көріп,
Зар жылап соның үшін мен хош ұрдым.
Ол сурет көз алдымнан кетпей отыр,
Ұстауға қолым менің жетпей отыр.
Ақыл-күшім, сабырымды түгел алып,
Дүниеге көңілім риза етпей отыр
(Ғашық наме. 1976-394).
Зылиханың бір жыл өткен соң көрген екінші түсінде:
«Сен – мендік, сен – сендікпін, тезірек кел», – деп аян береді:
Байан білің, сен бенің, бен сеніңбен,
Бенден өзге һеч кімсені һеч білмең.
Бенім ғышқым хатрыңдан сен салумаң,
Бенден өзге һеч кімсеге бақмаң емді.
Аудармасы:
Мынаны біл: сен – мендік, мен – сендікпін,
Менен өзге ешкімге көңіл берме.
Мендегі махаббатты естен шығарма,
Менен өзге ешкімге көзің салма.
Жүсіпбекте:
Тыңдасаң: мен – сенікі, сен – менікі,
Тұл маған – басқа жанмен ойын-күлкі.
Аударма көңіліңді ғашықтықтан,
Шығарма қатеріңнен мені ішкі.
Үшінші түсінде Зылиханы Мысырға шақырады. Əли бұл
тұста парсы туындыгерлерінің ырқында кетпей, Жүсіпті
сабырлы етіп көрсетеді. Ол Зылиханы да сабырлы болуға
шақырады, бірақ сезім шырмауына елтіген патша қызы
тездетіп Мысырға асығады.
141
140
Сабыр бірле ішлегіл үшбу іші,
Сабыр бірле ішлəнұр ішлəр башы.
Аудармасы:
Сабырменен істегейсің бұл істі,
Сабырменен басталар істің басы.
«Қисса Жүсіптегі» «сабыр» желісі «Махаббат намада»:
«Махаббатта сабыр керек» дейтін тұжырым түрінде қайта-
ланып, айтылып отырады. Мысырға келген Зылиха түсіндегі
жігіт пен Мысыр билеушісінің бір адам емес екенін көріп,
есінен танып қалады. Көзін ашып күңіне мұңын шағады:
Толун айдек балқыр еді аның йүзі,
Бал-шекерден датлу еді аның сөзі.
Күңі сабыр қылуға шақырады.
Қиссада Жүсіп пен Зылиха барлық жағынан теңдес, мінсіз
бейне болып суреттелген. Зылиханың сұлулығы Жүсіптен бір
кем емес:
Зылиха кісі еді сол кісінің,
Дүниеде адамзаттан артық көркі.
Сипаты бейіштегі хор мысалы,
Балқиды толған айдай нұрлы жүзі.
Зылиха əкесі дегенде, Жүсіптің Жақыпты жақсы көр-
геніндей, жаны бөлек:
Жүсіпті қандай жақсы көрсе Жақып,
Зылиха атасына ол да сондай.
Зылиха Мысырға əкеліп сатылған Жүсіпті өзіне алып,
жүзін көрген соң, ғашықтығы бұрынғыдан да арта түседі.
Əли: «Мүшкіл халға түседі ол осыдан соң, бір сағатқа
көрмесе Жүсіп жүзін», – дейді. Сүт анасының ақылымен
əдемі сарай салдырып, Жүсіпті соған шақырып, өз көңілін
білдіреді. Бұл жерде де Зылиха мен Жүсіп бейнесіндегі
қатар жарыстырмаларды көреміз. Жүсіп те ағаларының жа-
саған жамандығын есіне түсіру үшін, оларды өз басынан
өткен оқиғалардың суреті салынған сарайға əкеліп, тəубасы-
на келтіретін.
Бұрынғы қиссаларда (Фирдоуси, Ансари) Зылиха сара-
йында эротикалық мағынасы бар суреттер салынғандығы ай-
тылады екен. Əли оның орнына түрік жұртының ахылығына
сəйкес, інжу-маржан, жақұтпен безендірілген алтын тұлпар-
дың суреті салынғанын жазған. Бұл сарай жігіттің желігін
қоздырып, жан дүниесін қозғау үшін салынған еді.
Зылиханың эротикалық сарайын Жүсіпбек те жалпы əде-
мілігі тұрғысынан ғана сипаттап өткен. Сарай салуды ұсыныс
етуші күңінің аузымен сипатталады (Жүсіпбек оны даяшы
деп жазған). «Саған арнап жасаттым мұны өзім, сарайдың
өрнектері саған ұқсар», – деген емеурін ғана танытады.
Зылиха – мұсылман əдебиеті арқылы қосылған бейне.
Жүсіптің кемел қасиеттерін, пайғамбарлығын аша түсу
үшін алынған. Сөйте тұра қиссаларда өзінің мақсатына жету
үшін күресуші кейіпкер ретінде елеулі тұлғаға айналып,
Жүсіп сюжетіне өзіндік өзек болып тартылған. Сүйгеніне
деген адалдық, үміт отын сөндірмей, Жүсіптің жолын 40
жыл тосқан Зылиха, ақыры, дегеніне жетеді («Алпамыста»
– Гүлбаршын, «Ер Төстікте» – Кенжекей де Зылихамен та-
мырлас кейіпкерлер).
Парсы поэтикалық нұсқаларында Жүсіп көп əскермен келе
жатып, жолда отырған Зылиханы таныған соң, сарайға алып
баруға бұйырады. Осы кезде баласымен қауышқан Жақып
143
142
ырзалығын беріп, Жүсіп-Зылихамен қосылады. Ал, Əлиде:
Жүсіп 800 мың əскермен келе жатқанда Зылиханы көреді:
Ошалдын таз башын Иүсүф тартды,
Қашынпа келді йəне ахуал сұрап.
Не кіші сен, не хажетің уардүр деді,
Айт беңа рауа қылсам дейүр емді.
Зылиха айдүр: «Ешіт, уа, шаһы жаһан,
Халым зағиф, көзүм кермез, білгіл байан».
Аудармасы:
Сол жерде аттың басын Жүсіп тартты,
Қасына келді жəне халін сұрап:
«Нендей кісісің, не қажетің бар?
Айт маған, көмектесем», – деді енді.
Зылиха айтты: «Тыңдаңыз, жиһан шаһы,
Халім қиын, көзім көрмес, айтсам баян».
Жүсіпбек оны қазақ ұғымына əдемілеп жеткізеді:
Зылиха зағип болды, көзі көрмес,
Тағам, киім алмаққа халі келмес.
Сонда да көп ойлайды сүйген жарын,
Бірақ ол ғаріптігін Жүсіп білмес.
Осылай ғашықтықпен отыратын,
Өзі кəрі, көзі жоқ соқыр қатын.
Күндіз-түні жатады бұл үңгірде,
Үміт етіп Жүсіптің махаббатын.
Енді Жүсіпке Зылиханың 42 жыл күткеніне дəлел керек
болады. Дəлел дастанда өте əсірелеу арқылы көрсетіледі.
Жүсіптің қолындағы қамшысын сұрап алған Зылиха «аһ»
дегенде, іштегі жалынымен қамшының сабы ериді. Сол кезде
Жəбірейілден Жүсіптің құлағына уəһи келді:
Есітті Жəбірейілден мұны Жүсіп.
Сөз айтып, Зылихаға мейірі түсіп.
Алатынын есіттіріп Зылихаға,
Үйіне кетті қайтып жолға түсіп.
Дастанның соңы «Қорқыт ата кітабындағы» «Тоқа Қо-
жаұлы Темрұл» оқиғасына ұқсайды. Онда Темірұл үшін əке-
шешесі жанын бермей қойғанда, жұбайы: «Сенен қалған
төсекке жатар болсам, ол мені сары жылан болып шақсын»,
– дейді. Темірұлға деген жұбайының адалдығына риза бол-
ған Алла Тағала екеуіне 140 жыл өмір береді. «Қисса Жү-
сіпте» Зылиханың Жүсіпті 40 жыл адалдықпен күткені үшін
Алла Тағала оны қайтадан жасартады:
Ұлұғ сағат Жəбірейіл хазір келді,
Қанаділе сифады, дұға қылды.
Зылиханың көзі нұры йікіт олды,
Беңзі нұры толұн айтек балқыр емді.
Аудармасы:
Сол сағатта Жəбірейіл жетіп келді,
Қанатымен сипады, дұға қылды.
Зылиханың көз нұры жасарады,
Жүзі нұры толған айдай балқыр енді.
Содан Зылиха Жүсіпке қосылып, он екі ұлды болады (бұл
жерде он екі – қасиетті сан ретінде алынған). Ал, мифте,
сондай-ақ, кейбір ақындарда Жүсіптің екі ұлы – Фарахим
мен Минша, Тауратта – Ефрем мен Манассия болғандығы
туралы айтылған. Жалпы, шығыс дастандары Жүсіптің Зы-
лихадан бұрынғы күңінен туған екі ұлы барын айтса, түрік
əдебиетінде: Əлиде, Рабғузиде, Жүсіпбекте Зылиха Жүсіп-
тің жалғыз некелі əйелі ретінде көрінеді. Себебі, Жүсіптің өз
145
144
басы төрт шешеден туған балалардың арасындағы қақтығыс
құрбаны болды. Туындыгерлер осы оқиғаның қайталанбауын
тілейді. Түрік əдебиетіндегі моногамия желісі Əлиден кө-
рінеді. Оның оғыз əдебиетінде де бар екендігі туралы Х.Ко-
роглы айтқан болатын (1976-42). Əли Низамидің замандасы
ретінде, оның «Хұсрау-Шырын», «Лəйлі-Мəжнүн» дастанда-
рын білгені анық, Низамиде де моногамия мəселесі көте-
рілген болатын (Бертельс Е.Э., 1956-121). Əли қиссасындағы
ғашықтық желісін одан кейінгі дəуірлерде Жəми, Науаи,
Дүрбек жалғастырған. Қазақ дастандарында үрдіс болған.
«Қисса Жүсіп» оқиғасы жақсы ниетте, адамшылық перне-
сін басқан, мажорлық нотада аяқталады. Жүсіп ағаларының
өзіне жасаған залалдығын кешіреді:
Амандасып отырды күліп-ойнап,
Ағалары ұялды ісін ойлап.
Мен кештім, ұялмаңдар дегеннен соң,
Қуанып кетті бəрі уа, Құдайлап.
Қырық жыл үзбей күткен Зылиха мұратына жетеді. Ел-
жұртымен қосылып, бақытты өмір сүреді.
Зылиха бейнесі кейінгі дəуірлердегі əдебиетте дарала-
нып, ғашықтық дастандардың негізгі кейіпкеріне айналды.
Мінсіз əйел бейнесін жасау дəстүрге айналады.
Əли мен Жүсіпбек қиссаларын салыстыра оқи отырып,
екеуінің арасында оқиғалық айырмашылық жоқ екенін көре-
міз. Тіпті жолма-жол ұқсастықтары аңғарылады. Осыдан
Жүсіпбек «Жүсіп-Зылиханы» Əли нұсқасын пайдалана оты-
рып жазды деген қорытындыға келеміз. Ол Қазан баспасы-
нан оқып пайдаланса керек.
Əлидің «Қисса Жүсібінің» қазақ əдебиетіне қаншалықты
жақын екенін мына өлең жолдарының Мағауияның (1869-
1904) «Медғат-Қасымымен» ұқсастығын аңғартса керек:
Бір хаши құл уар еді Қылыш атлу,
Құлларының жұмласындан ол һайбатлу.
Қара йүзлу, йаулық қатты, сиясатлу,
Аудармасы:
Бір қара құл бар еді Қылыш атты,
Құлдардың бəрінен де ол айбатты.
Қара жүзді, жаулығы қатты, саясатты.
Енді «Медғат-Қасымдағы» Қасым бейнесін салыстырып
қарайық:
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні, зəңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тəкаппар, тəуекелшіл, бек қайратты.
ХІІ-ХІV ғасырдағы түрік əдебиетінде Оянушылық идея-
сы алғаш көтерілген шығарма – Əлидің «Қисса Жүсібі» деу-
ге болады. Ондағы түрік Оянушылығының көріністерін Жа-
қып бейнесінің Қорқытқа ұқсауынан аңғарар едік:
Жақып саучы салам қылды хабар сұрды,
Феріштелер Жақуба һəм жауаб берді.
Мəуланың бір досына ажал ерді,
Аның үчүн көр қазармыз дейүрлар емді.
Аудармасы:
Жақып пайғамбар сəлем берді, жай сұрасты,
Періштелер Жақыпқа жəне жауап берді:
«Алланың бір досына ажал ерді,
Сол үшін көр қазамыз», – дейді енді.
147
146
Бұл айтылған ойлардың «Қорқыт көрімен» сабақтасты-
ғына күмəн келтіре алмасақ керек. Сондай-ақ, «Қорқыт
ата кітабындағы» Бамсы Байрақтың жейдесін қанға бояп,
Байындыр ханға көрсететін тұсы «Жақыпқа Жүсіптің көй-
легін əкеліп көрсету» желісіне ұқсас.
Жоғарыдағы үзіндіде «Алланың досы» деген тіркеске
назар аударуға тұрарлық. Пайғамбарды «Алланың досы» де-
ген түрік сөзімен баламалау – Əли тұсында кездесе қойма-
ған əдеби дəстүр, оны сол кездегі жазба əдебиетте «Жақып
нəби» немесе «Жақып ғалейһи-с-салам», «Жақып саучы»
дер еді. Бұдан Əли қиссасының түріктік рухта жазылғанды-
ғы көрінеді. Тағы да бір сөз – «бұғау». Ол Əли өмір сүрген
əдебиетте барлық жерде «зынжыр» деп беріледі. Оны Əли
түрік сөзінің баламасымен:
Бенлар айдыр, йа мəлік, беңа инан,
Бұ құлұсын дүтмағыл һəр кез кəмəн.
Бағ бұғауны шөшмегіл аяғынан,
Аудармасы:
Олар айтты: Иа, мəлік, бізге илан,
Бұл құлға еш уақыт сенім артпа.
Кісен – бұғауын шешпеңіз аяғынан.
Бұл Жүсіптің ағаларының Мəлік Дұғарға құлдыққа Жү-
сіпті сатып тұрып айқаны.
Сондай-ақ, Жүсіпке анасы моладан дауыс қылып: «Жа-
ным, ұлым», – дейді. Бұл орта ғасыр ескерткіштерінде Əли-
ден басқа туындыгерлерде кездесе бермейтін түрік эпитеті:
«Жаным, ұғұл, бұ жафаны неден білдің?» – «Жаным, ұлым,
бұл қорлықты неден таптың?», – дейді.
«Қисса Жүсіпте» түрік əдебиетінің дəстүрін мұрат тұт-
қанының тағы бір көрінісі: Жақып пайғамбар өлгенде оның
жаны құс боп ұшады:
Шəриф тəндін айұрылды ғазиз жаны,
Құша беңзаб ұжмах геба учар емді.
Аудармасы:
Бекзат тəннен айырылды ғазиз жаны,
Құсқа ұқсап жұмаққа (қарай) ұшар енді.
Бұл «кеудемнен көк кептерім қош деп ұшты» (Кемпір-
бай) немесе Төлеу Көбдіковтың:
Айырылып өз бетімнен жан кеткенде,
Құр дене топырақ боп қалады да, –
деген жолдарымен үндес екені өз-өзінен көрінеді.
Жанды құс бейнесінде суреттеуді «Жұмжұма сұлтан-
нан» да оқимыз:
«Ей, бас, мұнша жүріп, мұнша жатасың,
Жəне сенен мұншалық істер өтеді.
Содан соң жанның құсы сенен ұшады»
(Ежелгі... 1992-265).
«Құтты білікте» Одғұрмыш түс көреді:
Саты көрдім, тіп-тік əрі тым тайғақ,
Тұп-тура елу баспалдағын тұр сайлап.
Бір-бір басып көтерілдім сатылап,
Санап шықтым баспалдағын бақылап.
Бір атты адам су ұсынды басында,
Қанғанымша іштім, шөлім басылды.
Сол сəт биік көкке ұшып самғадым,
Сіңіп ізсіз-түзсіз кеттім қалмадым.
149
148
Оны өзі жорып:
Шыбын жаным көкіректен тысқары,
Енді жерге келместей боп ұшқаны! – дейді.
Бұдан Баласағұнидың да жаны ұшатын нəрсе ретінде
түсінгендігі байқалады. Орта ғасырдағы түрік əдебиетінен
жалғасқан «жанның құсы» эпитеті Абайда: «Көңіл құсы
құйқылжыр шартарапқа» болып жалғасады.
Əли Зылиханың іс-əрекетіне түріктік кейіптер береді. Ол
кейде Кенжекейге ұқсап кетеді. Перінің қызы Бекторының
айласын сезіп, Сорқұдықтың басына қонғысы келмесе де,
елден бұрын үйін тігіп жіберіп, атасын қонақ қылатын жері
Əли дастанында да бар екен. Ал, Жүсіпбекте ол жері қысқа-
рып қалған.
Зылиха дереу үй əзірлеп, атасы Жақыпты шақырып, кү-
теді. Туған жері Ханаандағы үйіне ұқсатып жасалғанына
таңданған Жақыпқа: «Ол үйдің жай-жапсарын Жүсіптен сұ-
рап алдым», – дейді.
Зылиха бір кічік сарай хазір қылды,
Дарлу нығмат артына хазір қылды.
Иағқубы аңдады, келді, көрді:
– Бұны біле нечүк қылдың, – дейүр емді.
Үшбу лайық хош үйі дүзмүшсін,
Бенім көңүлүм дедікче айламашсын.
Қанғандағы бізім үгə бəнгəз етмішсін.
Зылиха айдүр: «Иүсүфдін сүрдім емді».
Аудармасы:
Зылиха бір кіші сарай əзір қылды,
Ас-тағамын тағы да əзір қылды.
Жақып байқап, келді, көрді:
– Мұны не үшін істедің, – деді.
Маған лайық үй жасапсың,
Менің көңілімдегіні тауыпсың.
Ханаандағы біздің үйге ұқсатыпсың.
Зылиха айтты: «Жүсіптен сұрадым», – деді.
Дастанда Зылиханың бұл əрекеттері белгілі ертегі ке-
йіпкерімен бір шығып отырады. Ибалы, əдепті, ата-ене
сыйлаған келін болып көрінеді.
Қорыта айтқанда, Əлидің қиссасы ХІІІ ғасыр түріктерінің
қарапайым тілінде жазылған. Оқығанда бүгінгі қазақ тіліне
тым жақын екені аңғарылады. Ешбір аудармасыз-ақ түсінікті
болады. Осының өзінен түрік Оянушылығының белгісін
көреміз.
«Жұмжұма» – о дүние, адамның екінші өмірі туралы
ежелгі мифтер негізінде жазылған шығарма. Қыжыра жыл
санауымен 770 жылдары, ал жаңаша жыл қайыруы бойын-
ша, 1370 жылдары жазылған. Туындыгері Хұсам Кəтиб жө-
нінде мағлұмат жоқ.
Дастанда тірлігінде күнəға батқан адамның о дүниеде азап
тартқандығы туралы айтылады. Осы тақырыптағы əңгіме-
аңыздар бұрын да күншығыс-батыс елдеріндегі бірнеше
ақындардың шығармаларына негіз болған еді. Иранның
атақты ақыны Фарид-ад-дин Аттар (1119 ж. туған), Италия
Оянушылығының алыбы Данте (1265-1321) осы тақырыпта
«Құдыретті комедия» жазған.
Хұсам Кəтиб «Жұмжұмада» жалпы адамшылық, иман-
дылық, ізгі қасиеттерді үлгі етіп, жамандықтан аулақ болу-
ға үндеуді мақсат еткен.
Дастанның қолжазбалары Санкт-Петербургте, Қазанда
сақталған. Бір нұсқасын 1881 жылы қазақтың қиссашы ақы-
151
150
ны Мəулікей Жұмашұлы бастырып шығарған. Қазақ ара-
сында «Жұмжұма сұлтан» деген атпен тараған. Кейінгі жыл-
дары дастанның толық аудармасы жасалып, «Ежелгі дəуір-
дегі қазақ əдебиеті» атты хрестоматияда жарияланды (1992),
сөйтіп, кеңестік дəуірде арнайы əңгіме болмай, діни шы-
ғарма деп оқытылмай келген, қазақ əдебиетінің терең
тамырында жатқан көне ескерткіш жарыққа шықты. Сондай-
ақ, татар ғалымы Хатип Госман дастанның алты көшірмесін
өзара салыстыра отырып, бір мəтін құрастырып шығарған
(Қазан. 1970). Біз «Борынгы торки əм татар əдəбиятының
чыганаклары» (Қазан. 1981) атты кітапта жарияланған мəтіні
бойынша аударып шықтық.
«Жұмжұмада»: Иса пайғамбар Шам елінде жүріп, бір күні
судың жағасына келіп демалады. Тас үстінде жатқан адам-
ның қураған бас сүйегін көріп, бұл адам тірлігінде кім бол-
ған екен, соны білуге құмарланды. Алла Тағаладан: «О,
құдіретің күшті, өзіңнен тілегенім, мына бастың ахуалын өз
аузынан тыңдайтын қыл», – дейді. Алланың құдіретімен бас
өз оқиғасын баяндап береді:
«Мен бір ұлық Мəлік едім (билеуші А.Қ.). Атым Жұмжұ-
ма сұлтан еді. Даңқым ғаламға жайылған. Тұратын сарайым-
ды сырттан көргендер: «Əйбат!» – дер еді. Төбесіне шыққан-
дар басы бұлтқа тимес үшін, жүгінер еді. Қырық мың уəзірім
бар еді, əрқайсысы арыстан ұстап мінгендер еді. Он мың
құлым, он мың ай мен күндей əйелдерім бар еді. Сұлулар-
дың ішіндегі айы еді. Бəрі де мені құшуға зар еді.
Жəне бір жақсы əдетім: мүскін, ғарыптардың алдына ас
тартып, астына ат мінгізіп жіберер едім.
Мың түйе, мың ат, мың сиыр, он мың қой,
Өзге тамақ, құс есті, құрт – оларды айтпай-ақ қой
Кесе-шанақтар қымызға толар еді,
Небір шаһтар менің алдымда мат болар еді
(Үзінділер «Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті» хрестома-
тиясынан алынып отыр).
Бір күні тахтымда қош көңілмен, кəнизактарымның қа-
бында отыр едім, қызметші келіп, бір мүскіннің қайыр тілеп
келіп тұрғанын айтты. Мен: «Ей, ақымақ, осы қайыр тілейтін
уақыт па? Сенің де, өзгенің де өзіне арналған уақыты!» – де-
дім. Əлгі мүскіннің көңілі жығылып кетті. Қатты өкіндім.
Өз-өзіме келген соң, көңіл кірімді жумақшы болып, мон-
шаға барып төбемнен бір бақыр су құйып едім, сол мезгіл
көзім қарайып, құлап түстім. Ешбір ем қонбады. Екі қанаты
Күншығыс пен Күнбатысты бірдей тұтқан Əзірейіл келді.
Бір қолында сүңгі, бір қолында ыдыс. Көкірегіме сүңгісін
қадап, ыдыстан ажал суын ішкізді. «Біраздан соң қауым-
бауырларыңды көресің», – деді. Сол замат жаным шығып
кетті.
Содан көзімді ашсам, бір бөлек бөзге оранып, тозаң-
топыраққа былғанып жатыр екенмін. Аһ ұрдым:
Аһ ұрдым мен, кəне тағым, дəулетім,
Кəне сансыз жауһар, алтын ақшалар?
Ойламаңдар енді көмегі тиер деп.
Сол кезде екі айбатты періште кірді. Кебінімнің бір шетін
жыртып алды, қылған істерімді соған жазды, мойныма асты.
Содан соң екі көр жолдас келді, күрзімен ұрды, жеті тамұққа
дейін жеткізді. Жетпіс аршын шылбырмен ұрып, тілімнің
ұшынан тартып, созып, мойныма салды.
Жəһаннамда бір қауым елді көрдім. Басы төмен, аяғы
үстінде. Олар мұрнын көтеріп: «Мен, мен!» – деп жүреді.
153
152
Тірлігінде менмен болғандар екен. Жəне бір қауым елдің тілі
жоқ, олар қисық үкім жүргізген əкімдер екен.
Енді бір қауым елдің кеудесіне, көзіне шыжғырып,
алтын ақшаны басып жатыр. Олар – малынан хақ үлесін
шығармағандар. Тағы бір қауым ел жалаңаш, басында тəж.
Тəндеріне жетпіс алуан жара шығыпты. Олар қайырымсыз
елбасылар екен.
Содан бір табытқа кіргізді. Онда тірісінде сұлтан болған-
дар отыр екен. Төрт бұрышында – жылан мен шаян, тістеп,
жаншып, азаптайды.
Иса пайғамбар Жұмжұмадан: «Енді не тілегің бар?», – деп
сұрайды. Сонда Жұмжұма: «Енді мына өмір қайта айналып,
бір келсе, өткеніме өкініп, ғибадат қылар едім», – дейді.
Алланың құдіретімен Жұмжұма қайта тірілді. Құлдық ұр-
ды. Туындыгер Хұсам Кəтиб соңын ғибрат өлеңмен бітірген:
Ізгілікпен жауыздықты тазала,
Мұнша патшалар бұл жаһанға келді,
Көрдіңдер ме, аяғында не болды!
Таппады олар дүниенің мұратын,
Тапса қалар еді ғой ізгі аты.
Тəңір берген ризықтың шүкірін қыл,
Күн сайын Алланы есіңе ал!
«Адам өмірі өлгеннен соң да жалғасады» деген миф, адам-
зат өмірі қандай көне болса, ол да соншалық көне, тылсым
дүниемен тамырласып жатады. Қазақтар «Шыбын жан бір-ақ
түтін бу секілді» деп (Əсет), жан кеудеден ұшып шыққан соң,
екінші өмір кешеді деп түсінген.
Жер бетіндегі жақсы тұрмыстың адам қиялындағы о
дүниелік кемел елесі – жұмақ. Əр халық оны өз ортасы мен
өмір-тіршілігіне қарай елестетеді. Бір қызығы, о дүние тура-
лы адам əуелі тек рахат өмірді айтқан. Ал, екінші жағы: о
дүниеде жаза тарту (тозақ) – кейін пайда болған ұғым.
Үндіс тайпалары жұмаққа батысқа баратын бір жолмен
жүріп отырып, ағысы қатты өзен-сулардан өтіп жетеді. Жа-
байы құсы жыртылып айырылатын, азығы көп молшылыққа
кенеледі. Кең-мол мекендегі бұрынғы кеткен туған-туыста-
рына жетеді. Үндістер тіршілік нəпақасын теңіз тереңінен
тауып жейтін болғандықтан, о дүние мекенін (Торнгарсук)
теңіз немесе жер астында деп елестетеді. Кейде оған бару
үшін қия жартастардан өтіп, үңгірге кіреді. Онда – мəңгі
жаз, жайнаған күн, түн болмайды, итбалық пен бұғыда есеп
жоқ.
Гренландия мифтерінде адамның жаны қолға ұсталмай-
тын нəзік, жеңіл бір нəрсе, ал, о дүниеге барғанда, таусылмас
бақытқа кенеледі. Жақсы өмір аспанда болуы керек, адамның
жаны кемпірқосақ арқылы жақсы өмірге жетіп, балығы
тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған үлкен өзеннің үстіне
шатырын тігеді. Өзен суы толып кеткен кезде тасып, жауын
жауады, ал жиегі жырылып кетсе, екінші тасқын болмақшы.
Жалпы, адамзат Нұх пайғамбар кезіндегі апаттың қайталану
қаупін есте ұстайтын болуы керек. Д.Кішібеков: «...ғылымның
топшылауынша, дүниені үш рет топан су қаптаған. Арасы
3700-4600 жылдан. Үшінші тасқын б.э. дейінгі 875, яғни скиф
дəуірінде болған. Төртінші топан су 2858 жылы қаптайтын
сияқты», – деп жа-зады (Кішібеков Д., 1993).
Мұсылман мифтеріндегі жұмақ, оңтүстік батыс Африка
мифтерінде – «Калунг», Скандинавияда – «Алгалл», Таурат-
та – «Шеол» делінген (Тайлор Э.Б., 1989-295).
Адамның о дүниелік өмірі «тозақ» болуы мүмкіндігін
155
154
айтатын мифтер кейінірек пайда болған. О дүниедегі тір-
лік, бұл дүниедегі құлқына, жақсы-жаман істеріне қарай
таразыланатындығы сананың бір қадам алға басуынан туса
керек. Ол, əрине, жақсылық пен жамандық түсінігінің көрі-
нісі – ежелгі «Гильгамештен», «Авестадан» көптеген заман-
дар бұрын болғаны түсінікті.
Көне адамдар жақсылық пен жамандықты, əуелі, «менің
қауымым мен жауларымыз» деген ұғымда береді. Мысалы,
виргиниялық үндістердің тозағына жаулары түседі де, өз елі
үшін соғысып өлгендер жұмаққа барады. Ал, Гренландия-
ның Торнгарсукында кит пен итбалықты көп ұстаған ең-
бекқорлар о дүниеде рахат өмірге жетеді. Тупинамба атты
Бразилия тайпасында соғыста неғұрлым жеңіске жетіп,
жауының етін көп жеген адамдар о дүниеде жақсы өмір
сүреді. Ал, елін қорғамағандар мəңгілік азап өмір Эиньянға
жіберіледі.
Караиб тайпасы: “батырлар бақытты аралға барады, онда
тамаша жемістер өсіп, мереке-тоймен, билеумен тіршілік
кешеді, олардың жауы – аравакалар құл болып, қолына су
құяды, ал қорқақ болсаң, өзің о дүниеде аравакаларға құл
боласың” деп қорқытады. Көне адамдар «жауды өлтіру – ба-
тырлық, ол о дүниеде жақсы өмірге жеткізеді» деген ұғым-
нан: «соғыста өлген адам жұмаққа барады» (шейіт болу),
– деген қорытынды жасаған. Никарагуалықтарда үйінде қай-
тыс болған кісі тамұққа түседі, ал соғыста өлсе Күншы-
ғысқа барып, Құдайларға қызмет етеді. Осындай дəстүр
мұсылмандарда да бар екені мəлім.
Гвинея тайпаларының мифтерінде: өлім өзеніне келген
кезде есеп береді (мұсылмандардағы қыл көпір), егер Құ-
дайларға арналған мерекелерді ұмытпай, мезірет қылып жүр-
ген болса, тыйым салынған тамақтардан тартынса, бірден
жұмаққа түседі, ал оны істемеген болса, суға лақтырылады.
Даяк тайпалары мəйітті өртеп: “жақсы адамның жаны
түтінмен бірге көкке көтеріледі, ал нашар адамның жаны жер
асты патшалығына түседі», – дейді. Тағы бір аңыздарда бүрі
жоқ, тайғақ шатқалдың жанында Динга – Пенну атты өлі-
лер соты (мұсылмандарда Кəраман-Кəтибан) жақсы-жаман
істерін жазып отырады. Оны көне грек мифологиясында
Зевстің балалары Минос, Радамант, Эак жасайды.
Келе-келе осы мифтер жақсы адамдар о дүниеден қайта
тіріліп, жарыққа шығады, жер бетіндегі жаман адамдар өлі-
лер мекеніне түседі дейтін оймен толыққан. Мұсылмандарда
Ысрафил керней тартып, қиямет-қайым келгенін хабарлайды.
Өлілер тіріліп, тірілер жер астына түсіп, сұраққа алынады.
Финдердің «Калеваласында» Вяйнямейнен өлілер патша-
лығына түседі. Онда тірлігінде жамандық жасағандар қып-
қызыл шоқ тастардың үстінде, жыландардың ортасында қа-
лады («Жұмжұма сұлтанда» осы мифтің көрінісі бар). Бұл
жерде жақсы-жаман ұғымы ахлақтық категория.
Осы наным-сенімдер будда, христиан, мұсылман дінде-
рінде түйінделіп, тұтас жүйеге түскен. Тек оның қай сатыда
іске асқандығы мəлім емес. Мифтердің даму жүйесі бізде,
əсіресе қазақ əдебиетінде зерттелмеген.
Рим мифтерінде өлілер мекені – Аида патшалығында
орталау топтан шыққан адамдар тұрады, оған таяу Зевстың
ұлдары Минос пен Радаманта сұрақ-жауап алады. Элищиум
– жұмақ, тартар – тозақ, онда ыңырсыған күнəһарлардың
дауысы естіледі.
Оңтүстік шығыс Азиядағы будда дінінде адамның əрбір
ісі есептеледі. Мысалы, шөлдеген кісіге ыстық күнде сусын
157
156
берсең немесе жұбайыңды ұрыс-керістен бір ай сақтандыра
алсаң бір үлес беріледі. Ал, үй ішіне ыдыс-аяғын дұрыс жу-
ғызып, таза ұстата алмағаннан əлгі бір үлесі алынып таста-
лынады. Бала өлтірген адамның күнəсі 100 үлеске пара-пар.
Ежелгі о дүние мифтерінің қорытындылауындағы негіз-
гі бір басқыштың мəнін Авеста атқарған деген ойдамыз.
Хұрда Авестада (Авестаның шағын түрі) Заратуштра Ахура
Маздадан сұрайды:
– Ахура Мазда, əулием, əлемді жаратушы, бейкүнəм! Адал
кісі өлгенде, сол түні оның жаны қайда болады? – дейді.
Ахура Мазда Құдай:
– Адамның жаны оның бас жағында тұрып: «Басқа
кісіні бақытқа жеткізген кісі бақытты болсын. Ахура Мазда
жасампаздығынан танбасын жəне билігін жалғастырсын!»
– дейді.
Жақсы адамның жаны үйде үш түнеген соң нұрға айналып,
гүл иісі бойынша бақытын айырып, жолға шығады. Хош
иісті самал желдің қайдан соққанын сұрағанда, алдынан
өз өміріндегі жақсылықтары мөлдіреген он бес жасар қыз
бейнесінде шығады. Жақсы адам жас жігітке айналады. Қыз
оған: «О жас жігіт, мен сенің жақсы ойларыңмын, жақсы
сөз, жақсы істеріңмін», – дейді. Жақсы адам жұмақтың үш
түрінен өтіп барып, «мəңгілік нұр» мекеніне жетеді.
Мұсылман мифтеріндегі жұмақтағы хор қызы, «Жүсіп-
Зылихадағы» жақсы жандар – Зылиха мен Жүсіптің жаса-
руы, Темірұлдың 140 жыл өмір сүруі де осы Авеста мифте-
рімен үндес екенін көреміз.
Авестада жаман адам көңірсіген иістің жетегімен жолға
түседі, оның алдынан өзінің күнəларының кейпіндегі көрік-
сіз, қорқынышты қыз шығады. Оның жеген тамағы у болады.
Адам жанының сұраққа алынып, тазалануы, жұмақ-тозақ
мифтерінің жүйеленуі бұрынғыдай, жанның бір адамнан екін-
ші адамға, аңға, шөпке ауысуына қарағанда, жаңарақ сатысы
болса керек. Адамзаттың о дүниелік өмірді пəлсафа деңге-
йіне жеткізгені сондай, бұл өмір – жалған, уақытша, о дүние
– мəңгі бақи деген ұғымға келген. Ол жалғыз мұсылмандарда
ғана емес, мысалы, геттер, бала дүниеге келгенде жылап,
өлгенде қуанып, күледі екен. Жалпы алғанда, адамға о дү-
ниенің жоқ екеніне сенуден гөрі, о дүние бар деп өмір сүру
жеңілірек.
Көне мифтерді қарай отырып, жан туралы ұғымнан рух
ұғымы шыққаны аңғарылады. “Өлген адамның рухы тірі-
лерге əсер етеді” дегенді австралиялықтар, караибтар, афри-
калықтар да айтады екен. Өткен ғасырдағы қытайлықтар
өлген қайыршы мен аурулардың рухынан қорыққандықтан,
бірдеме істерде қағазды отқа жағып, аластайды, не Құдайы
береді екен. Аруақты риза қылу салты Африкада, цейлон дық-
тарда, монғол, қытай, жапон, Орта Азиялықтарда, жалпы,
барлық елдерде де бар екен. Өлілердің рухын құрметтеуден
Құдайлар шыққан. Мысалы, тастанды бала Ромул, сəбилер-
дің денсаулығына болысатын Рим Құдайларының біріне ай-
налған. «Аурулардың» анимистік теориясы қалыптасқан деу-
ге болады. Мысалы, «ауруларды денеден қуып шыға алады»
немесе «адам бір рухтың ренжуінен ауырады». Жекелеген
заттарға табыну да анимизмнің бір сатысы – фетишизм
болатын.
Ежелгі мифтерде өлілер мекеніне барып-қайтқандар тура-
лы көп айтылады екен (Тайлор Э.Б.): Умпенгула деген бір
зұлыс, бала кезінде үстін түк басқан, ергежейліні көргенін
айтқан. Оның аты Ункама екен. Ункаманың тамағын дикобраз
159
158
жеп қойып, оны қуып, терең үңгірге түсіп, одан əрі өлілер
мекеніне тап болады. Қайтып келсе, оны «өлдіге» балап, əйелі
жоқтау айтып отыр екен. Содан былай Ункаманы «жер астын-
да болған адам» деп атап кеткен. Ункама – Африка «Данте-
сі». Данте оқиғасын бастан кешіруші десе де болады. Тағы
бір айта кететін нəрсе, Қазақтың Ер Төстігі де жер астына
түседі, бірақ ертегіден оны өлілер мекені деген ой тумайды,
əйтсе де, түпкі негізінде о дүние туралы миф жатса керек.
Жаңа Зеландия мифтерінің бірінде: Бір бай əйел қайтыс
болғаннан кейін екі күн өткен соң, қайықпен жүзіп бара
жатқан кісі (əңгімеші) жағада отырған əлгі əйелді көреді.
Ол белгі беріп шақырады. Қасына келсе əйел шаршап-
шалдығып, азып-тозған, сондағы айтқаны: Əйелдің жаны
денеден шыққан соң, солтүстікке қарай ұша жөнеліп, бір
жерге келгенде жер астына түсіп кетеді. Алдынан алып құс
кездеседі. Одан қорқып, не істерін білмей тұрғанда, қайық-
тағы бір қарт кісіні көріп, жүгіре жөнеліп, құтылады. Əлгі
қарттан өзінің өлген ата-бабасын сұрастырып, тауып алады.
Олар мұны көріп, қуанып, хал-жағдайын, немересін сұрайды.
Ақыр аяғында, немеремді ол жақта қарайтын адам жоқ деп
қайтарып жібереді. Кетерінде немересіне арнап, екі үлкен
картоп береді. Өкінішке қарай, жер бетіне шыққанша, кар-
топты рухтар жеп қояды. Əйел көзін ашып, өзін ұйықтап
қалғандай сезінеді. Əлсіреп орнынан тұрса, өлген екен деп,
есікті сыртынан шегелеп қойған екен, əрең сыртқа шығып-
ты. Осы əңгімені тыңдағандар: «Шіркін-ай, əлгі екі картоп-
тың біреуін ала келгенде, о дүниеге барып қайтқаныңның
дəлелі болар еді», – деп өкінген (Тайлор Э.Б., 1989-28).
Біздің заманымыздағы дəрігер психиатр, философия ғы-
лымының докторы Райионды Моуди өліп тірілген 150 адам-
мен сөйлесіп, олардың айтқан əңгімелерінің негізі бойын-
ша, «Өмірден соңғы өмір» атты кітап шығарған. Сонда өлген
адамның бірі былай депті: “Өзім өлген соң, менің түйсігім
(сознание) денемнен бөлініп шығып, реанимация бөлмесінің
төбесіне ілініп тұрды. Дəрігерлердің өлі денемді тірілтуге
күш салып жатқанын, «Бұл əбігерді жалғастыра береміз бе?»
– деп ақылдасқанын бақылап тұрдым. Содан кейін төменде,
аурухананың кіре берісінде еңіреп жылап отырған сіңілімді
көрдім. Түйсігім арқылы үйдің темір бетоннан жасалған тас
қабырғаларынан ешбір кедергісіз зулап өтіп, қасына келдім.
Сол сəттерде рахатқа бөленгенім сондай, тіпті қайтып орал-
ғым келмеді. Бірақ сіңілімді аяғандықтан, өз бəденіме кіруге
мəжбүр болдым», – деген.
О дүние мифтері христиан мифтерінде де бар. Апокриф-
тік (Ежелгі діни кітаптар. Олар діни сюжеттің негізгі сұл-
басын сақтағанмен, біраз өзгерістерді де кіргізе береді. Апок-
риф – грек сөзі «жасырын», «жұмбақ» деген мағына береді).
Никодим Інжілінде Иисус Христос көне пайғамбарларды
құтқаруға тозаққа барады. Христостың тозақта көргендері
суреттеледі.
Арғы-бергі о дүниені көріп қайтқан адамдар немесе ба-
рып келген олардың жаны туралы мифтер мен көркем шы-
ғармалардың түйінін жасаған адам – Италияның ХІІІ-ХІV
ғасырдағы ақыны Данте Алигьери (1265-1321). Данте өз
заманындағы Оянушылықтың ірі өкілі еді.
Италияда сол уақытта Азия мен Еуропаны жалғастыра-
тын сауда жолы жүріп жатыпты. Данте туған Флоренция
– мəдениет ошағы болған. «Құдыретті комедия» мен «Жұм-
жұманың» бірі – Италияда, бірі – түрік əдебиетінде бір за-
ман, бір ғасырда тууы көп ойларға жетелейді. Түбі бір араб,
161
160
иран, грек, рим, үндіс, индиялықтардың ежелгі мифтері мен
жалпы мəдениетін бір арнада салыстыра терең зерттейтін
еңбектер жазыла түсуге тиіс. Əзірге түйетініміз, «Құдыретті
комедияны» Италия Оянушылығы туғызса, «Жұмжұманы»
түрік Оянушылығы туғызды.
Дантенің «Құдыретті комедиясы» ақын өмірінің қоры-
тындысы іспетті, өмірінің ақырында жазылып, оның дүние-
танымы, қоғамға көзқарасы, адам ғұмыры мен өлімі туралы
идеяларының жинағы болып шыққан. Ақын бұл шығарма-
сына «Комедия» деп ат берген. Өйткені, ол заманда басы
қайғылы басталып, көңілді аяқталатын шығарманы «коме-
дия» деген. «Құдыретті комедияға» айналдырған ақын та-
лантын құрметтеген кейінгі оқырмандары көрінеді.
Поэмада Данте қалың орманда адасып жүріп, алдынан
жол тосқан арыстан, қабылан, бөріге кездеседі. Олар адам-
ның билікқұмарлық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық сияқты
жағымсыз қылықтарының бейнесі болатын (Авестадағы ой
– А.Қ.). Сол жерде көмекке келген Дантенің сүйікті жазушы-
сы Вергилийдің рухы келіп, құтқарып алады. Вергилий то-
зақты көрсетіп, одан əрі жастай қайтыс болған Дантенің бала
кездегі ұнатқан көрші қызы Беатриче жұмаққа алып барады.
Оны кейін поэзияда арман бейнеге айналдырған. Одан кейін
кейіпкер қайтып, жер бетіне оралады.
Поэмада тозақ тоғыз шеңберден тұрады, əр шеңберде
əртүрлі күнəлар жазаланады, неғұрлым төменгі шеңберлер-
ге күнəнің ауыры түседі. Бірінші шеңберде – күнəға батпа-
ған, бірақ шоқынбаған адамдар, Данте ол жерден антикалық
кейіпкерлер мен ақындарды көреді. Екінші шеңберде зина-
қорлар ішкі сезімінің иіріміне түсіп алып, шыркөбелек ай-
налудан тынбайды. Оның ішінде алдаумен жексұрын біреу-
ге ұзатылып кетіп, оның бауыры Паолоны сүйгені үшін кү-
йеуінен екеуі бірдей өлім жазасын тартқан Франсеска бар.
Тоғызыншы шеңберде азғындар мен сатқындар мұз батпаққа
батып жатыр. Ортасында Құдайға қарсы шыққан Люцифер
(мұсылман мифтеріндегі азғырушы) азуна Христосты сатқан
Ииуданы, Юлий Цезарьды өлтірген Брут пен Касийді салып,
шырылдатып шайнап тұр. Өзіне сенімсіз жасық адамдар не
тозаққа, не жұмаққа кіре алмай, қақпаның сыртында жалтақ-
тайды. Дантені елінен қуып жіберген Бонифацийдің алдын-
да патша болған Николай ІІІ Бонифаций да келеді деген
сеніммен тозақ отына шарпылып, азап тартуда.
Дантенің көне грек антикалық кейіпкерлеріне сүйсініп,
оның ортасында отырғанына қуануы, антикалық ілімді жаң-
ғыртуы – оның жаңа мəдениеттің басы болғаны деп бағала-
нады (Данте и ... 1967).
Біз Хұсам Кəтиб шығармасы мен Дантені қатар оқи оты-
рып, кейбір ұқсастықтарына назар аударуды жөн көрдік.
«Жұмжұма»:
Жəне көрдім бір қауым мен тілі жоқ,
Һəм тағы бір қауым ел аяқ-қолы жоқ.
Бастары тəндерінен айырылып,
Жəне хақ құдыретімен бас бітірер.
(Аударған А.Қ.).
«Құдыретті комедия» (Данте. 1971. Көркем аударма
М.Мақатаевтікі):
Барша тілдер жамырасып, жабайы наз, оттаулар,
Ашу-үрей, жылау-сықтау, өтініштер, даттаулар.
Ербеңдейді, қарманады – дене-басы жоқ қолдар.
(3 жыр, 25)
163
162
«Жұмжұма»:
Тəндерінен жетпіс алуан жара шығып,
Тыйылмас еді ешбір қан, ірің ағып.
Əрқайсысы солайынша жалаңаш жүрер.
Достарыңызбен бөлісу: |