Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет87/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   446
А. Е. Аубакирова 
ХАРАКТЕРИСТИКИ НЕОНИМОВ 
В данной статье представлены характеристики неонимов, их отличия от неологизмов. Автором проведена 
разбивка жизненного процесса неонимов на этапы и приведены краткие характеристики каждого из этапов. 
Приведены примеры переноса неонимов из терминологического поля спортивной сферы в финансово-
экономическую область. 
A. E. Aubakirova 
CHARACTERISTICS OF NEONIMS 
This article presents the characteristics of neonims, their differences from neologisms. The author has done a 
breakdown of the life process of neonims into stages and has given a brief description of each of them. The examples are 
given about transfering neonims from terminological field of sports areas to the financial-economic field. 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 69 
Л. Әлімтаева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы 
ҚОЗҒАЛЫС АТАУЛАРЫ РЕТІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ҚҰРАМЫ 
 
 
Қозғалыс және орын өзгерту ұғымдары орын, 
мекен, уақыт ұғымдарымен тығыз байланысты, 
өз ішіндегі ажырамас элементі. Кез келген 
қозғалыс кеңістікте ж‰зеге асады. Кеңістіктің 
материалдылығы, ‰шшамалылығы, көлденең-
дігі, тіктігі, құрылымдылығы, уақытқа қатыс-
тылығы секілді кеңістікті танудағы негізгі 
категориялар қозғалыс етістіктерінің мағына-
лық құрылымынан орын алады 
Қозғалыс етістіктерінің құрамы, сөзжа-
самы жеке қарастырылмағанымен, етістіктер-
ге қатысты морфология, сөзжасам аспектісін-
де сөз болады. Тіл білімінде бір буынды т‰бір 
етістіктердің ең көне тұлғалар екендігі аз сөз 
болған жоқ. Т‰ркі тілдеріндегі есім-етістік 
омонимиясын зерттеуші т‰ркологтар т‰ркі ті-
ліндегі кез келген т‰пкі т‰бір әрі затты, әрі
қимылды атап, синкретті болып келетінін
айтады. Сондықтан да белгілі т‰рколог
А.М. Щербак етістік формаларының бас-
тауында қимыл атаулары жатады дейді. Нақ 
осы қимыл атаулары есім-етістік синкреттілігі 
болған уақытында құбылыс пен процестерді 
тілдік құралдар арқылы атау барысында нақ-
ты сөйлеу ‰стінде сөйлеушінің іс-әрекетті 
орындаушыға және іс-әрекетке қарым-қаты-
насын білдірудің негізі қалана бастаған. Осы-
лайша қимыл атаулары арқылы етістік форма-
ларының семантикалық көп т‰рлілігі қалып-
тасқан [1, 3 б.]. Қозғалыс етістіктерінің құра-
мында да синкретті т‰бір ретінде танылатын 
етістіктер аз емес. Мысалы, "бат" - судың 
қағы, кірі, самаурын ішіндегі қатып қалған 
кірі мағынасында жұмсалатыны баяндалады 
[2, 116 б.]. "Бат" атауының мәні - су ішіндегі 
әрт‰рлі ерітінділердің ыдыс ішіне бірте-бірте 
сіңуі, жабысуы, батуы процесі негізінде пайда 
болған денотаттың аты. Яғни "бату" проце-
сінің негізінде пайда болған зат - "бат" деп 
аталады да, алғашқы архисеманың өзек, ортақ 
мағынасын өз бойында сақтай отырып, жеке 
денотатты атау дифференциалдық мағынаға 
ие болған.
«Без – без» ҚТТС-те I.
қашу, зыту, босып 
кету; 2. жорту, кезу, зымырау; 3. к‰дер ‰зу, қол 
‰зу, т‰ңілу; 4. ат тонын ала қашу, жоламау, 
тану, мойындамау. Ауыспалы мағыналары:
безе қашу, безер болу, жаннан безу, құдайдан 
безу, ұяттан безу т.б. [2, 209 б.]. "Без" сөзінің 
негізгі, өзек мағынасы - объектінің белгілі 
заттан не құбылыстан қорқуы, кетуі, қашуы 
т.б. Көпмағыналы тұлғадан бөлініп шығатын 
бірнеше семалар: 1.
объектінің бір заттан не 
құбылыстан қорқып қашуы, зытуы семасы;
2. объектінің кету семасы; 3. объектіден к‰дер 
‰зу, т‰ңілу семасы т.б. екінші мағынасы адам, 
жануар денесіндегі без.
Е.З. Қажыбеков "ен"-спускаться,сходить; 
"ен"-низ, спуск мағыналарын омоним ретінде 
т‰сіндіреді [3, 144 б.]. Көрсетілген семалар-
дың мағынасындағы ортақ сема - төменге қа-
рай бағытталған процесс, қимыл және сол қи-
мыл атауы.
Жел – жел. А.М. Щербак т.б. ғалымдар 
"жел" және "желу" сөздерінің мағыналық жа-
қындығын көрсеткенімен, кей ғалымдар жел 
сөзінің табиғат құбылысы мен қозғалыс мағы-
насын синкретті т‰бір ретінде таниды [1, 144 б.]. 
Ғалым А. Салқынбай «жел» сөзінің көне 
мағынасы – жылдам қозғалу, жылдам ж‰ру, 
жылдамдық болуы ықтимал. Жылдам ж‰ру, 
асығу семасы арқылы "аттың аяны мен шабуы 
арасыңдағы қатты ж‰рісі" мағынасы жасал-
ған. Табиғаттағы ауаның қатты ағынынан 
пайда болатын "жел" сөзі "жылдам қозғалу" 
семасы арқылы негізделген. Барлық тұлғалар-
ға ортақ мағына – қозғалыс, жылдам ж‰ріс. 
Сөйтіп, жел-жел сөздері омонимдік қатынас-
тағы сөздер емес, керісінше, бір-бірінің мағы-
наларына негізделе отырып, конверсиялық 
сөзжасам негізінде туындаған жаңа туынды 
сөздер деп таниды [4, 144 б.].
Морфологиялық тұрғыдан жіктеуге келе 
бермейтін, консервленген, этимологиялық жа-
ғынан к‰ңгірттенген өлі т‰бірлер [5, 55 б.]. 
Бұдан т‰йетініміз т‰ркологияда синкретті 
т‰бірлер деп танылып ж‰рген көптеген мағы-
насы ортақ лексемалар қозғалыс етістіктерінің 
құрамынан орын алады. Бұл олардың көне-
лігінің тағы бір дәлелі. Қозғалыс етістіктері-
нің байырғы т‰бірлер болуы негізді де. Заттың 
ең алғаш көзге көрінетін белгісі – оның 
сыртқы формасы мен т‰р-т‰сі. Іс-әрекеті мен 
қозғалысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет