40
Егер негізгі түйіндердің басым бөлігін қайта қалпына келтіру қажет
болса, жабдық капиталды жөндеуге беріледі, себебі көптеген түйіндерінің
сенімділгінің төмендеуінен машинаның техникалық ахуалы нашарлайды.
Капиталды жөндеу тұрады: жабдықты толығымен бөлшектеу,
бөлшектерді тазалау және жуу, ақаулы бөлшектерді қадағалау және ауыстыру
немесе оларды қайта қалпына келтіру, машинаның кейбір түйіндерін жөндеу
және машинаның толығымен жинау. Қажет
болған жағдайда жабдықтың
капиталды
жөнделуі
нәтижесінде
жабдықтың
техникалық
және
эксплуатациялық қасиеттері ең жақсы үлгілердің деңгейіне дейін жеткізілетін
оның жаңартылуымен үйлеседі.
Электр стансалары мен желілердің капиталды және ағымдағы жөндеу
жұмыстарын жүргізудің мерзімділігі жұмыс сенімділігі мен үнемділігіне
қарай әрбір жабдық түрі үшін белгіленеді.
Агрегаттың екі жопсарлы жөндеулері арасындағы уақыт кезеңін
жөндеуаралық кезең (ЖАК) деп атайды, ал
агрегаттың бір капиталды
жөндеуінің басы мен одан кейін келетін капиталды жөндеу басына дейінгі
кезең – агрегаттың жөндеу циклы деп аталады.
Энергожүйелер үшін ЖАК ұзақтығы үлкен маңызға ие. ЖАК ұзақтығын
ұзарту және белгіленген шектерде жөндеуде жұмыссыз тұру ұзақтығының
сақталуы кезінде агрегаттың жұмысқа дайындық дәрежесі артады,
жөндеуге
қажетті қызметкерлер құрамының саны азаяды, энергожүйелердің
эксплуатациялық қоры артады.
Достарыңызбен бөлісу: