Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет59/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
жауын, жақбыр, нөсер сөздерін синоним деп берген. Егер талдап 
қарайтын болсақ, жауын сөзінің білдіретін мағынасына тек жаң-
1 Антоним, синонимдер туралы жазылған бірнеше еңбектер бар. Қараңыз- 
дар: Болғанбаев 70; Очерки 66; Лексическая 72; Брагина 66; Феворин 53; Нови­
ков 73; Введенская 71; Шукуров 77*. т. б.
139


быр ғана емес, қар да, бүріиак, та енеді. Ал нөсер тек жаңбыр ғана 
емес, қатты, шелектеп құйған жаңбыр. Бірақ бұлар мағынасы 
жақын, синонимдік парадигмаға (ұштас мағынасымен) енетін сөз- 
дер. Сондай-ақ үй мен там сөздерінің денотаттык, мағыналары 
бір. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде үй сөзіне «адам тұратын, ме- 
кендейтін баспана» деп анықтама берсе (КТТС 9, 526), там сөзіне 
«шатырлы және тоқал үй» деп анықтама берген (КТТС 8, 574) *. 
Бірақ Ә. Болғанбаев бұларды синоним деп көрсетпеген. Өзбек 
тілінің лексикологиясын жазған авторлар синонимді ұғым бірлігі 
арқылы да анықтау барлық кезде дұрыс бола бермейді деген пі- 
кір айтады. Сондықтан да синонимнің басын біріктіріп тұрған 
қолданылудағы мағына жақындығы. Сөйлеуші не жазушы адам 
сөз қолданғанда өзінің мақсатына қарай парадигмалық топтағы 
(темадағы) сөздердің біреуін алып қолданады. Мысалы, сөйледі, 
сайрады, айтты, жеткізді, сыпсыңдады дегендердің барлығы да бір 
ортақ семаға ие сөздер. Айтушы тек баяндау мақсатын, хабарлау 
мағынасын білдіруді ойласа, онда айтты не сөйледі етістіктерінің 
біреуін қолдағаны; егер эмоциялық мән беріп, жақтырмауды коса 
білдіргісі келсе сайрады, сыпсыңдады, жеткізді сөздерінің біреуін 
қолданады. Әрине бұл қолданудағы мағыналық реңктер, стили- 
стикалық бояулар, тілдік нормаларды да есепке алады (Болған- 
баев 70, 33—39)*. А. А. Брагина синоним сөздердің лексикалық 
мэнін негіз етіп алу керек дей отырып, нәзік мағына айырушылық 
қызметін бірінші орынға шығарады (Брагина 86, 8) *. Шындығын- 
да да мұндай салыстыру негізінде анықталынған мағына сөйлеу 
процесінде адам ойының нақтылы болуын, сөздердің тіркесу қа- 
білетінің өсуіне, сөздердің көп мағыналы қолданылуына жол са- 
лады. Жоғарыда мысалға келтірген сөйлеу етістіктерінің барлығы 
да бірінің орнына екіншісінің колданылу мүмкіндігіне не, бір дис- 
трибуциялык позицияда (шенде) қолданыла алады.
Компонентті анализ қағидасы бойынша сөз мағыналарын кіші 
семаларға бөліп, талдап көрсетуге болады. Көпшілік сөздердін 
мағыналарын семалар арқылы көрсетуге болатындығын мойыида* 
ған жөн, бірақ барлық сөздердің мағына бөлшектері семаларға 
сәйкес келе бермейді. Сөз мағынасының құрамындағы семаларды 
жалпылаушы (архисема), айырушы (дифференциалды) семалар- 
дың (кей галымдар үшінші семалардың түрінін — потенциалды 
семалардын барлығын да көрсетеді) жиындысына не қосындысына 
тең деген түсінікке келмеуіміз керек. Пікірімізге бар, кел сөздері- 
нің мағына айырмашылығын көрсету үшін берген мысалдарымыз 
дәлел бола алады. Жалпы синонимдік катарға (топқа) енген сөз- 
дер өзара, кемінде екі түрлі байланысқа түсуі керек. Бірінші бай- 
ланыс — денотаттык, сигнификаттык мағыналарының арасында 
болса, екінші байланыс — тіркес аралығында болады. Бұл онын. 
екі түрлі қызметіне (біріншісі — гнесиологиялык, екіншісі — ком- 
муникативтік) байланысты.
Тілдердегі семантикалык парадигманын бір көрінісі — анто- 
нимдік катарлар. Окулыктарда болсын, күрделі монографиялык 
зерттеулерде болсын, шағын макалаларда болсын антонимді сино-
140


нимге қарама-қарсы қойып, қайшы мәндес сөздер деп анықтама 
береміз. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмай- 
ды, бұл гнесиологиялық категория да болып саналады. Дүниені 
танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қа- 
сиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Сондық- 
тан да В. И. Ленин «Ойлаушы парасат (ақыл) эр түрлі нәрсенің 
мұқалған айырмашылығын, түсініктердің қарапайым айырмашы- 
лығын, түсініктердің қарапайым әр түрлілігін мәнді айырмашы- 
лыққа дейін, қарама-қарсылыққа дейін аныктайды»,— деп, дүние- 
ні танып-білудің бір сатысы ретінде қарама-қарсы қоюды көр- 
сеткен (Ленин 29, 133) *. Эрине дүниедегі заттардың түрлі белгісі, 
түсі мен қасиеттері арасындағы айырмашылықтар анық көрініп 
жатпайды, оны адамзат ойлау нәтижесінде, сол қасиеттерді ойша 
салыстыру нәтижесінде анықтайды. Семантикаалық элемент ре- 
тінде қарама-қарсылық сөз мағынасының бір компоненті болып 
оның құрамына енбейді. Мысалы, жас, қарт. Бұл екі сөздің анто­
ним екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағы- 
на компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында 
да өзара антоним болған болар еді. Шындығында, жағдай басқа- 
шалау. Салыстырыңыз: Жас баланық жаудыраған көздері қандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет