тейді (Новиков 82, 97) *. Егер сигнификаттық мағына тек түйсік
арқылы қабылданған информация деп санайтын болсақ (идеалды
денотатпен тең), онда сигнификаттық мағына жалпыланбаған,
дерексізденбеген, жартылай көрнекілік бейнеге негізделінген ма-
ғына болып шығады. Ал мағынаның барлығы жалпыланған, де-
рексізденген
болады.
Сондықтан
сигнификаттық
мағынаны
А. А. Потебняның жақын (ближащее), С. Д. Кацнельсонның
экстенсионал мағынасымен салыстыру тиімдірек. Айырмашылығы
сол—жақын мағына да, экстенсионал мағына да сигнификаттық
мағынадан күрделірек; олардың құрамында айтушы не жазушы
адамның көзқарасына байланысты эмоциялық-экспрессивтік мән,
сөйлем құрамында не сөздердің ара қатынасынан туатын мағына-
лық элементтер (парадигмалык, синтагмалық), т. б. болады. Bi-
рак бұл екі мағынаның негізінде сигнификаттық мағына жатады.
Сигнификаттық мағына мен сөздердің лексикалық мағынасынын,
тең түсінік еместігі қаншалықты нақты болмасын тіл білімінде
ол екеуінің ара қатынасын ашуда пікір алалығына себеп болып
жүрген мәселелер аз емес. Ең алдымен, көпшілік тілші-ғалымдар
(логиктер мен философтар да) сигнификат терминін кең түсініп
семантика терминімен синонимдік мәнде қолданып жүр. Сөздің
лексикалық мағынасының құрамынан сигнификатты бөліп алу,
алдымен, объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың субъек-
тив бейнесі бір ғана түйсік арқылы жасалынбайтындығы, екінші-
ден, сөз мағынасы осы субъектив бейнеден ғана жасалынбай-
тындығын көрсету үшін қажет. Эрине идеалды денотат (ішкі)
сигнификаттың құрамына енеді. Демек сөз мағынасының қалып-
тасуында бірінші басқыш идеалды денотат болса, екінші басқыш
сигнификат болып табылады.
М. В. Никитин денотаттық мағына мен сигнификаттық мағы-
наның арасын жалпылық пен жалқылыққа байланыстыра отырып
анықтайды. «Пікір алысу кезінде сөздер (авторша имя) жеке зат
туралы пікір білдірсе, біз оны денотаттык мағына деп санаймыз...
Керісінше, пікір білдіру кезінде сөз жалпы туралы ой білдірсе, біз
оны
сигнификаттық
мағына білдіреді дейміз» (Никитин 74,
7—8) *. Мысал ретінде ағылшын тіліндегі
Peterisa teenagar (Петр
подросток — Петр жасөспірім) деген сөйлемді алады да
Петр
жекені көрсетеді, сондықтан денотаттык мағынаға ие. Ал, жасөс-
пірім ондай мағынаны білдірмейді, заттың сындык сипатын білді-
реді де сигнификаттык мағынаға ие дейді. Бірак автордың кейінгі
мысалдарында
жалкылылык пен жалпылылык жеке сөздерге
байланысты болмай-ак контекстен де аныкталатындығын көрсе-
теді.
Jhe tigers are hungry (Тигры голодные —
жолбарыстар аш)
деген сөйлемдегі
жолбарыс жеке заттарды көрсетеді де түсінікті
болады. Сондықтан
жолбарыстар аш. деген сөйлемдегі
жолбарыс
Достарыңызбен бөлісу: