Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»



бет20/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Тұжырымды сөйлемдер

Ш/Ж

Қазақ халқы жігіттің бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірген.

шын

Халқымыз «келіннің – таяғынан, қойшының аяғынан» - дейді.



жалған

3. Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз.
Ұлттық ойын атаулары теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес .

4. Сұрақтарға жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз.


Мәтіннің идеясы : Қазақ халқына бала тәрбиесінің маңызы.



5.Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.

Қазақ халқы ұл баланы қалай тәрбиелеген?
Қазақ халқы ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен.



Қыз баланы қалай өсірген?
Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Ата-ана қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

22 тыңдалым. 6 сынып.


Тақырыбы: «Мамандық түрлері»


Мақсаты: Тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, берілген сұрақтарға жауап жазу. Оқушылардың тыңдалым, жазылым дағдыларын дамыту.
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн-нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге, ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім. Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.
Тапсырма. Тестік тапсыррмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.


А) ЖОО, мамандық, болашақ
В) Жұмысбастылық, еңбек, білім
С) Адамдар, білім, студент
Д) Зерттеу, адамдар, күш

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.


А) Мамандық түрлері туралы
В) ЖОО туралы статистика
С) Студенттерді оқыту
Д) Болашақ мамандықтар туралы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет