Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет60/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
әдемі («Қаз. әдебиеті» газ.). Желк-желк еткен жас іиалғын,, Суық 
желмен майысып (I. Жансүгіров). Жақсылап пісірілген жас ба­
л ы к а аңсары ауып кетті (Ә. Нұрпейісов). Келтірілген мысалда- 
рымыздың үшеуінде де жас сөзі қолданылып тұр, бірақ мағынасы 
бірдей емес. Бірінші мысалымыздағы жас (жас бала) жаңа туған
сәби мағынасында, екінші мысалымыздағы жас (жас шалғын) 
жаңа шыққан, буыны қатпаған, қурамаған сөздерімен мағыналас 
болса, үшінші мысалымызда жаңа, қатпаған сөздерімен мағына- 
лас болып тұр. Осы үш мағынаның екеуінде ол кәрі сөзімен анто- 
нимдес болмастан, тек бірінші мысалымызда ғана антонимдік 
қатар жасай алады.
Семантикалық парадигма мүшелерінің мағынасы ретінде ан- 
тонимдік мағынаны мойындағанымызда, біріншіден, антонимдер 
сөздердің системадағы орнын белгілеуде, екіншіден, экстролинг- 
вистикалық мағынаның семантикалық категория ретінде қалып- 
тасуына, үшіншіден, тілдің негізгі қызметі — коммуникацияның 
тиімді болуына жағдай жасайды. Сондықтан да антоним болатын 
сөздер бірін — екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) шығар- 
мауы керек, немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші 
сыңарының болымсыз мағынада болуымен тынады деу дұрыс емес. 
Тіпті тілшілер арасында бар — барма, кел — келме сияқты түбір- 
лес сөздер (болымсыз қосымшалар арқылы) арқылы берілген қа- 
рама-қарсы мағынаны антоним деп атау, атамау мәселесі де даулы 
екендігін ескерту керек.
А. Н. Новиков К. Маркстің «Север и юг — противоположное 
определение той же сущности, различия одной сущности на высшей 
ступени ее развития... Истинными, действительными крайностями 
были бы плюс и не — плюс, человечной и не — человеческий род. 
В данном случае различие есть различие существования, в дру-
141


гом — различие между сущностями, различие двух сущности»,— 
деген (Маркс 1, 321) * пікіріне сүйене отырып қарама-карсы қою- 
дың екі түрі барлығын (1) бір құбылыстын. ішінде болатын, 2) екі 
не бірнеше құбылыстардың арасында болатын) көрсетеді. Автор 
антонимді бірінші топтағы қарама-қарсылықтардың катарына 
жатқызады (Новиков 82, 234) *. Сондықтан да қарама-қарсы қою 
бір заттың не кұбылыстың түрлі қасиеттері аралығында болатын 
құбылыс. Осы қасиеттер өмірде жеке-жеке бой көрсетсе де оны 
ойлау негізінде адамдар теңестіріп бірін екіншісіне қарсы кояды. 
Антонимдер осы қарама-қарсы қоюдың тілдегі көрінісі ретінде 
қалыптасады да тілдік система ғана анықталады.
Тіл материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, сөздердің 
антонимдік мағынада қолданылуында бір ізділіктің болмайтынды- 
ғына көз жеткізуге болады. Мысалы, жақсы мен жаман, өлі мен 
тірі сөздерінің арасындағы антонимдік қатынастар тең емес. Жак,- 
сы мен жаман бір қасиеттің екі шеті, оның орталық (центральный) 
өлшемі де бар. Бұл сын есімдерді қарама-қарсы қойып тұрған, 
антоним етіп тұрған салыстыру процесі емес, бағалау. Ал өлі мен 
тірі бір заттың екі түрлі қалпы ғана. Онда орталық шек те, баға- 
лау да жоқ, тек салыстыру ғана бар. Осы біздің қазақтың өлген 
кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жок, бо- 
латындығы қалай (Абай)? Мен — өлі жан, ешкімді талғамаймын, 
Рахымсыз билеріңді қорғамаймын. (Абай). Ал, от пен мүз сөздері- 
нің арасындағы антонимдік қатынас мүлде басқа қатынасқа негіз- 
делген. Бұл екі зат есім тура мағынада қолданылып өзара антоним 
бола алмайды, бірақ ауыспалы мағынада қолданылып от — ыс- 
тық, жалын; мүз — салқын, суықтық мағынасын білдіріп, бірі 
екіншісіне антоним бола алады. Салыстырыңыз: Мұз жүрегім май 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет