Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет34/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

***
Ас-су ұстайтын жəне он мың құлым бар еді,
Олар басын имейінше асқа қолым салмас едім, – 
дей келіп:
Жəне он мың ай мен күндей əйелдерім бар еді,
Əрбірі бір-бір падишаның қызы еді.
Жəне он мың кəнизігім бар еді,
Сұлулардың ішіндегі айы еді.
(Ежелгі дəуірдегі... 257)
Хұсам  Кəтибте  одан  ары  қарай  Жұмжұманың  байлығын 
суреттеуге  мəн  беріледі: «Кесе,  шанақтар  қымызға  толы  еді, 
жиектерінде  қымбат  тастар,  інжу  тұрар  еді».  Ал, «Қубаста» 
ол жағы көп айтылмаған.
Қубас  əйелімен  күліп-ойнап  отырғанда  бір  мүсəпір 
(«Жұмжұмада»  пақыр)  қайыр  сұрап  келеді.  Ал,  пақырдың 
келгенін  Жұмжұмаға  қызметшісі  келіп  айтатын.  Қубас  мез-
гілсіз  уақытта  келгеніне  ренжіп,  қайыр  бермей  қайтарады. 
Екеуінде  монша  оқиғасы  бірдей,  моншаға  барған  жерінен 
ауырып қайтады.


167
166
Хұсам  Кəтибте  жеті  күннен  соң  Əзірейіл  келеді. «Қубас-
та»  ол  əңгіме  болмайды.  Жан  алғыш  Əзірейіл  екеуінде  де 
ұқсас суреттелген. «Қубаста» көбірек мəн береді.
Шықты бір сурет алты жүзі бар,
Қан құйылған тасқа ұқсас көзі бар.
Бірі астын, бірі үстін жүздері,
Оң мен сол, артқары əрі ілгері.
Күншығыс пен батысты тұтар екі қанаты,
Əзірейіл еді оның аты.
(«Жұмжұма»)
«Қубаста»:
Бар еді алты жүзі Əзірейілдің,
Əзірейілдің суық жүзін көре алмады.
Алдында Əзірейілдің бір жүзі бар,
Артында жаңа нұрдан бір жүзі бар.
Оң жағының ішінде бір жүзі бар,
Сол жағының ішінде бір жүзі бар,
Артында жаңа бір жүзі бар,
Үстінде нұр сипаты бар жүзі бар.
Х. Кəтибте Əзірейіл Жұмжұманың көкірегіне сүңгі ұшын 
қояды. «Қубаста»  күрзімен  ұрады.  Көр  есігінен  екі  кісі 
(періштелер) күтіп алып, күнəсін айтады. Тағы бір жүзі суық, 
жоғары ерні көк тіреген, төменгі ерні жер тіреген, ақырында 
аузынан  от  шығатын  періште  келеді  (Бұл  ежелгі  мифтердегі 
ажал нышаны болса керек), тамұққа алып барады.
Х. Кəтиб тамұққа дейінгі оқиғаны суреттейді:
Тағы да көрдім: жендеттер келіп,
Басты мойныма оттан гүл салып.
Мойныма жіп тағып сүйрейді,
Жеті тамұқтың ішіне дейін жеткізді.
Жəне оттан шылбыр салып тартты,
Одан соң мені отқа жақты.
«Қубаста» жеті тамұқ нақты баяндалады:
1. Əулие тамұғы – ораза-намаздың орны.
2. Шағыт тамұғы – ұрлықшы мен зиянкестің орны.
3. Жаңбыр тамұғы – ата-анасын ренжіткеннің орны.
4. Расыт тамұғы – кісі сыртынан ғайбат сөйлегеннің орны.
5. Ғазит тамұғы – бақсы мен жамандардың орны.
6. Катим тамұғы – еріншектің орны.
7. Жаһаннам тамұғы – кəпірлердің орны.
Осылардың  бəрін  аралап  көргендігін: «Сол  тозақта  біраз 
жүрдім,  отыз  түрлі  азапты  адам  көрдім», – деген  бір  ауыз 
сөзбен айтады да, оқиғаны аяқтайды.
Сол қубас ақыреттен азап көрді,
Құдайым Ғайсаменен сөйлестірді.
Дұға қылды Құдайдың досы – Ғайса,
Жəне тағы сексен жыл өмір сүрді.
Х.  Кəтибтің  «Жұмжұмасында»  жетінші  тамұқ  «Жаһан-
намда»:
1. Беті тілінген бір қауым – нəпсіқұмарлар.
2. Басы төмен, аяғы үстінде, мұрнын көтеріп, «мен, мен» 
дегендердің қауымы.
3. Доңыз денелі, қарны таудай алдамшы – өтірікшілер.
4.  Көздері  жоқ  қауым – адамдар  арасына  араздық 
туғызғандар.
5. Тілі, аяқ-қолы жоқтар – қисық үкім жүргізген əкімдер.
6.  Тілдері  өз  аузынан  шығып,  қанды  ірің  ағып  тұрғандар 
– қисық сөз айтып жала жабатындар.


169
168
7.  Алтын  ақшаны  көзіне  қыздырып  басатын  қауым – 
малынан хақ үлесін бермейтін сараңдар.
8.  Отты  қылышпен  ұрып,  басын  тəнінен  айырып,  хақ  құ-
дыретімен қайта бітіретін қауым – жол тосып, бас кесіп, қан 
төккендер.
9.  Тəндерінен  жетпіс  алуан  жара  шыққан,  жалаңаштар 
қауымы – сараң билеушілер.
«Жұмжұмада»  жеті  тамұқ  болғанымен,  Дантенің  «Құды-
ретті  ко-медиясындағыдай»  тоғыз  қауымды  көріп  шыққан 
соң, оны апарып Əсфал атты бір шұңқырдың ішіне тастайды. 
Онда  үш  əкім  отырады.  Тірлігінде  азғын  жəне  алдамшы 
болған.  Енді  олар  шаяндар  мекенінен  орын  алған.  Мұндай 
боларымызды білсек, кедей-пақыр болсақ та разы болмас па 
едік», – деп  зарланады.  Табыттың  төрт  бұрышынан  жылан 
мен  шаяндар  шығып,  шағып,  Жұмжұманың  етін  жеп,  түгес-
кен соң, жаңадан ет бітеді, жылан-шаян қайтадан шығады. 
«Жұмжұманың»  бұл  бөлігінде  ең  ауыр  жаза  тартатындар 
–  əкімдер.  Негізгі  кейіпкер  Жұмжұманың  өзі  де  ел  билеген 
сұлтан. «Құдыретті  комедияда»  Николай  ІІІ  жанған  оттың 
үстінде қақталып тұрады.
«Қубаста» тірілген соң: «Өмір берсең, патша болмаймын!» 
–  деп,  патша  болмай,  адал  өмір  сүріп,  екінші  рет  өлгенде 
жұмаққа кіреді. 
«Жұмжұманың» соңы ғибратпен аяқталады:
Қысқасы, түйіні былай, ей, адамзат,
Əркім не ексе, орар соны.
***
Жауыздықты ізгілікпен тазала! 
(Ежелгі дəуірдегі... 264).
Қорыта  айтқанда,  Əлидің  «Қисса  Жүсібіндегі» «кемел 
патша» тақырыбы «Жұмжұмада» екінші бір қырынан ашыл-
ған.  Əділетті  патша  бола  алмаған,  үйіне  келген  қайыршы-
ны  ренжітіп  қайтарған  Жұмжұма  өлген  соң  тозақ  отына  тү-
сіп,  шырылдайды.  Сондықтан, «Жұмжұмада»  жақсылық-жа-
мандық мəселесімен бірге, əділ патша мəселесі де көтерілген.
Мұндағы  қайыршы  бейнесі:  Дəуіт  пайғамбардың  өз  туы-
сының  əйелін  тартып  алғанын,  тойымсыздық  жасағанын  бе-
тіне  басу  үшін  дауласқан  екі  адам  кейпінде  келген  періш-
телер туралы мифтік желінің ізі болуы мүмкін (Əдейі, сынау 
үшін қайыршы болып келген періште).
Соңында  өз  қателігін  түсінген  Жұмжұмаға  Алла  Тағала 
екінші  рет  өмір  береді.  Онда  Жұмжұма  қайырымды  патша 
болған болуы керек. Бұдан: адалдық пен əділдік адам өмірін 
ұзартады деген ой қал-дырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет