Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет76/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
лыңдық пен жиен, бала мен қүданың арасында тікелей мағыналық 
байланыс болмағанымен, қалыңдық пен күйеу, нағаіиы мен жиен, 
ana мен сіңлі сияқты сөздердің арасында ондай байланыс бар. 
Соңғы байланыс жақсы мен жаман, алые пен жақын, тату мен 
араз, кел мен кет, жақында мен алыста сөздерінің арасындағы 
қатынасты антонимдік қатынаспен тек дсп болмайды. Шынды- 
ғында да қалындық болмаса күйеудін болмайтындығы, жиені бол- 
маса нағашы аталынбайтындығы анық. Бірак бұл сөз семантика- 
сындағы байланыс емес, логикалық байланыстар. Сөздерді тема- 
тикалық топтарға топтастырғанда, сөзсіз, олар арасындағы бір 
байланыс негіз етіп алынады. Сондықтан да туысқандық атаула­
рын білдіретін сөздер: а) қандық туысқандықты (ата, бала, қыз, 
немере, т. б.) және ә) некемен байланысты атаулар (келін, қүда, 
балдыз, қайын, т. б.) деп белуге болады. Кейде тематикалық топқа 
тектің түрге қатынасын білдіруіне карай да топтастырылады. Мы­
салы, орысша-өзбекше тематикалық сөздікте есімдік деп аталы- 
натын тематикалық топқа 1) өсімдік (ағаш, шөп, жапырақ, бүтақ, 
өзек, тамыр, т. б.); 2) орман (шынар, қайың, арша, шырша, терек, 
т. б.); 3) бау (алма, алмүрт, алиха, жаңғақ, жүзім, анар, т. б.);
4) бақша (картоп, сәбіз, қызылига, пияз, т. б.); 5) егістік (мақта, 
бидай, арпа, сүлы, күріиі, т. б.); 6) гүлдер (райхан, еңлікгүл, қыз- 
іалдақ, т. б.) сияқты сөздерді енгізген (Тихонов 75, 33) *. Бұл 
сөздерді ары карай соза беруге болады. Мысалы, ағаштың түріне
J 7 6


енетін тал, ариіа, самырсын, қарағай, шыриіа, бал қарағай, иіы- 
нар, қайың, терек, жықғыл, тобылғы, т. б. сөздерін енгізіп, олар- 
дың өздерін де жене топ ретінде көрсетуге болады. Барлап кара- 
ран адамға иіыріиа мен қарағай сөздерінің арасында тікелей бай- 
ланыс жоқ, сондықтан бірінін тілде қолданылмауы екіншісіне эсер 
етпейді. Нақ осындай өзбек тілінде иіыриіа сөзі қолданылмайды 
да қарағай сөзінің беретін мағынасы қазак тілінде қолданылатын 
қарағай сөзінің мағынасымен тең. Сондай-ақ өзбек тілінде анжир 
сөзі қолданылады. Оның өзі бойы онша биік болмайтын, жеміс 
беретін тал (оның жемісін де анжир деп атайды). Қазақ тілінде 
ондай ағаш атауы да, жеміс атауы да жоқ, бірақ бұдан өрік, алма, 
жиде, алша сияқты жеміс атауларының мағыналарында болған 
өзгеріс байқалмайды.
Тематикалық топ пен лексико-семантикалық топты салыстыра 
отырып мынадай қорытындыға келуге болады. Ф. П. Филин кез 
келген лексико-семантикалық топ әйтеуір бір тематикалық топтың 
құрамына еніп, соның бір элементі болады деп дұрыс айтқан бо- 
латын (Филин 82, 233) *. Екіншіден, тематикалык топ та, лексико- 
семантикалық топ та объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар- 
ды, оның амал-әрекеттерін, түрлі қасиеттерін бейнелейді. Осы 
негізде кез келген лексико-семантикалық топтың тематикалық 
топтың кіші бір тобымен тең түсуіне жағдай жасайды. Үшіншіден, 
тематикалық топқа сөздерді топтастыру сөздердің лексикалық 
мағынасына негізделінбей, тікелей заттың өздеріне не ұғымға 
сүйенеді. Ал лексико-семантикалық топқа енген сөздер өздерінің 
лексикалық мағынасының сыбайластығына, ортақ семантикалық 
байланысқа ие болғандықтан, олардың бірінің екіншісіне тигізер 
ықпалы бір текті болмайды, кейде араларындағы байланыс бай- 
қалынбайды да. Ал, лексико-семантикалық топтың мүшелері өза- 
ра тығыз семантикалық байланыста болғандығы үшін біреуінін. 
мағынасы өзгерсе, екіншісіне ықпал етеді.
Лексико-семантикалык топтың мүшелері арасындағы парадиг- 
малық байланысты анық көру үшін тілшілер компонентті анализ 
әдісін көбірек пайдаланады. Бұл әдіс бойынша сөз мағыналары 
бірнеше майда элементтерден-семалардан кұралады деп есептей- 
ді. Семалар тек лексикалық мағынаның құрамында ғана болып 
қоймастан грамматикалық мағыналар құрамында да кездеседі 
(Степанова 68, 142—143) *. Мысалы, етістіктің шақ категориясы, 
біріншіден, адам — әрекетпен не козғалыспен қатысты болады, 
екіншіден, белгілі бір уақытпен байланысты мағынаны, үшіншіден, 
амал-әрекеттін аяқталыну, аяқталынбауымен не басталыну, бас- 
талынбағандығымен байланысты, т. б. мағынаны білдіреді. Жалпы 
семалық талдау сөз семантикасымен байланысты алып бары- 
лады да, объектив дүниедегі заттардан қабылданған сигналдар- 
мен тең түседі. Сондықтан да сема — экстролингвистикалық эле- 
менттердін сөз семаитикасындағы көшірмесі 
(белгілі дәрежеде 
сәйкес келетін) деп түсінуге болады. Сондықтан да сөз дегеніміз 
заттың, құбылыстын атауы деушілер сөз мағынасын осы семалар- 
дың қосындысы деп есептегенінде де оғаштық жоқ. Шындығында
1 2 - 2 9 2 0
177


да сөз мағынасы семалардың косындысына тек бе? Кез келген 
сөздердін мағыналарын семаларға ажыратып, талдап көрсетуге 
болады ма? Әрине бұл теориялық жағынан мүмкін болғанымен 
де тілдегі жағдай сәл басқашалау. Ең алдымен, тіл тек система 
болып саналмастан системалар системасы болатындығын да естен 
шығармау керек. Сондықтан да сөз мағынасында адамның сезім 
мүшелері аркылы қабылданылмайтын, адам ойының қызметі не- 
гізінде жасалынатын мағыналардың да бар екендігін есепке ал- 
ған жөн. Соңғы жағдай барлық сөз біткендерді семалық талдау 
жасауға мүмкіндік бермейді, бірақ семалық талдауларға түскен 
сөздердің мағына құрылымына оңай түсінік беруге болады (Сте­
панова 68; Гак 72) *.
Тіл білімінде сема терминімен бірге семема, мемема, семанти- 
калық көбейткіш (семантический множитель), мағыналық компо­
нент сияқты терминдер де қолданылады. О. С. Ахманова семема 
(Semema) терминіне екі түрлі мағына берген. 1. Парадигмалық 
қатар мүшелерінің мағыналық системасының ең кіші элементі.
2. Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны. Ал сема терминіне 1) си- 
стеманың варианты (альтернаты); 2) синтагмалық қатарға түсіп 
басқа сөздермен байланысатын мағынаның ең кіші элементі. Се­
мантема, семантикалық көбейткіш терминдері де осыған жуық 
мағыналармен анықталады. Демек О. С. Ахманова семаға аньіқ- 
тама бергенде, біріншіден, сөз мағынасының ең кіші, ары қарай 
бөлінбейтін бөлшегі және екінші, сөздін, объектив дүниемен бай­
ланысатын мағыналық элементі деп есептейді (Ахманова 66, 401 — 
402) *. Бірақ сөз мағынасын компонентті анализ әдісі бойынша 
талдау жасаған ғалымдардың көпшілігі семема сөз мағынасының 
майда элементі деп санамастан, сөздердің мағынасымен тең деп 
те анықтама беріп жүр (Васильев 81, 21) *. Өзбек ғалымы И. Куч- 
қартаев болса, семема объектив дүниедегі заттар мен кұбьілыс- 
тардыц адам санасындағы бейнесі деп те есептейді (Кучкартаев 
77, 49) *. Әдебиеттерде сема мен семемаларға берілген басқа да 
анықтамалар, түсініктемелер бар, бірақ біз бүл екі терминді ма- 
ғына жағынан ажырата қолданушылар жағындамыз. Яғни сема 
термині сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі деген мағынада, семема 
термині болса сөз мағынасына жуық мәнде қолданамыз. Сема 
мен семеманы, семема мен сөз мағынасын ажыратқанда мына 
нәрселерге көңіл аудару керек сияқты. Біріншіден, сема мен се­
мема сөз мағынасына байланысты болса да, ешқашан толық 
мағына аркылы берілмейді, олар имплициттік сипатқа не болады. 
Екіншіден, семема семалардың қосындысынан жасалынбайды. 
Яғнн семемалар айтушының, жазушының мақсатына, білім дәре- 
жесіне, мұктажына байланысты (ситуацияға байланысты) өзгеріп 
отырса, семалар ондай өзгеріске түспейді. Үшіншіден, семалар 
объективті дүниелерден түйсік аркылы қабылданған информацня- 
лармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабыл- 
дап, адам ойындағы жалпылау, дерексіздену қасиетімен байла­
нысты болады. Ал, сөз мағынасында адам ойынын жалпылаған, 
дерексізденген объектив дүнненің бейнесі болумен бірге тілдік
178


снстемамен байланысты мағыналық элементтер де болады. Сон- 
дықтан да көп мағыналы сөздер дегенде осы қолданылу процесін- 
дегі семалардың біреуінің бір тіркесте, екіншісінің екінші бір 
тіркесте шешуші позицияға шығуын, сөз мағынасы ретінде бой көр- 
сетуін айтамыз. Сондықтан да біз сөздің қолданғандағы мағына- 
сы мен адам ойындағы ұғымның көлемі сәйкес келе бермейді деген 
тезисті қолданғанбыз. Төртіншіден, сема мағынаның ең кішкентай 
бөлшегі; ары қарай майда бөлшектерге бөлінбейді. Сондықтан да 
сөз мағынасын компонентті анализ әдісімен талдап қарайтын бол- 
сак, онда сөз мағыналарын бір не бірнеше семаларға бөлуге бо- 
латындығына көз жеткізуге болады. Мысалы, жүр етістігін алып 
көрелік. Бұл етістіктің лексикалық мағына құрамында, біздіңше, 
мынадай семалар бар: 1) қозғалу қимылы бар, 2) қозғалған заттың 
бір орыннан екінші бір орынға өткендігін білдіреді, 3) қозға- 
лу жерде болады, 3) бағытсыз қозғалысты білдіреді, 5) қозғалыс- 
тың темпісінің баяу (жүгіруге қарама-қарсы) болғандығын, 6) про- 
цестің созылыңқылығын, т. б. білдіреді. Ал, түс етістігінде болса, 
1) козғалыс қимылы бар, 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші 
орынға өткендігін білдіреді, 3) қозғалыстың жоғарыдан төмен 
карай болғандығын білдіреді, 4) козғалыстың темпісіне нейтраль 
болады, 5) козғалған заттың белгілі бір жерге, территорияға ба- 
ғытталғандығын білдіреді, т. б. Жоғарыдағы мысалдарымыздан 
кез келген сөздердің мағынасы майда семалардан кұралады, не- 
месе сөздердің мағынасын майда семаларға белуге болады деген 
қорытынды шығаруға болады. Бірак сөздер тіркесте келіп, белгілі 
бір максатта колданылуымен байланысты сөз мағынасымен бай­
ланысты болған семалардың барлығы бірдей сөздің сол тіркестегі 
мағына компоненттеріне енбеуі де мүмкін. Салыстырыңыз: Сол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет