Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


Жиілік сөздік сөзтізбелерін құру п р и н ц и п т е р і



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Жиілік сөздік сөзтізбелерін құру п р и н ц и п т е р і :
1) дереккөзде бірнеше нұсқада таңбаланған сөздердің дұрыс нұсқасын таңдап 
алу үшін олар канондық жəне бейканондық лексикалық бірліктер түрінде екі топ-
та қарастырылды. К а н о н д ы қ л е к с и к а ғ а
14
жататын сөздер, жиілік сөздік 
базасындағы мəтіндерде əртүрлі таңбаланғанына қарамастан, орфографиялық 
сөздіктің соңғы басылымы бойынша қазақ əдеби тілінің жазу нормасына сəйкес 
орфограммаларға келтірілді
15
. Мəтін базасында түрлі варианттармен мынадай 
сөздер қолданылды: 
– ескі кітаби тілдің бірліктері (ажым емес, əжім; ғəдауат емес, ғадауат
əбілқаят емес, абылхаят),
– игерілген орыс сөздері (машинамəшін емес, мəшинережим емес, режім
костюм емес, кəстөм, кострюль емес, кəстрөл), 
– сөйлеу стилінің бірліктері (барад емес, барады, кəйтіп емес қайтып
үйткені емес, өйткені), 
– диалектілік фонетикалық варианттар (дізе емес, тізедұз емес, тұзжəман 
емес, жаман), 
13
10-кестені қараңыз.
14
Канондық лексика деп жазылуы қатаң түрде орфографиялық нормаға бағынуы тиіс, олай 
болмаған жағдайда, мəтін ішінде жазбаформалық бейнесіне нұқсан келетін лексиканы айтамыз, 
бұған көбінесе толық лексикалық мағыналы атауыш сөз таптары мен грамматикалық мағынасы 
доминант болатын көмекші сөз таптарының бірліктері жатады.
15
Орфографиялық сөздік. Алматы: Дəуір, 2013.


28
– босаң орфографиялық норма бірліктері (шекара емес, шегаракөкөніс емес, 
көгөнісқыркүйек емес, қыргүйек), 
– кейбір қатаң орфографиялық норманы БАҚ-та жаппай бұзушылықтан туған 
қате жазу үлгілері (жəй емес, жай; шəй емес, шай; жəйт емес, жайт) т.б. 
Олардың барлығы орфографиялық нормаға сəйкес түрде берілді. Бұл жер-
де ескерте кететін жайт, орфографиялық сөздікте балуан, палуан, айғай, айқай 
сияқты т.б. жарыспалы вариант түрінде көрсетілген сөздердің варианттары 
мəтінде берілген күйінде түгел сақталды. 
Сөздіктегі сөздерді нормаға сəйкес түзету оның тілтанушы үшін ізденіс ма-
териалы ретіндегі құндылығына нұқсан тигізетіні белгілі, себебі сөздердің дəл 
мəтіндегідей көрінісі сақталмайды, əсіресе жазудағы тіл бірліктерінің қате вари-
анттарын талдауға, ортологиялық зерттеулерге қатысты мəліметтері дəйекті бола 
алмай қалады. Алайда сөздіктің мақсаттарының бастысы жалпы білім берудегі 
əдістемелік құралдарға негіз жасау болғандықтан, əдеби тіл нормаларының до-
минант болуы басымдыққа алынды. 
2 ) б е й к а н о н д ы қ л е к с и к а ғ а
16
жататын сөздердің сөзтізбедегі бар-
лық орфограммасы орфографиялық сөздікке қатаң түрде сүйеніп берілген 
жоқ. Олардың кейбірі мəтін ішіндегі нұсқада таңбаланып кетті. Бұл – олардың 
жазудағы варианттарының өзгергенімен мағынасының өзгермейтінімен, 
оқырманның оны тану процесіне бұдан еш кедергі болмайтынымен байланысты 
болған босаңдық. Мысалы: ойбу, ойбуй, үйбай одағайлары, бырқ-сырқ, дабыр-
күбір сияқты еліктеуіштер орфографиялық сөздікте берілмеген, ал салдыр-гүлдір 
еліктеуіші орфографиялық сөздікте салдыр-күлдір түрінде көрсетілген. Алай-
да бұлардың фонетикалық варианты түсінуге кедергі келтірмейтіндіктен, əрі 
бір компоненттерінің этимологиясы күңгірт болғандықтан, мəтіндегі нұсқасы 
сақталды.
3) қазақ тілінің грамматикалық нормасына қайшы, бірақ жиілігі жоғары 
сөздер сөзтізбеде сақталды. Мəселен, қазіргі мəтіндерде жиі кездесетін азамат-
ша, төрайым сияқты сөзтізбедегі қолданыстар қ а т е  екенін ескертеміз, тілімізде 
род категориясы жоқ болғандықтан, норма бойынша азамат, төраға түрінде 
қолданылуы керек. Алайда осындай теріс үрдістің көрінісін сөздіктен табу 
тілтанушы ізденістері үшін керек болады деген мақсатпен оларды қате болса да, 
сөзтізбеде қалдыруға тура келді;
4) кейбір социолектілік мəні бар сөздер сақталды. Мəселен, қарттардың тілінде 
қолданылатын кəриябейіл, бейілді, бейіш нормадағы қария, пейіл, пейілді, пейіш 
формасы да берілді;
5) сөзтізбеде қазақша баламасы терминком арқылы бекіген орыс сөздері 
берілмеді. Мысалы, анкета (сөздікте сауалнама), администрация (сөздікте 
əкімшілік), нерв (сөздікте жүйке), система (сөздікте жүйе). Олар сөзтізбеден 
бөлек алынды;
16
Бейканондық лексика деп жазылуы қатаң түрде орфографиялық нормаға бағынбаса да, мəтін 
ішінде жазбаформалық бейнесіне нұқсан келмейтін лексиканы айтамыз, бұған еліктеуіш сөздер мен 
одағайлар, қаратпа сияқты қыстырынды құрылымдар жатады.


29
6) алдыңғы принципке қарсы кейбір советизмдер мен баламасы бола тұра, 
мəтіндерде бүгінгі күнге дейін қазақшасымен жарысып, орысша нұсқада жиі 
қолданылып жүрген əсіресе тарихқа қатысты ұғым, түсінік атаулары сақталды. 
Мұндағы мақсат, біріншіден, Кеңестік кезеңдегі мəтіндердің тарихи шындығын 
ескеру, себебі оқушылар тарих пəнінде оларды өтпей қоймайды (мысалы, 
сөзтізбедегі совхоз, стахановшы, комсомол, комсорг сөздері), екіншіден, сөздік 
тұтынушысын қазіргі мəтіндердегі терминдік мəні бар, аудармасы жаппай 
қолданысқа енбей жатқан сөздерден де (мысалы, сөзтізбеде территория, аумақ 
та бар; моральахлақ та бар; космосғарыш та бар) бейхабар қалдырмау;
7) қазақша баламасы жоқ, халықаралық терминдік жүйеден орыс тілі арқылы 
енген терминдер кеңбейімді, тарбейімді қолданыс аясына қарамастан, мəтінде 
кездесу көлеміне қарай сөзтізбеде түгел қамтылды, мысалы: интонация, агробио-
ценоз, адсорбент, т.б.;
8) қазақша баламасы бекіп, кең қолданыс алған орыс тілінен келген термин 
сөздердің орысша түбіріне (негізіне) қазақ тілінің сөзжасамдық жұрнақтары 
жалғануы арқылы жасалған түрленімі сөзтізбеде сақталды: советтікглобальды
структуралық, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет