209
208
ішіндегі торғайда болуы «Ер Төстік» ертегісіне ұқсас екенін
көреміз. Мұның өзі «Ер Төстіктің» оқиға желілерін «Мың
бір түннен» қарастыру керек дейтін ойға жетелейді.
Сөзіміз дəлелдірек болу үшін, тағы бір «Ер Төстік» пен
«Мың бір түн» сюжеттерінің екі тамшыдай ұқсас тұсына на-
зар аударайық:
Кітаптың «Мəлике-Маран» (Жылан əйел) атты əңгіме-
сінде Жамсап деген жігіт жер астында жылан патшалығына
тап болады:
«Айналасына қараса, күрсілердің үстіне ұзындығы жүз
кез келетін жыландар жайғасып алыпты, су жақтан толып
жатқан ұсақ жыландар ирелеңдеп келе жатыр. Олардың ар-
тынан үлкен жыланның бірі төбесіне зүбəржат табақ көтеріп,
тура таққа қарай келе жатты... Табақта айнадай жарқ-жұрқ
еткен кішкене бір ақ жылан жатыр. Оның беті адам сияқты.
Онан шыққан үнді естіп, барлық жылан күрсілерінен түсіп, ақ
жыланға бас иді... Табақтағы жылан олардың отыруына рұқ-
сат еткендей ишарат көрсетті, жыландар орындарына жай-
ғасты. Жылан Жамсапқа қарап:
– Мейман, сіз қайдан келдіңіз? – деді (Мың бір түн. 2-
437). Соңында Жамсап жер үстіне қайтуға рұқсат сұрайды.
Оқиғаның бұл тұсы тура «Ер Төстік» ертегісіндей екені көп
дəлел керек етпейді. Осындай эпизодтар «Сандыбадтың
жеті сапарында» да бар екенін айтып өттік.
«Қамұрұззаманда» Деһнаш дию мен Маймина жын екеу-
леп Қамұрұззаман мен Мəлике Бұдұрдың қосылуына себеп
болады. Ұйқыдағы Мəлике қызды басқа бір шаһардан кө-
шіріп əкеліп, қасына жатқыза салады. Жын жігітті бүрге боп
оятады: «Ол оянып, қасында қызды көрді. Торғынға оранып,
əтірі танау атып тұр. Кеудесіне төңкерілген екі күміс кесе-
дей қос алмасы көйлегін көтеріп, көз тартады. Маңдайын бас-
қан кекілі қара судың майда толқынындай бұйраланып, тұ-
лымдап тұр. Жарқыраған беті күлімдеп, құбылып, сызатта-
нып ашылған жұқа ернінен маржандай жарқырап күрек тісі
көрінеді» (Сонда. 2-23). Шəдінің «Хикаят Қамұрұззаманын-
да» Мəлике Бұдұр – Сəида болып айтылады (Келімбетов Н.,
1974-87).
Жындар бұдан соң Мəликенің қасына дəл осылай Қамұ-
рұззаманды əкеліп, қыз бен жігіттің танысуына себеп бола-
ды. Сөйтіп жындар бұл сюжетте қайырымдылық істейді.
«Қамұрұззаманның» Пекинде басылған тағы бір нұсқасы
бар екен. Ол «Шалғын» журналының 1985 жылғы үшінші
санында Домалай Нəсеұлының тапсыруымен бастырылған.
Қисса, əсілі, «Бақтиярдың қырық бұтағының» бірі болса
керек. Оқиға «Мың бір түндегідей», Қамұрұззаманның көп
оқып көргенінен əйелдің еркекке опасыздық жасайтынын
біліп, бойдақ өтуге бел байлауынан басталады. Əкесі оны
зынданға жаптырады. Пері патшасының қызы Гүлнəрайым
көріп, Қашқаш жəне Дəһнус жын перілерге баяндайды. Арғы
оқиғалары, біз бұрын айтып кеткендей, бірдей шығып оты-
рады. Тек қыз ағасының аты өзгеше, Сəлиік.
Достарыңызбен бөлісу: