Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет73/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94
Асанға сөйле дегенде Асанның сол жерде болуы шарт. Нақ осы 
негізде Барсаң сәлем айта бар Қаламқасқа деген сияқты тіркесті 
қолдансақ та, Барсаң сәлем сөйлей бар Қаламқасқа деген тіркес- 
ті қолданбаймыз. Екінші айырмашылығы, сөйле етістігі жеке 
адамға да, көпшілікке қатысы бар информацияны хабарлау мәнін 
білдірсе, айт етістігі көпшілікке хабарлау мағынасын белгілі бір 
стилдік талапқа байланысты ғана білдіреді. Соңғы жағдайда ай- 
тылатын информацияның мазмұны анық болуы шарт. Мысалы, 
Арызьіңды халқыңа айт. Ал, Жиналған жүртқа сөйледі дегенде 
нені, не туралы сөйлегендігін білдіретін информация жоқ. Үшінші 
айырмашылығы сол — сөйле етістігі 
айтылған информациянын. 
бастауын, адресін білдірсе; айт етістігінде ондай қасиёт жоқ. Са- 
лыстырыңыз: Алматыдан сөйлейміз. Ал, Алматыдан айтамыз деу 
қазақ тілі үшін тілдік норма емес (Қырым татарлары үшін Таш- 
кенттен айтамыз — тілдік норма). Төртінші айырмашылығы — 
-ша, -ше қосымшасы аркылы жасалынған туынды түбір үстеулер- 
мен сөйле етістігі тіркесе береді, айт етістігі ол сөздермен тіркес- 
пейді. Ал сол үстеулерге -ла, -ле жұрнағы қосылу арқылы 
жасалынған көсемше формалы туынды түбір етістіктермен сөйле 
етістігі де, айт етістігі де тіркесіп қолданыла береді. Салыстыры- 
ңыз: орысша сөйледі, орысшалап сөйледі, орысшалап айтты, т. б.
Сөздердің дербестігін мойындауда тематикалық топтағы сөз- 
дердің арасындағы байланыстарға талдау жасау, анығырақ қоры- 
тынды жасауға жағдай жасайды. Ең алдымен, тематикалық 
топтағы сөздер өздерінің лексикалық мағынасының сыбайластықта- 
рына негізделінбей, өздері атауы болған заттар мен құбылыстар- 
ға негізделінетіндігін естен шығармау керек. Егер сөз магынасы 
тек системадағы орны не байланысы арқылы анықталады дейтін 
тезисті колдайтын болсақ, онда тематикалық топтың мүшелерінің 
барлығы да мағынасыз сөздер болған болар еді. Салыстырыныз: 
қарағай, іиыріиа, қайың, терек, арша сияқты сөздер ағаш атаула- 
ры ретінде бір тематикалық топ жасайды. Бірақ олар өзара сино-
172


ним де, антонимдік қатар да жасай алмайды. Бұл жердегі сөздер 
бірін екіншісі талап етіп те тұрған жоқ, бірақ әрқайсысының да 
өзіндік мағынасы бар. Тіпті кей тематикалық топқа енетін сөздер 
бір тілде болып, екінші тілде болмауы да мүмкін, не басқа мағы- 
нада қолданылатын жағдайлары да кездеседі. Салыстырыңыз: 
өзбек тілінде хола, амаки, амма сөздері туысқандық атаулары ре- 
тінде қолданылады, бірақ қазақ тілінде ол сөздер қолданылмайды. 
Ал жиен өзбек тілінде әрі ағасының не інісінің балаларын, әрі қа- 
рындасының не апасының балаларына байланысты қолданылса, 
қазақ тілінде тек қыздың балаларына байланысты қолданылады.
Демек, сөздерді белгілі бір парадигмалық қатынаста деп лек- 
сико-семантикалық топтың қатарына енгізгенде: біріншіден, сөз- 
дердің дербестігін мойындаймыз, екіншіден, сол семантикалық 
топқа енетін сөздердің өзара байланысып жатқан семантикалық 
белгілері болумен бірге, оларды жеке сөз етіп тұратын өзіндік 
ерекше семантикалық элементтердің де барлығын мойындаймыз, 
үшіншіден, лекснкадағы парадигмалық қатар сөздердің лексика- 
лык мағынасына сүйенеді, төртіншіден, сөздердің системадағы 
қатынасы, байланысы мағынаны белгілемейді, керісінше, мағына 
системадағы байланысты белгілейді.
Лексика элементтерін парадигмалық қатынастарына негіздеп 
топтастыруда ең кең құлаш жайған әдіс — лексико-семантикалық 
топтарға белу. Рас, тіл білімінде лексико-семантикалық топ тер- 
минімен бірге тематикалық топ, семантикалық өріс терминдері де 
қолданылады. Тематикалық топ сөздердің тек парадигмалық қа- 
тынасына негізделінбейді, олар әрі парадигмалық, әрі денотаттар- 
дың арасындағы байланыстарға сүйенеді. Екінші сөзбен айтқанда, 
тематикалық топтың көлемі парадигмалық қатардан да, лексико- 
семантикалық топтың көлемінен де кең болады. Қазіргі күнге дейін 
дәстүр бойынша қалыптасқан әдіс бойынша тематикалық сөздік 
жасаушылар етістіктерді де, зат есімдерді де бір тематикалык. 
топтың құрамына енгізіп, топтап жүр. Ал лексико-семантикалық 
топқа болса, лексикалық мағынасы жағыпан байланысқан бір сөз 
табына енетін сөздер ғана топтастырылып жүр. Салыстырыңыз: 
Орысша-болгарша тематнкалық сөздікте табиғат деп аталынатын 
тематикалық топқа экватор, меридиан, градус, рельеф, ландшафт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет