Алматы энергетика


  8.4 Инвестициялық жоба кезеңдерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

 


52 
8.4 Инвестициялық жоба кезеңдерінің сипаттамасы 
Инвестициялық жоба – экономикалық пайда алу мақсатында өндірісті 
жасаудың немесе жаңартудың кешенді жоспары.
Инвестициялық жобаны дайындау және іске асыру кезеңі 
инвестициялық цикл деп аталады және үш кезеңнен тұрады: инвестицияға 
дейінгі, инвестициялық, өндірістік.
Инвестицияға дейінгі кезеңде жобаны іске асырудың болжалды 
нұсқалары зерттеледі, шығындарды, өнімнің нарықтық сұранысын
нәтижелердің не әсерлердің әртүрлі түрлерін болжалды бағалау анықталады, 
сондай-ақ, сапамен, технологиялық деңгеймен және т.б. байланысты техника-
экономикалық зерттеулер жүргізіледі. Жобаның техника-экономикалық 
негіздемесі не шығындар мен нәтижелердің сараптамалық бағаларына 
негізделеді, немесе ірілендірілген (үлестік) көрсеткіштерге қарап анықталады. 
Бұл кезең қаржыландыру бағдарламасын жасаумен және бизнес-жоспарды 
құрумен аяқталады. Бизнес-жоспардың маңызды бөлімі экономикалық 
негіздеме болып табылады. Бизнес-жоспардың мақсаты – бұл инвесторға 
ақпаратты инвестицияны іске асырудың пайдалылығы немесе пайдасыздығы 
туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретіндей түрде ұсыну.
Инвестициялық кезеңде жобаға қатысатын ұйымдар – мердігерлер және 
жеткізушілер біржолата іріктеледі, тиісті құқықтық және жобалық құжаттар 
дайындалады, жобаны басқару жүйесі анықталады. Жаңа құрылыс 
жағдайында болашақ кәсіпорынның дирекциясы құрылады, ал әрекеттегі 
кәсіпорынға жобаны басқарушы тағайындалады. Жабдықты жабдықты жасау, 
құрстыру және жөндеу жүргізіледі.
Өндірістік кезеңде объектіні пайдалану жүзеге асады. Инвестициялық 
жобаны іске асыру екі өзара байланысқан экономикалық процесстермен 
көрсетілуі мүмкін: инвестициялау және салынған қаражаттан пайда алу. Бұл 
процестер бірізділікпен немесе кейбір уақыт бөліктерінде параллельді өтеді. 
Барлық кезеңдер бірігіп инвестициялық процесті, жүргізілу барысында 
табыс алынатын өндірістік процесті, және жобаны тарату (жою) процесін 
қамтитын есептік кезеңді құрайды.
Есептік кезең – инвестордың қаражат салатын және қолайлы жағдайда 
оларды өздеріне пайдамен қайтарып алатын уақыт кезеңі. Есептік кезеңнің 
ұзақтығы осы технологияның немесе өнімнің бәсекеге қабілеттік кезеңіне 
қарап анықталады. Жобаны қаржыландыру туралы шешім капитал салудың 
баламалы нұсқаларының қаржылық-экономикалық тиімділік көрсеткіштерін 
салыстыруға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет