дығы анық. Сондықтан да сөз мағынасын өте кен көлемде түсін-
діруге
негіз
бар. Бұндай
пікірлермен барлық тілші келісе
бермейді. Сөз мағынасын алыс, жақын мағына деп (Потебня);
номинативті (негізгі), келтірінді, фразалық байлаулы мағына деп
(Виноградов) түрліше бөледі. Мұндай пікірлер осы кен. түсінікті
шектеу, саралау ниетінде туған. Эрине А. А. Потебня мен
В. В. Виноградов және оның жолын қуушылар сөздің лексикалық
мағынасының ішкі құрылымдық элементтеріне талдауды мақсат
етпеген, тек сөздің мағына түрлерін ажыратуды ғана мақсат
еткен.
Сөздің лексикалық мағынасы ішкі құрылым жағынан да бір
монолит, бөлінбейтін түсінік емес. Мағынаның бұл қасиетін, ең
алдымен, қолданушы адам мен сол адам мүше болған әлеуметтік
ортадан іздеу керек. Әрине кез келген сөйлеуші ада.м белгілі бір
информацияны екінші біреуге жеткізгенде жалаң информацияны
ғана хабарламастан оған өзінің жеке басының көзқарасын да
жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің бірі болып сана-
латын модалділік осыған негізделінген. Айтушы өз көзқарасын
тектен-тек білдіріп қана қоймастан оны беру жолын да, айла-тә-
сілдерді де ойлайды. Соңғы мақсат айтушы не жазушының сөздің
көп мағыналық қасиетімен, антонимдік, синонимдік қатарлары-
нан пайдалануына итермелейді. Мысалы,
Мен көрдім ұзын қайың
Достарыңызбен бөлісу: