Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет47/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

«Сақыпжамал»  (туындыгері  белгісіз).  Қиссаның  мағы-
насы – Құданың  құдіреті  күшті,  оны  адам  баласы  біліп 
болмайды.  Бір  патшаның  Сақыпжамал  атты  қызы  өліп,  оны 
көмген  соң,  Адам  атты  дəуріш  көрден  құлаққа  келген  үнді 
естіп, қызды босатып алады (Ел қазынасы... 1994-498).
Сақыпжамал  мен  Адам  дəуріш  қосылып,  Ыбырайым  ат-
ты  ұлы  болады.  Ол  ұлды  танып  қалған  шешесі  Сақыпжа-
малды  да  тауып,  көзайым  болады.  Патша  Адамды  қасына 
алып, жарты шаһарын билетті.
«Киік»  қиссасы  (Сонда. 1994-502). Бір  киік  кəпірдің  то-
рына  түсіп,  бауыздайын  деп  жатқанда,  Мұхаммед  Мұста-
паға  жетіп  келіп,  əжетіне  жарамас,  екі  лағы  бар  арық  киікті 
босатуын  өтінеді.  Егер  қайтып  келмесе,  құнын  төлемек  бо-
лады.  Киік  екі  лағын  ертіп  қайтып  келген  соң,  кəпір  киіктің 
мойнына  белбеу  сала  бергенде,  Мұхаммед  Мұстафа  тағы 
жетіп  келеді  де: «Киікті  жібер  де,  өзің  мұсылман  бол!» – 
дейді.  Мұхаммед  пайғамбардың  ісіне  мойынсынған  кəпір 
мұсылман болады.
«Шəриар»  (Сонда. 1994-506). Мұхаммед  пайғамбар  төрт 
сахабасынан  (Əли,  Əбубəкір,  Омар,  Оспан): «Балдан  тəтті, 
қылдан  жіңішке,  тастан  нұрлы  не?», – деп  сұрайды.  Олар: 
«Құранның  сөзі – нұрлы,  намаз – тəтті», – дейді.  Мұхаммед 
пайғамбардың  қызы  Бəтима: «Балбамның  жүзі – нұрлы, 
бабамның  сөзі – тəтті,  бабамды  өлгенімше  сақтамағым – 
жалғыз қылдан жіңішке сынды», – дейді. 
«Құсайын»  қиссасы  «Наушарбан  сұлу»  оқиғасына  ұқ-
сас.  Наушарбанға  үйленген  Құсайынға  кектенген  Жазып-
пен арадағы қақтығыстар сөз болады.
Шəді  Жəңгірұлының  «Назым  Сияр  Шəрифі» (Түзу 
жол,  ақ  жол  туралы  өлең)  діни  сюжетке  жазылған. (1995). 
Мұхаммед  пайғамбардың  өмір  жолын  суреттеп,  оны  үлгі 
етуге арналған шығарма. Бұл тақырып Шəдіге дейін де араб, 


259
258
парсы,  түрік  тілдерінде  көп  жазылған  болатын:  Вахиди 
(VIII-IX ғ.), Ибн Хишам (IX ғ.), Махмуд бин Əлидің «Неһдж 
ул-Фарадис» (XIV ғ.).  Шəді  дастаны  сияқты,  пайғамбары-
мыздың ақ жолын сипаттайтын, тұтас кітап болатын. 
Шəдінің  қиссасында  Хазіреті  Расулдың  дүниеге  келуі, 
Расулдың бабасы Ғабдулмақлабтың оқиғасы, Абутəліптің Ра-
сулды  Басраға  алып  барғаны,  Расулдың  Хадишаға  некеле-
нуі,  Расулға  пайғамбарлықтың  келуі,  құрайыштардың  дінге 
кіруі,  Пайғамбардың  Мəдинаға  сапары,  Алладан  хабар  ал-
ғаны,  т.б.  оқиғалар  айтылады.  Пайғамбардың  тарихи  жəне 
аңыздық бейнесі көрінеді. Мысалы:
Бір  əйелден  Пайғамбар: «Мына  қойды  неге  сауып  іш-
пейсіңдер?», – дегенде,  əйел  қойдың  өзі  арық,  ауру,  сүт 
шықпайтынын айтады.
Пайғамбар қатынға айтты: «Рұқсат берсең,
Бұл қойды мен сауайын қабыл көрсең.
Иншалла, емшегінен сүті шығып,
Жазылып, болып кетер қойлармен тең».
Мүбəрəк Расул қолы тегін емес,
Көп болып емшегінен сүт те келді.
Ол сүтке адамдардың бəрі тойды,
Артығын ыдысына құйып қойды.
Пырақ  бейнесі  де  Пайғамбарымыз  туралы  аңыз  əңгіме 
негізінде жазылған. Пырақ Жəбірейілге айтады:
Құдайым Мұхаммедке ғашық қылды,
Өткіздің жылауменен талай түнді.
Армансыз бара едім қияметке, 
Үстіме бір мінгізсең Расулды. 
(Жəңгілұлы Шəді., 1995-63).
Жалпы  алғанда,  дастанның  Мұхаммед  пайғамбар  бейне-
сін кейінгі ұрпақ жүрегіне жеткізудің рөлі зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет