Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Әбу умаманы



Pdf көрінісі
бет58/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   349
Пайғамбарымыздың Әбу умаманы 

маңайдағы халыққа мұғалім ретінде жіберуі

Әбу  Умама  (р.а.)  былай  дейді:  «Ардақты  елші 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Аллаһқа  шақыру,  Исламның  негіз-

дерін  үйрету  мақсатында  мені  өз  еліме  жіберді.  Мен 

118


 Ибн Жәузи, Сыфатус-сафуа 1/391


99

Аллаһ пен расулына шақыру

барғанда, олар түйелерін сауып, сүтін ішіп отыр екен. 

Мені  көрген  кезде:  «Амансың  ба,  Судай  ибн  Ажлан! 

Естуімізше,  сен  де  дініңнен  шығып,  әлгі  адамның 

жағына өтіпсің?» – деді. «Жоқ, мен бар болғаны Аллаһ 

пен  расулына  иман  еттім.  Расулаллаһ  мені  сендерге 

Исламды түсіндіруге жіберді», – дедім. Сол кезде бір 

табақ қанды ортаға қойып  жей бастады. Маған: «Сен 

де кел, Судай», – деді. Мен: «Мен мұны харам еткен 

пайғамбардан  келіп  отырмын,  тек  Аллаһтың  атымен 

сойғандарың ғана адал», – дедім. Олар: «Сонда ол не 

деп үйретеді?» – деп сұрағанда, мен былай дедім: «Оған 

бұл  мәселеде  мына  аят  түсті:  «Сендерге  мыналар  ха-

рам етілді: Өлексе мал, қан, шошқаның еті, Аллаһтан 

басқаның  атымен  сойылған,  (жаны  шықпастан 

бұрын  үлгеріп,  шартына  сай  түрде  сойылғандардан 

басқа),  буынып  өлген,  соғылып  өлген,  биіктен  құлап 

өлген, сүзілген немесе жыртқыш аңдар талап кеткен 

малдардың еті, пұттарға арнап сойылған малдардың 

еті және құмар ойнау арқылы тапқан еттер» (Маида, 

5/3). 


Оларды  Исламға  иман  келтіруге  шақыра  баста-

дым, бірақ олар қашқақтап, бас тартумен болды. «Бір 

жұтым су беріңдер, шөлден кеуіп барамын», – деп, су 

сұрағанымда, «Өлсең өліп кет, саған су бермейміз», – 

деген  жауап  естідім.  Сәлдем  бар  еді,  аптап  ыстықтан 

қорғанып, сонымен басымды шымқап алдым да, құмға 

жантайдым. Сол күйі мызғып кетіппін. Түсімде біреу 

бір шыныаяқпен су ұсынды. Дәмі өзгеше екен, басыма 

бірақ көтердім. Іле оянып кеттім. Содан кейін ешқашан 

шөлдеген емеспін»

119

.

119



 Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 8/279 (8074)


100

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет