бермейді. Объектив дүниедегі заттар мен болып жатқан құбылыс-
тар сөздердің лексикалық мағынасы ретінде қабылданып, қалып-
тасқанға дейін бірнеше психологиялық этаптарды басып өтулері
керек. Сондықтан да сөз мағынасын тек заттың не амал-әрекеттіц
санадағы бейнесі десе, онда сөз мағынасы тілдік категория болып
саналмастан психологиялық категория болып саналуы керек еді.
Бұл — бірінші.
Екіншіден, дүние жүзіндегі адамдар объектив
дүниедегі заттарды сезінуде, түйсінуде бірі екіншісінен онша ал-
шақ кете қоймайды, бірақ сөздердің семантикасында ондай ал-
шақтық байқалынады. Бұл, әрине, әр халықтың мәдени деңгейіне,
әлеуметтік даму сатысына, өмір сүрген ортасына, географиялық
жағдайына, тіпті жеке адамдардың өмір тануына да байланысты
сияқты.
Салыстырыңыз:
аринта деп аталатын австриялықтар
әкесімен туыс еркектерді
ката деп атаса, нағашыларын (ер адам-
дарын)
комуна деп атайды (Леонтьев 81, 74) *. Қазіргі орыс
тілінде бұлай бөлу жоқ, олар үшін бәрі —
дядя. Бұл сияқты
сәйкес келмеу туыстас тілдер арасында да кездеседі. Мысалы, өз-
бек тілінде
сингил сөзін еркектер де, әйелдер де қолдана береді.
Мағынасы — өзінен жасы кіші қыз балаға байланысты қолданы-
латын туыс атауы. Қазақ тілінде болса, еркектер өзінен жасы
кіші қыз балаларға байланысты қарындас сөзін қолданады. Сон-
дай-ақ
жиен сөзі екі тілдің екеуінде де қолданылады. Айырма-
шылығы сол — қазақ тілінде
жиен сөзі күйеуге шыққан қыздың
балаларына байланысты қолданылса, өзбек тілінде ағасының да,
інісінің де, қарындасы мен әпкесінің де балаларына байланысты
қолданыла береді.
Қорыта айтқанымызда, сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қа-
баттардан құралатын тілдік категория. Сонымен лексикалық ма-
ғына дегеніміз белгілі бір дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шарт-
ты, тарихй' және әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүние-
дегі заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі кұбылыстардың адам
санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі.
Сөз мағынасы объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың
толық бейнесі болып та саналмайды. Дүниедегі заттар мен зат
тар, құбылыстар мен құбылыстар түрлі қатынаста болады. Мы
салы, таза, ештеңемен байланыспаған қозғалыстың өзі болмай-
ды. Қозғалыс белгілі бір кеңістікте, мезгілде болады. Айтылған-
ның үстіне қозғалысқа түсетін субъект және қозғалыс бағытталған
объект те болады. Осы сияқты карым-қатынастар сөз мағынасы-
ныц құрамына еніп, бір сөздін екінші бір сөзден ажыратылып
жатуына не байланысып жатуына себепші болады. Егер дублет
сөздерді есепке алмасақ, кез келген сөз бірі екіншісінен әйтеуір
бір семантикалық не семантико-грамматикалық белгісімен ерек-
шеленіп жатады. Салыстырыңыз:
семіз, жуан, толық. Бұлар сино
ним сөздер, бірақ өзара олар да мағыналық реңктері арқылы
ажыратылып жатады. Тіпті кейбір сөздер мағына көлемі (аума-
ғы) жағынан тар не кең болуымен де ажыратылады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: