«МЫҢ БІР ТҮН» ЖЕЛІЛЕРІ
«Мың бір түнді» Еуропа елдерінің тануы Энно Литман-
ның (дат тілінде 1921-1923), Галланның (француз 1703-1713),
Алексей Филатовтың (1763-1771) есімдерімен байланысты.
Орыс тілінде толық аудармасын 1929-1938 жылдар арасында
М.А.Салье жасаған. «Мың бір түн» Еуропа адамын орта
ғасырдағы шығыс елдерінің əлеуметтік өмірінен алынған
ақпарат қазынасы ретінде аса қызықтырды жəне экзотика-
лық мағынасымен, романтикалық əсерімен тартымды болға-
ны сөзсіз. Бұл жағынан қазақ оқырмандарының қызығушы-
лығын Қалмақан Əбдіқадыровтың (1903-1964) аудармалары
толығымен қанағаттандырады (Мың бір түн. 1945-1955;
1961-1962; 1993).
«Мың бір түн» сюжеттері қазіргі біз білетін жүйеге түс-
кенше бірнеше қалыптасу кезеңінен өткен:
1. Арабтың ежелгі аңыз-əңгімелері.
2. Индия сюжеттерінің элементі айқын көрінетін парсы-
ның «Мың ертегісінің» негізінде Х ғасырдың маңайында
түзіле бастауы.
3. Х-ХІІ ғасырда Бағдат төңірегінде тараған əңгімелер-
дің жинақталуы.
4. ХІ ғасырдан бастап, ХІІІ-ХІV ғасырларға дейін Египет-
те шығарылған əңгімелермен байытылып, ХV-ХVІІІ ғасыр-
ларда толық нұсқасының қалыптасуы (Герхардт М., 1984-
13). Осы уақыттар арасында ертегінің сюжетін мың бірге
толықтыру мақсатында көптеген əңгімелер қосылған. «Мың
бір түн» мың жылға жуық уақытта түзілген ғаламат шығар-
ма (Х-ХVІІІ ғ.).
Жұмыстың екінші тарауынан көрінгендей, Х-ХІV ғасыр-
дағы түрік ақындарының шығармаларынан əлі «Мың бір
түн» сюжеттерінің орын алмауы ол кезде қалыптасып, тарап
үлгермегенінің бір айғағы болса керек.
«Мың бір түн» сюжеттерінен шығыс елдеріне кең тара-
ған саласы – ғашықтық оқиғалары. Олардың ұзын саны
жиырмадан асады. Зерттеушілер (М.Герхардт) бұл əңгіме-
лердің төркіні парсының «Мың ертегісінен» алынғандығын
айтады.
«Мың бір түннің» ғашықтар оқиғасы таныс емес алыс
елдің ханшасына, əдетте патша қызы, екінші бір алыс елдегі
ханзада немесе патшазаданың көрмей-ақ, сырттай ғашық
болу желісіне құрылады. Осы жағрапиялық екі шеттегі екі
кейіпкердің бір-біріне жету жолындағы мақсатты жəне қызу
қозғалыстағы іс-əрекеті баяндалады. Оның айқын мысалы:
«Зергер мен сұлу қыз» (Мың бір түн. 1993-3-226). Онда зер-
гер бір досының үйінен қабырғаға салынған əдемі қыздың
суретін көреді де, есінен танып ғашық болады. Көңілін сұрай
келген досы суретті салған адамды тауып, хат жазып, қыз-
дың Кашмир əншісі екенін біледі. Зергер Шираздан Каш-
мирге келіп, ақылы мен айласының арқасында қызды алады.
Күшті қыз бен Ғажамның шаһзадасы Баһрамда (Мың бір
түн. 1993-3-251) кейіпкер батыр да күшті қыздың даңқын
сырттай естіп, іздеп келеді. Екеуі жекпе-жекке шыққанда
«қыз бетіндегі пердесін сыпырып жіберіп, бетін айдай жар -
қыратып күлімдей, күрек тісін ақ-сита қойғанда, жігіт балқы-
ған күмістей еріп, қызды босатып жібереді». Қыз соны пай-
даланып, Баһрамды аттан аударып алып, маңдайына таңба-
сын баса салыпты. Жолы болмаған Баһрам ақыры, шал кей-
піне түсіп, қыз сарайына бағбан болып орналасып, сүйгенін
қолға түсіреді.
Сырттай ғашық болу сюжеттерінде суретте көрген қыз
195
194
бірден, «тағдырдың талайы», «тағдырдың салғаны» деп қа-
былданып, мінезі, тəрбиесі, т.б. ескеріліп жатпастан, қаһар-
ман онымен қалай да қосылуға міндетті болады.
«Қамұрұззаман» (Мың бір түн. 1993-2-11) атты ұзақ əңгі-
меде: Мəлік Шаһраманның Құдайдан тілеп алған жалғыз
ұлы Қамұрұззаман əкесінің үйлендірмекші болғанына еш
көнбейді. Ақыры көнбеген баласын қаматып қойып:
Жүсібінен айырылған кəрі Жақып,
Жылай-жылай қос көзі түскен ағып, –
деп, өзін Жақыпқа теңеп, ұйқысыз түндерін өткізеді (Қамұ-
рұззаман Жүсіпке ұқсас, өте сұлу болады). Жын патшасының
қызы Маймина – Деһнаш деген диюдан əкесі жеті сарай
салдырып берген Мəлике Бадор деген қыздың жайын есіте-
ді. Қыз да ешкімге күйеуге шықпайды екен. Екеуін де көр-
ген дию бір-біріне көтеріп апарып көрсеткенде, қыз: «Бақша
аңсаған бұлбұл болсаң, қонатын гүлің – мен боламын», –
дейді. Екі ғашық бірін-бірі таба алмай, ауырып өлетін бола-
ды. Қыз жағынан іздеп шыққан Мырзуан Қамұрұззаманды
тауып, ауру қызға тəуіп болып барып көрініп, одан соң да
талай оқиғаны басынан өткеріп, Мəлике Бұдұр мен Қамұ-
рұззаман қосылады.
Ауру болған Мəликені аяп, оның емшектес ағасы Мыр-
зуан дүниені кезіп, дəру іздеп шығады. Қамұрұззаман деген
шаһзаданың да осындай ауруға шалдыққаны құлағына тиіп,
оны іздеп тауып, Мəликенің машақатын айтып, өзімен бірге
ертіп алады. Тəуіп болып киініп, өлгелі жатқан Мəликенің
алдына келгенде, ол бірден таниды. Некеленіп, жеті күн той
жасап, мақсат орындалған соң, еліне қайтуға рұқсат сұрайды.
Оқиғаның екінші бөлімі Мəликенің мақпалға түйіп, дене-
сіне сақтап жүретін асыл тасы жоғалуынан басталады. Оны
бір торғай алып ұшып, соңынан қуа-қуа Қамұрұззаман да
белгісіз бір қалаға келеді. Ол қаладан жылына бір-ақ рет
кеме жүреді екен, келер жылды күтіп жатып қалады.
Мəлике Бұдұр болса, «күйеуім жоғалды десем, елден
береке кетер», – деп күйеуінің киімін киіп, елді бастап кө-
шеді. Əлденеше күн жүріп, теңіз жағасындағы бір қалаға ке-
леді. Қаланың аты – Анбус, патшасы – Арманус екен. Оның
бойжеткен қызы – Наятіл-Нафис, ерекше Қамұрұззаман бо-
лып киінген Мəликеге ғашық болып, əкесі екеуін қосады. Мə-
лике шын сырын қыздың өзіне айтармын деген оймен келі-
седі. Келіспесе, бұл жерден құтылу оңай болмайтын. «Алты
ай баққан арықтай мəпелеп отырған сұлуды мына түріктің
жүгермегі алатын болды-ау», – десіпті арманда қалған боз-
балалар. Наятіл-Нафиске еріксіз қосақталған Мəлике бір
күні жасын төгіп жіберіп, қыз екенін айтады, содан екеуі дос
болып, жоғалған күйеуі табылғанша, сыр шашпайды.
Осыдан соң оқиғаның үшінші бөлімі басталады. Ол екі
əйелден туған балалары – Асғат пен Əжмат туралы. Айта кету
керек, «Қамұрұззаманның» соңғы екі бөлімі бірінші бөлі-
міне қарағанда, əлсіздеу, қисынсыздау шыққан. Сондықтан,
қазақ қиссаларында негізінен бірінші бөлім жырланады.
«Мың бір түндегі» ғашықтық туралы əңгімелердің бір-
азында бір-бірімен түсінісе алмаған, немесе ата-анасы қарсы
болып қоспаған оқиғалар суреттеледі. Соның нəтижесінде
кейде ғашықтар мерт болады. Сондай ғашықтардың ең таны-
малы – Лəйлі мен Мəжнүн. Герхардттың дəлелінше, олардың
«Мың бір түнге» кірмей қалу себебі кітапты құрастырушы-
лар тым танымал əңгімені алғысы келмеуінен деп көрсетеді
(Герхардт М., 1984-111). Бірақ ғашықтықтан өлгендер ту-
ралы хикаялар бар: «Ғашықтық туралы əңгіме», «Қасым мен
197
196
Ғадының əңгімесі», «Меккеге барған поп туралы əңгіме».
Бұл əңгімелердің жүйесі «Лəйлі-Мəжнүнге» ұқсас.
«Қасым бин Ғадының əңгімесінде» қорадан жүгіріп шық-
қан қыз бəйіт айтып отырған жігітке құшағын жая жүгіреді.
Қызды көріп жігіт те ұмтылады. Бірақ жан-жағындағы адам-
дар екеуін айырып, жібермейді. Олар бар пəрменімен ұмты-
лып келіп, құшақтасқан күйі жан тапсырады. Сөйтсе, екеуі
ағайын адамдардың балалары екен, қосылуға рұқсат берме-
гендіктен өліп кеткен.
Бұл сынды əңгімелердегі кейіпкердің іс-əрекеті де өзін-
ше батырлыққа жатады. Ол – əрекет батырлығы емес, сезім
батырлығы. Онда ғашықтық – соңғы меже. Ал, алдыңғы
топтағы парсы сюжеттерінің негізінде қалыптасқан «Мың
бір түндік» əңгімелерде қаһарман сүй-геніне жету үшін
амал-айла тауып күреседі. Араб əңгімелері оған қарағанда
пассивтеу екен (Герхардт М.).
Қайғылы ғашықтық сюжетін жырлаған ақынның бірі –
Шəкəрім. Шəкəрімнің «Лəйлі-Мəжнүні» 1907 жылы жазы-
лып, 1922-23 жылдары «Шолпан» журналында, одан кейін
С.Сейфуллиннің алғы сөзімен 1935 жылы жарыққа шыққан
екен. Бұл дастанның Шəкəрім жазғанға дейін де қазақ ара-
сында айтылып, жазылып танымал болғандығы анық. «Лəй-
лі-Мəжнүннің» бір нұсқасы 1902 жылы Қазаннан басылып
та шыққаны белгілі («Мəшһүр ғашық – мағшұқ Лəйлі мен
Мəжнүн хикаясы». Ш. Құсайынов мұрагерлері Қазанда
университет баспасынан шығарған). Бірақ, ақынның олар-
мен қандайлық таныс болғандығы əзірге мəлім емес, өз сө-
зіне жүгінсек, тікелей Физулиден алған (1494-1556), 17000
жол өлеңнен тұратын дастан (Сатбаева Ш.Х., 1993-78).
Автор дастанның кіріспесінде өзі жақсы білетін шығыс
ақындарын көпшілікке санамалап, таныстырып өтеді. Кей
қазақ біле бермейтін əлемге сөз нұрын жайған алыптармен
таныстыруы ақынның ағартушылық ниетінен туған:
Бұрынғы бəйітшіні білемісің?
Мен айтсам, оны кім деп күлемісің.
«Сабырбай, Жанақ, Шөже, Кеншімбай», – деп,
Түк білмей онан өзге жүремісің.
Науаи, Сағди, Шəмси, Физули бар,
Сайхали, Қожа, Хафиз, Фердаусилар...
Бəйітші елден асқан шешен болып,
Əлемге сөздің нұрын жайған солар.
Аталған ақындардың біразы өз замандарында «Лəйлі-
Мəжнүнді» жыр еткен. Низами, Əмір Хұсрау Дехлеви,
Əбдірахман Жəми, Науаилердің «Лəйлі-Мəжнүні» бар.
Лəйлі мен Мəжнүн шығыс əдебиетінде ертегілік кейіп-
кер емес, əдеби кейіпкер деп есептелінеді. Олар жайында
соншама дастан, аңыздар бар. Аңыздардың бірінде былай
айтылады (Сəйф Сараидың «Гүлстанында» (ХІV ғ.):
Бір патша Лəйлі-Мəжнүн оқиғасын естіп, ғашықтық аза-
бын осыншама тартқан қандай адамдар екен, бірін-бірі ын-
тық қылған неткен жандар екенін білейін деп, іздетеді.
Екеуін тауып əкелген соң, таңдана Лəйліге қарапты. Қараса,
өз кəнизектерінен асып кеткен сұлулығы жоқ сияқты. Мұны
байқаған Мəжнүн сонда: «Уа, патшам, Лəйліге менің көзім-
мен қараңызшы», – депті (Ежелгі дəуірдегі... 1991).
Осы аңызда Шəкəрім өзінің қара сөзінде: «...патша іздеп
барып, Лəйліні көрсе: жүзі жансыз қарасұрлау, өткір қара
көзді, нəзік қана əйел екен. Патша Мəжнүнге қайтып келіп:
«Лəйліде сонша қызығарлық сұлулық жоқ қой? Шын сұлу
199
198
болса, оған жанның бəрі құмар болмас па еді?», – дегенде,
Мəжнүн айтыпты: «Əр ақылды адам əлемнің қиын сырын
түгел аша алмайды... Лəйлінің анық нұрын көрем десеңіз,
менің көзіммен қарап, менің жүрегіммен ойласаңыз...» – деп
дамытады.
«Лəйлі-Мəжнүннің» Фазыл Иулдаш ұғлы жырлаған өз-
бекше нұсқасында да осы оқиғаны дастанның ішінде береді.
Ондағы патша – һарон Рашид (Лайли ва Мажнун. 1968-20).
Мəжнүн патшаға: «Сен айтқан бес жүз кəнизакты Лəйлінің
басқан ізіне алмаймын», – дейді.
Шəкəрім «Лəйлі-Мəжнүнді», «Жүсіп-Зылиха» сияқты, бас-
қа да қиссаларды қоса оқып-біліп жазғандығын, сюжетін-
дегі кейбір ортақ ұқсастықтарын байқауға болады. Тегінде
Мəжнүнді Жүсіпке ұқсату жалғыз Шəкəрім ғана емес, оған
дейінгі ақындар берген бағыт болса керек. Түркімен ақыны
Андалыбтың «Лəйлə-Мəжнүнін» қарағанымызда, онда ол:
«Ол оглан зыяда хошшсурат ве махталгат, он дерди гижəнин
айы дек, анық йұзиде хұсны – Юсуп пейда болды», – деген
жолдар бар (Дессанлар.1982-8). Андалыб өлеңге қара сөз
араластыра отырып жазған.
Дастанның оқиғасы əдеттегідей, перзентке зарығу желі-
сінен басталады:
Ерапта бір бай болды дəулеті асқан,
Саудасы əр патшамен араласқан.
Құдайдан бір мирасқор бала сұрап,
Малының садақаға көбін шашқан.
Одан ары қарайғы сюжет желісі көпшілікке танымал (Кү-
місбаев Ө., 1996-236-246). Кейінгі оқиғаларында Лəйлі мен
Мəжнүннің көптеген қиыншылықтармен бір-біріне жолық-
қаны, жазысқан хаттары, зарлары баяндалады. Қаза болған
Лəйлінің соңынан: «Өлсек те бірге өлейік, көрде бірге бо-
лайық», – деген Лəйлінің хатын алып, Мəжнүн Лəйлінің қа-
бірінің басына барады. Көзден қанды жасын ағызып, енді
тірліктің керегі жоқ деп тұрғанда, ғашығының қабірі қақ
айырылып Мəжнүн барып, Лəйлінің жанына жатқан соң,
қайта жабылып қалады. Екі ғашық о дүниеде қосылыпты.
Қайыстың (Мəжнүн) Лəйліге туа сала ынтық болуы: «Адам
Құдай-дың құдыретін танып, оны сүю арқылы махаббатты
біледі. «Сүйіспендік, əр нəрсенің себебі Құдайдан» дейтін
орта ғасыр əдебиетінде айтылатын ойлардан шыққан. Шек-
тен тыс идеал махаббатты жеріне жеткізе суреттеу үшін
ерекше оқиғаларды қосады. Ол екі нəрестенің бір-біріне
ынтықтығы, ғашықтардың бір-біріне жақындайын десе, де-
несінің өртеніп, лапылдап жана бастауы – сезім шынайылы-
ғын дəлелдеу үшін қолданылатын өзіндік тəсілдер. Осыған
ұқсас көрініс «Жүсіп-Зылихада» бар еді. Онда Зылиха өзінің
Жүсіпке ғашықтығын дəлелдеу үшін оның қамшысын қо-
лына алып, «уһ!» – дегенде, іштен шыққан жалыны қамшы-
ның алтын сабын ерітеді. Кейіпкердің аузынан жалын шы-
ғуы, зарлап жылауы, көзінен аққан жасының қан болып ағуы
дастан жанрына тəн суреттеуге жатады. Бүгінгі оқушыға
тосын болып көрінетін ежелгі қалыпты суреттеудің өзі Шə-
кəрім қаламында қазақ ұғымына лайықты, əсерлі шығады:
Дертіме табылмайды, сізден айла,
Кісендеп жынды десең мені байла.
Аузынан аһ дегенде жалын шығып,
Деді де талып кетті «Лəйлі-Лəйлі!»
«Лəйлі-Мəжнүннің» тағы бір ерекшілігі – мұнда кейіпкер-
201
200
дің сырт келбетін суреттеуге мəн бермейді. Əдеттегідей ас-
пан денелерінің нышанын, небір тамылжыған көркем те-
ңеулерді тізіп жатпайды. Оның себебі екі ғашық бірін-бірі
көріп ұнатқан емес, о баста Құдайдың құдыретімен ынтық
болып туғандар. Кішкентай нəресте Қайысты көрген дəрігер
бірден-ақ: «Бір түрлі жүрегінде қайғысы бар», – дейді.
Шəкəрімнің «Лəйлі-Мəжнүн» дастаны аударма емес.
Ежелгі əдебиетіміздің нəзира дəстүрін ХХ ғасыр басындағы
қазақ əдебиетіне жалғастырып, талантты ақындық қуаттан
туған шығарма.
Дастанды оқи отырып, Мəжнүннің көрген қиындығы
мен тартқан зары Шəкəрімнің өз жан азабымен үндестік та-
батынын аңғарамыз. «Мəжнүн барға ғашық болса, мен жоқ-
қа ғашық болдым, менің қайғым одан да асып кеткен жоқ
па?» – дейді. Шəкəрімнің іздегені: əділет, бостандық, терең
ғылым. Ақынның кіршіксіз жүрегі – кіршіксіз Лəйлі-Мəж-
нүн махаббатымен үндеседі де, əділдік таппай, өліп тынған
екі ғашықтың жолын құптап:
Басында Мəжнүн болды барға ғашық,
Жолында бір Лəйлінің жанталасып,
Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім,
Менікі кеткен жоқ па онан да асып?
Ақ жүрек, ғаділетке қолым жетпей,
Қу жаным, қуарып жүр өліп кетпей.
Ішінде көп арамның жүргенімше,
Құдайым тез алса екен тентіретпей, –
дейді (Құдайбердиев Ш., 1988-397-398).
«Мың бір түндегі» тағы бір ғашықтық оқиғалар тобында
əңгіменің аяғы жақсылықпен, ғашықтардың қосылуымен бі-
теді. Бірақ оған басқа біреудің, не қайырымды патшаның
көмегімен жетеді. Ал, негізгі қаһарман өз бетімен айлы-шар-
ғы іздемейді. Онда адамдар арасындағы қарым-қатынасты,
мінез, сезім иірімдерін суреттеуге көп көңіл бөлінеді. Бұлар
Бағдат ертегілері тобына жатады. Өйткені, мұндағы іс-əре-
кеттер Бағдат жерінде өтеді.
Ғашықтар қиыншылықпен күресіп жатпайды, оны шешу
үшін оқиғаға басқа бір кейіпкер араласады. Бұл əңгімелерде
оқиға шектеулі жағрапиялық төңіректе (Бағдатта) болады.
Бұл тақылеттес əңгімелерге: «Нұр ад-дин Əли», «Ғаним»,
«Əли ибн Баккар», «Джубайыр ибн Умайыр жəне Бұдұр»
жатады. Бұл сюжеттерде шым-шытырық оқиғалар шиеленісі
болмаса да, сезім иірімдері, жан дүние өзгерістері, қам-
қарекеттер жақсы көрінеді.
Қайраткер əйел бейнесі «Баһрамдағы» патша қызы бол-
са, «Əлішер мен Зұмұрұдта» – Зұмұрұд, «Нұраддин мен Мə-
риямда» – Мəриям өз мақсатына жету жолында күресуші
əйелдер.
«Мың бір түннің» көптеген əңгімелері саяхат жайлы
болып келеді. Саяхат оқиғасы теңіз арқылы немесе құрғақта,
ауада диюлар немесе самұрық құс т.б. мифтік кейіпкерлер-
дің көмегімен өтеді. Мысалы: «Сейфүлмəлік», «Хасен зер-
гер» əңгімелерінде саяхат оқиғалары араласқан.
«Сейфүлмəлікте» Ғасым патша алысқа жүзе алатын қы-
рық кеме құрастырып, Шын қаласына қарай бет алады (Мың
бір түн. 4-46). «Хасен зергерде»: Басралық зергер Хасанға
бір ажамдық «мыстан алтын шығаруды үйретпекші болып,
алдап халуа беріп, ұйықтатып тастайды: «Арабтың нанға ал-
данған күшігі! Сені қолға түсіру үшін қанша əуре бодым. То-
рыма енді ғана түстің бе?» – дейді де, есінен танған зергерді
203
202
кемеге салып алып белгісіз жаққа алып кетеді (Сонда. 4-76).
Баһрам (Ажам) мыс табағын қағып-қағып жібергенде, керіліп
жатқан даланың шетінен шаң бұрқ етіп, алдына үш түйе ке-
ліп шөге қалады (мифтік көлік). Сол бетімен жеті күн жол
жүріп, Жабал-Асхаб тауына əкеледі. Тау төбесінен химияға
қажетті ағаштарды тастатып алып: «Енді сондағы қураған
сүйектің бірі болып қала бер!» – деп түсірмей, тастап кетеді.
«Саяхатшы Синдбад» («Сандыбадтың жеті сапары») əңгі-
мелері арабтың ІХ-ХІV ғасырлардағы жағрапиялық əдебие-
тімен байланысты туған. Орта ғасыр арабтары керемет сая-
хатшы, көпестер болған (Гейхардт М., 1984-171).
«Сандыбадтың жеті сапары» – өз заманында жазылған
жекелеген кітаптардан алынып құрастырылған қызықты хи-
кая. Бір қызығы, оған негіз болған кітаптардың көпшілігі
тарихи өмірін тоқтатқан да, соның бəрін жинақтап айтқан
Сандыбад бүгінге дейін оқырманынан айырылмай келеді.
Сандыбадқа негіз болғандар: «Қысқаша ғажайыптар баяны»
(ІХ ғ.), «Үнді ғажайыптары» (Х ғ.), «Қытай мен Индияны
сипаттау» (ІХ ғ.) (Сонда. 1984-210). Бұл кітаптарда теңізші
əңгімелері фантастика түрінде берілген. «Сандыбадқа» ғы-
лыми еңбектер дерегі де кірген екен: Ибн Хордадбектің
(ІХ ғ.) «Жолдар мен патшалықтар», «Масудидің» (Х ғ.) эн-
циклопедиялық шығармалары. «Сандыбадта» шындық пен
қиял оқиғалары араласа кіріккен. Бірнеше эпизодтары Грю-
небаумның мақаласында грек əдеби нұсқаларына ұқсас деп
дəлелденген (Арабская... 1978). Мысалы:
1. Кеменің келіп тоқтаған жері – балықтың жоны болып
шығуы:
Сандыбад əкесінен қалған қазынаны босқа шашқанша,
сапар шегейін деп, желкенді кемеге мініп, саяхатқа шығады.
Бір күні кеме аралға келіп тоқтайды. От жағып, тамағын іше
бергенде, бір кемеші айқай салады:
– Кемедегілер, құрымай тұрғанда, кемеге жүгіріңдер!
Арал дегеніміз арқасын қайыр басқан балық екен, жаққан
оттарыңнан жоны қызып қозғалып барады... Құрыдық енді,
тездет! (Сандыбадтың бірінші сапары. Мың бір түн. 9-139).
2. Адам жегіш мақұлық:
Сандыбад екінші сапарда көрген бейнетін ұмытып, кемеге
мініп, тағы саяхатқа шығады. Дауыл айдап маймылдар елі-
не əкеледі. «Ішінде сары көзді, қара бетті, арыстан жалды
үлкендері келіп, кеменің арқанын тісімен қырқып жібереді.
Бір кезде гүрілдеген бір үн естіледі. Басын көтерсе: «Бойы
бəйтеректей, бейнесі адам сияқты, көзі шамдай жанып, тісі
қабанның тісіндей айқасып, екі құлағы салпылдап жерге
сүйретіліп, бір жан келді. Қол-аяғының тырнағы бүркіттің
тұяғындай», – бір мақұлық келеді. Ол мұрнын пысылдатып,
алдымен Сандыбадты ұстап, бүйірін, құйрығын ұстап көріп,
қой көрген қасапшыдай салмақтайды. Бəрін салмақтап бо-
лып, семіздеу кеме бастығын көтеріп, тасқа алып ұрады.
«Жарылған қарбыздай, басының мылжа-мылжасы шығады.
Істікті кеңірдегінен сұғып, құйрығынан бір-ақ шығарады».
Қақтап жейді. Күніне бір адамнан жеп, тауысып бара жатқан
соң: «Екі темір істікті отқа қыздырып, əбден қызған соң, екі
көзіне апарып бойлата сұғып жібереді» (Сандыбадтың үшін-
ші сапары) (Мың бір түн. 3-151).
Осыған ұқсас оқиға «Сейфүлмəлікте» де бар: Сейфүлмə-
ліктің досы Сағадат тау аралап жүріп, құлаған құдықтай
көзі үңірейген бір пəлеге кездеседі. Ол ұстап алған адамына
бір аяқ сүт беріп, соқыр қылады екен де, үңгірге қамап, се-
міртіп жейді екен. Сағадат оның берген сүтін ішпей, шұң-
205
204
қырға құя береді де, дəу бір мес шарап ішіп, қорылдап ұй-
қыға кеткен кезде: «Жанып тұрған оттан екі шаланы алып
барып, қорқаудың екі көзіне баса қояды. Екі көзі де ағып
түсе қалады» (Мың бір түн. 4-64).
Еуропа зерттеушілері бұл əңгімені Гомердің «Одиссея-
сының» Сириялық аудармаларынан алынған деген пікірде
(Герхардт. М.). Олар түрік əдебиетінің тарихын білген болса,
«Қорқыт ата кітабындағы» «Төбекөз дəуді өлтірген батыр-
ға» ұқсас екенін де айтқан болар еді. «Қорқыт ата» мен грек
əңгімелеріндегі ежелгі мифтердің түп-төркіні бір екені анық.
«Қорқыт атада»: «Басат (Бисат – Ə.Қоңыратбаев аудар-
масында. Қорқыт... 1986) Төбекөздің бас жағына барып,
бақылап, көзінің еттен жаралғанын білді.
– Ей, кəриялар, пышақты ошақтағы отқа тығыңдар, қыз-
сын, – дейді. Пышақ əбден қызған соң, Басат қолына алады
да, Мұхаммедке иман келтірді, пышақты Төбекөздің көзіне
қатты тыққаны соншалық, оның көзі ағып түсті» (Қорқыт...
1994-125).
«Сандыбадтағы» адам жегіш мақұлық «Сейфүлмəлік»
қиссасында:
«Сол мақұлықтың есектей бастары бар,
Адамдай беті, көзі, қастары бар.
Аяқ-қолы, тұлғасы, бейне аралдай,
Тілін адам білмейді нəжіс мордар.
Достарыңызбен бөлісу: |