Зерттелетін зат
|
Белсенділіктің жоғарылау бастамасы, сағ
|
Белсенділіктің максимум жоғарылауы, сағ
|
Қалпына қайта келуі, күн
|
Арту еселігі
|
АСТ
|
5-6
|
24-48
|
4-7
|
2-20
|
СК
|
2-4
|
24-36
|
3-6
|
3-30
|
СК-МВ
|
2-4
|
12-18
|
2-3
|
8 дейін
|
ЛДГ
|
8-10
|
48-72
|
6-15
|
8 дейін
|
ЛДГ-1
|
8-10
|
30-72
|
7-20
|
8 дейін
|
Миоглобин
|
0,5-2
|
6-12
|
0,5-1
|
20 дейін
|
Тропонин Т
|
3,5-10
|
12-18
|
7-14
|
300 дейін
|
Тропонин I
|
4-10
|
18-30
|
5-10
|
300 дейін
|
ЛИПОПРОТЕИНДЕР ЖӘНЕ ЛИПИДТЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ
(см. электив «Кардиомаркеры»)
А. Структура и функции липопротеинов (см. табл.1).
Липидтер әртүрлі функцияларды орындайды. Олар жасуша мембраналарының құрамына кіреді, стероидты гормондардың, өт қышқылдарының, простагландиндердің және фосфоинозитидтердің бастамалары ретінде қызмет етеді. Қанда липидтердің жеке компоненттері (қаныққан, моно-және полиқанықпаған май қышқылдары), триглицеридтер, холестерин, холестерин эфирлері және фосфолипидтер бар. Барлық осы заттар суда ерімейді, сондықтан ағзада липидтерді тасымалдаудың күрделі жүйесі бар. Бос (этерификацияланбаған) май қышқылдары альбуминмен кешендер түрінде қанға тасымалданады. Триглицеридтер, холестерин, холестерин эфирлері және фосфолипидтер суда еритін липопротеидтер түрінде тасымалданады. Липопротеиндер – бұл гидрофобты өзек пен гидрофильді қабықтан тұратын сфералық бөлшектер. Өзек құрамында полярлы емес липидтер – триглицеридтер және холестерин эфирлері бар. Қабық полярлы липидтерден – холестериннен және фосфолипидтерден тұрады, осы молекулалардың зарядталған ұштары сыртқа қарайды. Сонымен қатар, қабықтың құрамына фосфолипидтер мен холестеринмен ковалентті емес байланысқан белоктар – апопротеиндер кіреді. Апопротеиндер липопротеидті бөлшектердің құрылымын сақтайды және олардың липопротеидті рецепторлармен әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Қан айналымында липопротеидті бөлшектер бір-бірімен үстіңгі липидтер мен апопротеиндер алмасады. Апопротеиндер липопротеиндердің "визит карточкасы" ретінде қызмет етеді, өйткені әртүрлі жасушалардағы липопротеиндердің рецепторлары тек белгілі бір апопротеиндерді таниды.
Липопротеидті бөлшектердің тығыздығы апопротеин / липидтердің қатынасы арқылы анықталады: бұл қатынас неғұрлым үлкен болса, тығыздық соғұрлым жоғары болады. Электрофорезде жылжуы апопротеиндер мен полярлы липидтердің мөлшерінен тәуелді.
Липопротеиндерді олардың тығыздығына (ультрацентрифугалау арқылы бағаланады) және электрофорез кезінде жылжуына байланысты бірнеше кластарға бөледі. Қан плазмасының липопротеин спектрін анықтау медицинада атеросклерозды диагностикалау үшін қолданылады.
Қандағы әртүрлі тығыздықтағы липопротеиндердің құрамын анықтау кезінде оларды әдетте электрофорез әдісімен бөледі. Бұл жағдайда ХМ стартта қалады (γ-глобулиндерге ұқсас), β-ЛП, пре-β-ЛП және α-ЛП, сәйкесінше β-, α1 және α2 глобулиндердің орнын алады. Егер қанда β-глобулиндердің (ТТЛП) мөлшері жоғары болса, бұл холестериннің тіндерге жиналуын білдіреді (атеросклероз дамиды).
Аш қарынға алынған қанда тек ТӨТЛП, ТТЛП және ТЖЛП болады, ал басқа липопротеиндер (хиломикрондар, хиломикрондардың қалдық компоненттері, сондай-ақ ТАЛП) тамақтан кейін немесе липидтер алмасуының бұзылуында ғана анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |