«Мəлике-Маранда» соңғы пайғамбарды іздеп жүрген
Балқия қыз жындар еліне кез болады. Адам көрмеген жын-
дар Балқияға анталай қарасты:
«Кемедей үлкен табақтармен қуырған ет таратты. Үлкен
табағында елу түйенің еті, екінші табағында жиырма түйенің
еті, елу қойдың еті бар. Сондай табақтан бір мың бес жүз
болды. Еңгезердей жындар еңкейіп асқа ұмтылды. Арыстан-
дай асап, əп-сəтте аяқтарды босатты... Оның артынан жеміс
төгіп, жындар патырлатып жей бастады.» (Мың бір түн.
211
210
2-448). Бұдан оқушы жынның кейпін анық суреттеусіз-ақ
бір жойқын да қорқынышты күш ретінде елестете алады.
Жынға ұқсас кейіпкер – пері қыздары «Сейфүлмəлікте»,
т.б. «Мың бір түн» сюжеттерінде адамға күйеуге шығады.
«Мағрұп Жамаушыда» Мағрұп өгізбен жер жыртып жүр-
генде жер астына түсіп кетіп, жындарға жолығады. (Бұл тұс-
та да «Ер Төстік» ертегісімен ұқсастықты қараңыз). Олар Са-
ғадат жынның сегіз жүз балалары екен. Сондай-ақ, Мағрұп
ұйықтап жатқан диюдың үстіне байқамай отыра қалып, ол
оны алып ұшып, биік таудың басына апарып тастайды.
«Мың бір түн» əңгімелерінде кейіпкердің өз мақсатына
жету барысында оған көмек беретін қосыша магиялық зат
түріндегі күштер (жүзік), не сиқырлы сөздер жайлы жиі
айтылады. Ол «Алладиннің сиқырлы шамы», «Мағрұп»,
«Жаудыр», т. б. əңгімелерде бар.
Жоғарыдағы «Мағрұп Жамаушыда» үйінен əйелі қуып жі-
берген етік жамаушы Ғали деген кісінің үйретуімен, қалта-
сында көк тиыны жоқ болса да, жұртқа бай болып көрініп,
патшаның қызына үйленеді. Патша Мағрұптың байлығы ой-
дан шығарылған екенін біліп қалып, өлтірмекші болғанда,
қашып бара жатып, жолдағы бір үңгірден ен байлыққа кез
болады. Кішкене құтыны қолын алып, ішіндегі мəнерді си-
пап жібергенде:
– Қандай қызмет бұйырасыз! Мен жүзіктің құлы Сағадат
боламын. Егер қала құрмақ болсаңыз, құрып беремін. Не
бұйырсаң, соны істеймін! – дейді еңгезердей алып жын (Мың
бір түн. 4-384). Мұндағы мəнер – сыйқырлы заттың күші.
«Мəлике – Маранда» соңғы пайғамбарды іздеген Балқия
қыз Құддыс (Иерусалим) қаласына Ғапан деген ғалымға жо-
лығып, жеті теңіздің ар жағында, таудың басында Сүлеймен
пайғамбардың мүрдесі бар: «Оның жер жүзіне, пері, жынға,
жел, бұлтқа үкімін жүргізетін жүзігі қолында жатыр», – дей-
ді (Сонда. 2-441).
Сондай-ақ, «Мың бір түнде» əңгіме сайын жұмақ бағын-
дай əсем бақтар кездеседі. Бұл, М.Герхардт айтқандай (1984-
253), Сахара адамының қуаңшылықтан қорқуы емес, ежелгі
мифтермен байланысты дүние дегенді айтқымыз келеді. Бір-
ақ бұл кітаптың, негізінен, қала өмірінен туғандығы анық.
«Мың бір түн» əңгімелерінен қазақ арасында қисса-дас-
тан түрінде кең тараған – «Сейфүлмəлік» пен «Бəдіғұл-жа-
мал хикаясы». «Сейфүлмəлік» деген атпен 1807 жылы баспа
бетін көрген алғашқы қазақ қиссасы. Дастанның негізгі оқи-
ғасы «Мың бір түннен» алынып, қисса дəстүрінің шартта-
рын орындай отырып жазылған. Соңғы жылдары «Сейфүл-
мəліктің» екi нұсқасы жарияланды: Бірі – В.В.Радлов жазып
алған нұсқа. Оны В.В.Радловтың «Түрік халық тарының
ауыз əдебиеті үлгілері» атты еңбегінен (Спб.1896). М.Əуезов
атындағы əдебиет институты С.А.Қасқабасов пен Қ.С.Ма-
тыжановтың алғы сөзімен бастырып шығарды (Ел қазы-
насы.1994). Екін ші нұсқасы – «Қисса-и Сейфүлмəлік» (1895,
1909, 1914 жж.), «Қисса Ғабдүлмəлік» атымен басылған (1902,
1904, 1909 жж.) қиссалар. Ал, Жүсіпбек Шайхұсламұлы жа-
риялаған 1903, 1908 жылғы басылым дары В.В.Радлов нұс-
қасымен оқиғалық жағынан ұқсас. Ол қиссаларда Сейітке-
рей, Ақыт ақындар атымен жазылған. Тіпті бұл басы лым-
ның ішінде екі ақынның да аты аталады. Бұл басылымды жа-
рыққа шығарған Үшкілтай Сұбханбердина (Ғашық... 1976).
Бұдан басқа 1964 жылы басылымы бар. Сейіткерейдің кім
екені белгісіз, ал Ақыт ақын іргелес Қытай қазақтары ара-
сына танымал, «Қисса-и Жиһаншаһ Тамұзшаһ ұғлы» (1897),
213
212
«Əдьят ғақлия» (1909) атты қисса-дастан жазып бастырған
ақын. «Сейфүлмəлікті» əдеби тұрғыда зерттеу ауқымына
айналдырған – Бақытжан Əзібаева (1990-37-42).
В.В.Радлов жоғарыда аталған еңбегінің алғы сөзінде: «Кi-
таби өлеңдерге келсек, көлемді əңгіме «Сейфүлмəлік» Мир-
Али-Шира жырының үлгісімен жазылған немесе кітаби тіл-
ден қазақ тіліне көшіріліп жырланған деуге болады, өйткені
түпнұсқаға өте жақын келеді (Ел қазынасы... 1994-11). Бұл
жерде В.В.Радловтың қай түпнұсқаны айтып отырғаны мə-
лім емес, басқа нұсқаларын айтты деп шамалауға болады.
Ал, «Мир-Али-Шира» – Əлішер Науаи жырының үлгісіне
ұқсатуын, Науаи «Хамсалары» мен ғазалдарындағы: ғашық-
тық сезім, ынтық ықылас, құмар көңіл-күйлерінің суреттелуі;
уһлегенде кеудесінен от-жалын шығуы, көзінен қанды жас
ағып, нəркес көздердің айна көлдей жарқырауы, қиылған қас-
тың жаңа туған айқияқтануы, ақ жүздегі қара мең – сүйген
жүректі жем іздеген торғайдай қақпанға түсіру үшін тастал-
ған бір түйір дəн, т.б. суреттелуі деп түсінсек керек. Науаи
Орта Азиялық əдебиетке Низами, Хафиз, Сағдидің жыр дəс-
түрін жақындатып əкелген ақын болатын.
Біз қолымызға «Мың бір түнді», В.В.Радлов нұсқасын,
Сейіткерей Ақыт атымен шыққан басылымды («Ғашық на-
ме») алып, салыстыра қарағанымызда, ұқсастықтарымен бір-
ге, біраз айырмашылықтары да көрінеді, оның кейбір себеп-
терін де бажайлағандай болдық.
«Мың бір түндегі» Сейфүлмəліктің оқиғасы Ғасым пат-
шаның, уəзірі Салихты жердің шығыс шеңберіндегі, дүние
ғаламы мен мақұлығына дейін билеп отырған Сүлейменге
жіберуінен басталады. Сүлеймен олардың жолына барлық
мақұлықтарын шығарып, қарсы алады: «Арыстан, піл, жол-
барыс, аю, түгі түрленген тауыс, тілі семсердей жалаң қақ-
қан айдаһар, сасық көкек, байғыз – барлық жануарлар бар еді.
Сүлейменнің тағын иықтап жүрген «мүйізді дəулерді көр-
генде, қонақтардың үрейі ұшты». Кетерінде шапан, жүзік,
қылыш жəне құты береді.
Қисса туындыгерлері осы əңгімені түгелімен алып тас-
тап, шығарманың ары қарай өрбуіне шырғалаң болған «құ-
тының» орнына «шапанды» (тоң) алады. «Мың бір түн» əң-
гімесінде: Сейфүлмəлік «құтыны ашқанда қорқынышты еш-
нəрсе болмады, бүктеліп салынған жібек орамал екен, оны
жазғанда, сипатын тілімен суреттеп болмайтын сұлу қыз-
дың суреті салыныпты:
– Уа, орамал, қырмызы,
Бетінде сұлу жан қызы...
Сипаттап тілім жетпейді,
Шындағы көктің жұлдызы
Сəулесіндей айнаның,
Ашқан шоқтай жайнадың.
Сиқырлы бейне сүре оқып,
Жүрегімді байладың, –
деп аударады оны Қ. Əбдіқадыров.
“Сейфүлмəлік орамалды жұмарлап бауырына басты да,
есінен танып құлады” (Мың бір түн. 4-43).
Қиссада:
Шаһзада тамаша етті ол тонды ашып,
Көре тұра есінен кетті адасып,
Бір қыздың осы тонда суреті бар,
Көрді де жан-тəнімен болды ғашық.
(Ғашық... 1976-95).
215
214
В.В.Радлов нұсқасында:
Қызыл гүлдей ақ жүзді, белі үзіліп,
Қарайды Сейфүлмəлік көзін сүзіп.
Бұл суретті көрген соң асық болды,
Екі көзінен жас ақты бет бұзылып.
(Ел қазынасы... 1994).
Қиссада Сүлеймен пайғамбар сюжетінің алынып таста-
лып, құтының орнына тонның келуі – оқиғаны ірілендіру-
ден туды ма екен деген ойға жетелейді. Туындыгерлер əң-
гіменің мифтік жағын азайтыңқырап, фантастикалық көз-
дерін кеңейтуге тырысқан секілді.
«Сейфүлмəлік» қиссаларында Ғасим патша Сүлейменге
бармай-ақ, Ямынның (Иемен) қызын алып, Сейфүлмəлік
содан туады.
Бір нəрсе мұнан үміт бола ма деп,
Ямынның патшасының алды қызын.
Бұралған тал шыбықтай сұлу екен,
Атаған Жəмила деп оның өзін.
(Ғашық ... 1976-92).
Ойнап-күліп хан, ханым, қыс-жаз өтті,
Бұрынғы ханның қайғысы ойдан кетті.
Ханымның атын сұрасаң Жəмила еді,
Алла тағдыр қылды да, бала бітті.
(Ел қазынасы... 1994-416).
Енді, қиссаның шарты бойынша, тоннан көрген суреттің
əсері, кейіпкердің көңіл-күйін суреттеуге көңіл бөлінеді де,
оның есесіне «Мың бір түннің» оқиғалы тұстары алынып
тасталады:
Қараса ол суретке бейне күлер,
Бір қарап, көре берсе жаны күйер.
Қалмады ақыл-есі шаһзаданың,
Ғашығы бұл суреттің жанға тиер.
«Мың бір түнде» қаһарман қырық кемеге мініп, Шын
қаласының патшасы Фағфор-Ғасымның көмегімен Шын-
Машын, Бабыл (Вавилон) қаласын іздеп шығады. Ирамбақ
қызы Бəдіғұл – жамал сол жақта деп хабарланады. Ал, қис-
саларда жер жүзінен перілер елін іздеуге төрт саяхатшы жі-
береді. Бұл қиссаның əсерлілігін кү шейту үшін алынса ке-
рек. Олар 400 сұлудың хабарын білсе де, Бəдіғұлжамалды
таппайды. Сол жерде Сейфүлмəлік қызды ойлап зарланады.
Сейфүлмəліктің зары «Мың бір түнде» жоқ, сондықтан ақын
таза шығармашылық шабытына сүйеніп жазғандықтан, қазақ
ұғымына жақын болып шыққан:
Сейфүлмəлік жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Бір ғашықты сағындым,
Отқа күйіп жағылдым.
Көктен ұшқан бір теңге,
Əуре болып неғылдым.
(Ғашық... 1976-100) (Анасының, патшаның зары да осы-
ған ұқсас).
Бұл жерде бір ескеретін нəрсе, «Сейфүлмəлік» қазақтың
эпостық жырларына стилі жағынан жақын дегенді айтып,
салыстырудың шартты нəрсе екеніне мəн берсе керек. Өйт-
кені, «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», т.б. жыр-
ларды алғаш «қисса» деген атпен Жүсіпбектің жазып бас-
тырғанын ескерсек, стильдік ұқсастықтың болуы заңды.
217
216
«Мың бір түнде» Сейфүлмəлік дауыл соққан кемесі қаң-
бақтай жүйткіп отырып, əрең дегенде бір аралға ілігеді.
Жеміс жеп жүрген біреуіне: «Ей, пəленше, бері келші. Сен
шамасы, мені танымай тұрсың-ау. Əкел қолыңды, көрісіп
қояйық», – деген дауыс шығады. Қолын ұсына берген адам-
ның мойнына жын шегірткедей секіріп, сарт ете қалады.
Сөйтіп, аралдың адам түсті ақ жыланы – Рудіпайдың
шырмауында қалады.
Кемедегілер бір ай жүріп, тағы бір құрғаққа шығады. Ту-
лақ сияқты нəрсені көріп, теуіп жіберсе, астынан аларған
көз көрінеді. Сөйтсе, бір құлағын астына төсеп, бір құлағын
үстіне жамылып жатқан дəу екен, тепкен жігітті иығына
салып алып ол кетеді.
Қиссаларда теңіз саяхатының осы бір қызық тұстары
алынып қалып, əсерлік жағын Зəңгілер елінің айналасына
жинақтайды. Сейфүлмəліктерді құс қылып сайратып қойған
жерін тағы қажет етпейді:
Теңізде бiр арал бар хақ жаратқан,
Адам жеп, зəңгі дұшпан қанға батқан.
Қақтап жеп адам етін отыр екен,
Қуанып сақ-сақ күлер қаһар атқан.
(Ғашық... 1976-110).
В.В.Радлов нұсқасында:
Зəңгілер патшасына алып келді,
Оларды бейшаралар енді білді.
Патшасы арақ ішіп отыр екен,
Қуанғаннан отырып қарқ-қарқ күлді
(Ел қазынасы... 1994-433).
Осы өлең жолдарынан байқалып тұрғандай, бұл нұсқасы-
ның көркемдігі əлсіздеу, бірақ оқиғасы жағынан Сейіткерей-
Ақыт басылымынынан айырмасы жоқ болғандықтан, ары
қарай салыстырудың аса қажет емес екенін ескертеміз.
Қиссада Зəңгі қызын суреттеуге айрықша көңіл аудары-
лады. Оның Сейфүлмəлікке ұнамақ үшін қызартып, қара жү-
зіне опа жаққанын, бойы мұнарадай, мұрны көрдей, тырнақ-
тары піл тырнағындай екені, құлағына сырға орнына сарым -
сақ салынғаны əбден айыз қанғанша айтылады. Бұл сурет-
тер «Мың бір түнде» жоқ: «...өте сұлу шаһзаданы көріп,
қуанышы қойнына сыймайды. Бірақ, қанша қызықса да,
Сейфүлмəлікті маңына жуыта алмады», – делінеді. Осы бір
ауыз сөзбен қиссашылар 56 тармақ өлең тудырып, əсерлі өлең
жасайды (Ғашық... 1976-111-112). Өйткені, Зəңгі қызының
жағымсыздығы – Бəдіғұлжамалдың сұлулығын аша түсуге
қажет болған:
Шашақтап қара арқанды шашбау қылды,
Аяғаны шашын тізіп қара құрды.
Орамал – қара түндік, сəлісі – өрмек,
Патшаға бұл сипатпен келіп тұрды, –
дегенсөздерді қарасақ, түгелдей қазақ ұғымына айқын бей-
нелер болып шыққан. Мұны нəзирашылдықтың жақсы үл-
гісі деуге болар еді.
Ары қарайғы «маймылдар елі» «Мың бір түн» мен қазақ
қиссасында бірдей айтылады. Одан кейін қиссашы ақын
«итбастар елін» қосады (Ол «Мың бір түннің» «Сейфүлмə-
лігінде» жоқ). Шамасы, «Сандыбадтың жеті сапарынан»
алынып, үстеме əсер беру үшін пайдаланылған. Сондай-
ақ, «Мың бір түннің» басқа əңгімелерінен қосылған «ба-
219
218
лық оқиғасы» да бар. Бұл жерін кітап бастырушы Ақыт
қиссасынан алып қосқан болуы мүмкін, бір қиссада екі
ақынның аталуы сондықтан:
«Жайнаған жарқ-жұрқ етіп балық екен,
Жаратқан Тəңірім сондай халық екен.
Кітаптан көріп жазған ғаріп Ақыт,
Жарандар, мұның өзi анық екен», –
деп, Ақыт ақын жазады. Ақыттың суреттеуінде оқиға тіпті,
əсерленіп, жанды сөздермен күшейе түседі.
Байғызы үлкендігі бейне бүркіт,
Қорқады бишаралар онан үркіп.
Болғанда байғыз мұндай ағаларым,
Болады енді қандай үлкен бүркіт.
Көрсең із торғайлардың бейне қазы,
Қарасаң, мысығына бейне тазы.
Ішінде сол аралдың мекен етіп,
Кетпейді жануарлар қысы-жазы.
Одан соң құстың алып-ұшып бір жерге қонуы, ол
жерде балапанды жеуге ұмтылған айдаһарды өлтіруі, жол-
барыспен соғысып жеңуі Сейфүлмəлікке батырлық сипат
қосудың амалы болған деген ойдамыз. Өйткені, бұлар «Мың
бір түндегі» «Сейфүлмəлікте» жоқ, қиссашы ақындардың
қоспасы. «Балапан жемек болған айдаһар» мен жолбарыс
– «Шаһнамада» тағы басқа шығыс сюжеттерінде көп кезде-
сетін эпизодтар.
Біз, оқиғаға Ақыт өлеңдері қосылған жерден бастап, мұ-
қият қарап отырып, бұл ақынның қолтаңбасы, бəлкім:
Жолығар Тəңірі айдаған мүшкіл зарға,
Болар ма хақтан медет пейілі тарға.
Осындай Сейфүлмəлік істер көрді,
Сақтаса, Тəңірім өзі пəле бар ма, –
деген жерден бітті ғой дейміз. Өйткені, ары қарайғы:
Барарын қай тарапқа біле алмады,
Жол мəнісін еш біліп жүре алмады.
Жолдассыз не боламын енді деді,
Қарар қылып жапа-жалғыз тұра алмады», –
деген шумақтың көркемдік сапасы жағынан алдыңғы қол-
таңбадан айырмашылығы бар болып көрінді. Болашақта Ақыт
қисса-дастандарын зерттеу барысында бұл да бір көңілде
болатын нəрсе.
«Мың бір түнде» Сейфүлмəлікті маймылдар кездесіп
арқалап, жеті күн жол жүріп, Яфіс бин Нұхтың сарайына
əкеледі. Қиссада ұшып бара жатқан құстың аяғына жабысып
жетеді. Сарайдың алтын тағында ұйықтап жатқан қызды
көреді. Қыз (Мəлике) басындағы тақтайды алып, лақтырып
жібергенде, көзін ашып оянады. Ал, «Мың бір түнде» қыз
(Дəулетханым) ояу отырады.
Шығыстық сюжеттерде жынның сиқырмен ұйықтап жат-
қан кейіпкерлер кездесіп отырады (Мысалы, «Гүл мен
Санаубер») «Сейфүлмəлік» қиссасында бұл да өзге сюжет-
терден кіріккен эпизодтар деуге болады.
Қиссада: қыз диюдан жанын сұрағанда дию ұрып-соғады.
Мəлике: «Жыныңа жан қосқалы сұрап едім», – деп дəлелдей-
ді. Мұның өзі оқиғаның сенімділігін арттырады. Ал, «Мың
бір түнде» Дəулетханымның сұрауымен, жын өз жанының
қайда екенін бірден айтып береді. «Дию жаны» желісі «Ер
Төстікте» де бар. Сондай-ақ, «Мəлике – Маран» сюжетінен
221
220
де орын алғанын ескеріп, «Ер Төстіктің» соңғы бөлімдері ке-
йінгі «Мың бір түн» сюжеті тараған уақыттардағы қоспа
емес пе екен деген ой туады. Əрине, мұны жол-жөнекей ойға
келген пікір деп түсінген жөн.
Қиссасының жан дүниеге əсерлілігін арттыру мақсатын-
да «кейіпкерлер зары» келтіріліп отырады. Диюдың жаны-
нан құтылып, Мəликенің еліне барған соң да, атасының зары,
анасының зары айтылады. Олардың өз алдына оқиғалық
мағынасы жоқ, тек əсерлілік рөлі ғана бар екенін айтамыз.
Сейфүлмəліктің жоғалған досына кезігуі екеуінде екі түр-
лі «Мың бір түнде» (Сағадат) базар аралап жүріп кездесе-
ді. Қиссада (Сағит):
Жарандар, бек тамаша сөз болады,
Бейнеті ажалдының тез болады.
Шыққалы сахараға бара жатса,
Алдынан бір мүсəпір кез болады.
Яғни, қиссашы ақын оқиғаны қалалық желіден – далалық
желіге қарай алып шығады да, тағы да қазақи тіршілікке
жақындата түседі.
Сағадаттың əңгімесі Сағитқа қарағанда шытырмандау,
өзгешелеу. Ал Сағит, Сағадат сияқты, диюдың көзіне шала
сұқпайды, үстіне жылан сияқты мақұлық мінбейді. Рудіпай
оқиғаның бас жағында-ақ алынып тасталған болатын, сон-
дықтан Сағитқа да кезіктірмейді. Зəңгілер мен есекбастыға
кездесіп, қашып құтылады.
Бұдан кейін екі нұсқада да Бəдіғұлжамалмен жолығуға
дайындық жүреді. Мəлике (Дəулетханым) – Бəдіғұлжамал-
дың емшектес досы, екеуі жолығып мауқын басады. Көп ұза-
май Дəулетханым сауық кешін жасап, Бəдіғұлжамалды те-
резе алдына отырғызып қойып, ағашты, құстың қанатын
көрсеткен болып, Сейфүлмəлік тұрған жақты нұсқайды. Ал,
қиссада бұл эпизодты сенімсіз деп тауып, əуелі Мəлике ар-
қылы айтқызады да, «соңынан жұрт мақтаған жігітті» көру
ықыласы оянып, Бəдіғұлжамал:
Ғашықтық қыз көңіліне оты келді,
Естіген соң қыз іші қайнайды енді.
Ұят-ты көрнеу барсам ел-жұртымнан,
Жігітті оңашалап көрсем деді.
Бұл тұста да қиссашы ақынның Бəдіғұлжамал ибалы қа-
зақ қызына тым ұқсас болып шыққан.
«Мың бір түнде» бір қызықты, ғибратты əңгіме қиссаға
кірмей қалған: Сейфүлмəлік Бəдіғұлжамалға ғашықтық мех -
натын айтқан кезде қыз: Адамның ең атақтысы – жер жүзі-
не өкімін жүргізген Сүлеймен патша. Ол өзінің ынтығып
қосылған Былхұс зайыбына: «Менің некем – біреу! Өмір
бойы сенен басқа қатын алмаймын», – деген екен. Сол уəде-
сіне бір жыл да жетпепті. Бір сұлуды көріп, екінші неке
қылыпты. Оған жылап-еңіреп Былхұс, алпыс некеден асқан
соң, аузын ашқанды қойған. Сүлеймен сондай болған соң,
басқа адамнан қандай уəде күтуге болады, – депті (Мың бір
түн. 4–69).
Бұл ғибратты əңгімені қиссаға қоспаған себебі, қисса-
ның оқиғалық жағын көздеген болуы мүмкін.
«Мың бір түндегі» «Сейфүлмəліктің» соңғы жағында бү-
кіл шырғалаңның себебі болған суреттің сырын Бəдіғұл-
жамалдың əкесі ашады:
«Қызымның ерге қосылуы Сүлейменнің ықтиярында. Ол
əлемге үстемдігін жүргізіп, қыз біткеннің суретін сұраған-
да, соған жіберілген. Сүлеймен кімге берсе, соған қосыла-
223
222
ды». Яғни, екі ғашықтың бірін-бірі іздеуі тағдырына солай
салғандықтан болады. Тіпті бүкіл қисса сюжеттеріндегі бі-
рін-бірі суреттеген, не түсінде көруі осы эпизодқа қатысты
деп ойлаймыз. Қиссада бұл расы кіргізілмеген. Себебі, бас
кезіндегі «Сүлеймен оқиғасы» алынбағандықтан, соңғы жа-
ғы да қисынсыз болмақшы. Жалпы алғанда, қиссада «Сү-
леймен оқиғасынан» тек тонды бергендігі ғана аталып өтеді,
бірақ тереңдемейді. Себебі, тағы да қисса жазылған уақытқа
сай, оқырманға сендірімді болу жағын қарастырған.
«Сейфүлмəлік» сюжетіне жазылған, онымен мазмұн жа-
ғынан біркелкі, ұқсас боп келетін қисса-дастандардың бірі
– «Зияда-Шаһмұрат» (Батырлық... 1995-270-317). 1884 жылы
жарияланған бұл қиссаны шығарушы – Жақып Бижігітұлы.
Бірақ профессор Бейсенбай Кенжебаев «ХХ ғасыр басында-
ғы қазақ əдебиеті» атты еңбегінде бұл қиссаны Əріп Тə-
ңірбергеновтікі деп келген еді. «Жақып Бижігітұлы – Əріп-
тің лақап аты» деген. Оған себеп, Абайдың Əріпті: «Менде жоқ
алтын иек, сарала қыз», – деп, сынауы болатын. Шынында
«Зияда–Шаһмұратта»:
Назы, көз, қиғаш қара қабағы бар,
Нəсілі адамзаттан болса-дағы.
Безеген хор қызындай тамағы бар,
Көрмей жүзін естіген көп бозбала.
Болады екеуіне шала құмар, –
деген қисса стиліне тəн бейнелеу тəсілдері тым əсірелілігі-
мен, Абай талғамына сай келмей, Абайдай ойшылды илан-
дырмаса керек.
Егер жоғарыдағы жолда Абай Əріпті басқа қай шығарма-
сын айтуы мүмкін? Əріп шығармашылығын зерттеп, қол-
таңбасын, басқа жағдайларын салыстырып зерттеу арқылы
бұл мəселені анықтау керек-ақ.
Əзірге біз профессор Б.Кенжебаевтың сол пікіріне бас-
қадай нақты қарсы дəлел болмағандықтан, «Зияда – Шаһ-
мұратты» – Əріп Тəңірбергеновтікі, – деген қисынмен жү-
реміз (Кенжебаев Б., 1976-20).
Сонымен, Əріптің «Зияда – Шаһмұрат» қиссасының басы
«Сейфүлмəліктен» гөрі күрделілеу болып, негізгі кейіпкер-
лер Шаһмұратты (Мысырдан), Қорлы – Ғайыңды (Ирам-
бақтан), Зияданы (Бағдаттан) қатар таныстырудан баста-
лады. Зияда Сейфүлмəлік сияқты тоннан емес, түсінде көрген
қызға ғашық болады:
Кірген жоқ Қорлы – Ғайын түске жайша,
Шын менің жарым ба екен Құдай қосқан?
Бұрынғы ер Баһрам мысалынша, –
дегеніне қарағанда, ең ерте басылған «Сейфүлмəлік» қис-
сасымен бірге, «Баһрам қиссасының» біз білетін 1908 жыл-
дан бұрынғы бір басылымын білген немесе Науаидің «Жеті
аруындағы» Баһрамды айтуы мүмкін.
Бұдан соң Сейфүлмəліктегідей, қызды іздеп, теңізге тү-
седі, таудағы зəңгілерге кездеседі. Сейфүлмəлік отын тасып
жүрген жерінен зəңгілерден қашып кетсе, Зияда ерлікпен,
соғыспен аман шығады. Зияданы туындыгер күрескер бейне
етіп əрлейді. Бұл тұста «Дариға қыздағы» Мəдиге де ұқсап
кетеді:
«Ата-бабам ер Ғали медет бер!» – деп,
Қолға алып наркескенді атып тұрды, –
дейді. Бірақ, Зияда Əзіреті Ғалидің Зұлпықарын емес, қазақ-
тың наркескенін алып соғады.
225
224
«Сейфүлмəлікте» кейіпкердің «Мың бір түн» сюжетін-
дегідей, жай ғана кетіп қалып құтылатын жағдайларынан
Зияда ерлік күреспен шығып отырады. Соған қарағанда,
«Зияда – Шаһмұратты» жазуға негіз болған «Сейфүлмəлік»
қиссасы болса керек. Ондағы Сейфүлмəлік бейнесі қаһар-
ман Зиядаға айналған. Бұл тұста Баһрам ерліктеріне көбі-
рек ұқсайды. Сол екі қиссаға сілтеме жасалып отырады.
«Сейфүлмəлік көп іздеп Бəдіғұлды,
Жеріне Ирамбақтың о да жетті.
Жалғызы Шаһбанудың Күлəндадай», –
дегенді оқимыз (Батырлық... 1995-295-298). «Баһрам қисса-
сында» да «Зияда – Шаһмұратқа» сілтеме жасалған: «Төр-
тінші ғашық болған ол – Зияда» (Сонда. 1995-124).
Зияданың көрген түсін Қорлы да көреді. Ғашық болып
зарлайды. Осы уақытта Шаһмұратқа Мұфтал перінің қызы
Лəззатыбал ғашық болып, ал Лəззатыбалды түсінде Шаһ-
мұрат та көреді. Екеуі қосылған соң, пері қызының көмегі-
мен Зияда да Қорлыны табады. «Сейфүлмəлікте» Сейфүл-
мəліктің досы – Сағит пен Бəдіғұлжамалдың досы – Мəли-
кенің оқиғасы «Зияда-Шаһмұратта» екі ғашықтық – екі бө-
лек оқиғасы түрінде қиссаның соңында ғана байланысады.
Не дегенде де, бұл қисса оқуға тартымды, əдемі тілмен
жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |