165
164
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе,
Айтайын бір мəселе енді сізге.
Пайғамбар, тақсыр Ғайса бір күндерде,
Сейіл құра шығыпты мидай түзге, –
деп басталады. Сол жерде бір қубасты көргені айтылады:
Бөксесі жоқ, кеудесі жоқ қубас жатыр,
Жарымы су, жарымы құм боп жатыр.
Адамның басы екенін білгеннен соң,
Асасымен көтерді Ғайса батыр.
Хұсам Кəтибте:
Көрді ол сол жерден сахара тасын,
Жəне ол тас үстіндегі адам басын.
Не көзі қалмаған, не аузы, кеудесі –
Денесінде қалмаған еш нəрсесі
(Ежелгі дəуірдегі... 1992-255-256).
Ғайса пайғамбар дұға қылған соң, аспаннан дауыс келеді,
Жəбірейіл періштенің көмегімен қубас Ғайсаның сұрағына
жауап береді. Хұсам Кəтибтегі: «Құлсың ба, қожасың ба?
Бексің бе, сұлтансың ба? Я кедей ме едің, я мүскін бишара
боларсың? – деген сұрақтар «Қубаста» қысқа қайырылады.
Хұсам Кəтиб Жұмжұманың əңгімесін сарайын суреттеуден
бас-тайды:
Жəне бір сарайым бар еді,
Бойы мен ені он мың еді, ей, хакім,
Тыстан көрген адам: «əйбат», – дер еді.
Үстіне шыққандар жүгінер еді,
Өйтпесе басы бұлтқа тиер еді.
«Қубаста» ол тұсы жоқ, бірден: «Төрт мың құлым бар
еді, əрбірінің қолында сұңқары бар», – деп басталады. Жəне
он алты мың сатып алған құлы бар, олардың «арыстандай
денесі зор». Бұл жерде он мың, төрт мың деген сандар нақты
мөлшерін емес, көптігін ғана көрсететінін ескеруіміз керек.
Ал, Хұсам Кəтибте:
Тағы қырық мың уəзірім бар,
Əрбірі арыстан ұстап мінер еді.
Он сегіз мың бектердің барлығы,
Күніне екі рет келіп басын иер еді.
Достарыңызбен бөлісу: